Баяндама
Тақырыбы:
«Рухани адамгершілікке тәрбиелеудегі
ойынның маңызы»
Адамгершілік-
бұл рухани тәрбие.Адамгершілік адамзат
баласының бойындағы ең асыл,ең қасиетті
ұғымдардың бірі.Бұл қасиет адамды
адалдыққа,мейірімділікке,елін отбасын
сүюге бағытталады.Балаларды рухани
адамгершілікке тәрбиелеу,болашағына
жол сілтеу бүгінгі күннен басталады.Сондықтан
балаларға балабақшадан бастап,мейірімділікке
адалдыққа үйрету қажет.Балабақшадағы
негізгі міндет,балалардың жақсы әдет,
мінез-құлқын қалыптастыру.Баланың
сезіміне,ойына әсер ету арқылы ішкі жан
дүниесін ояту нәтижесінде оның
рухани,адамгершілік қасиеттері
байқалады.Жаңа кезеңдегі жаңа дамыған
мемлекет қатарындағы балаларды тәрбиелеу
жас мамандардың қолында. «Адамгершілікке
тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана
үлгісі»-деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай
құнды қасиеттерге ие болу,рухани бай
адамды қалыптастыру баланың туылған
кезінен бастау алуы қажет.Мектепке
дейінгі балаларда адамгершілікке
қалыптастыруда оқу қызметі барысындағы
ойындардың ерекше маңызы зор.Ойын арқылы
бала қоршаған ортасына бейімделеді,өтілген
тақырыпта түрлі ойындар арқылы
түсіндіріледі.Мұның бәрі адамгершілікке
бағытталады.Балалар ойын арқылы өздерінің
бойындарды адамгершілік қасиеттерді
ұғына алады,Бала ойын арқылы түрлі
амалдарды тауып,іздестіріп,қиындық
жолдарын шешуге дағдыланады.Халқымыз
«баланы ойын өсіреді» деген сөзді бекер
айтпаған.Бала ойнап жүріп,ойланады,жүйкесі
тынығады,денесішымырланады.Өздерінің
достарымен араласуды үйренеді.Ең бастысы
ойын баланы жан-жақты дамытып,өзі шешім
қабылдай білуге үйретеді.
Адамгершілік
тәрбиенің,адам бойында болуы,ол жақсы
қасиеттердің болуы.Бала ісінің дұрыс
екенін қоштап,оң бағыт беріп,теріс жерін
жөндеу,қолдау көрсету ата-ана мен
тәрбиешіге жүктелген міндет.
Адамгершілікке
тәрбиелеуде тәрбиеші түрлі ойындар
арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді
ұғындыра алады.Ойын арқылы бала
жан-жағындағы достармен жақсы қарым-қатынас
жасап,қоршаған ортасына жақсы бейімделеді.