Баяндама Рухани жаңғыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,
Барысы:
1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық
.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сынып сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Еліміздің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған.

Мағынаны таңдау.

1.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

2.Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге деген ыстық сезім;

Ата- баба өсиетіне адал болу;

Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Ана тіліне деген құрмет;

Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын құрметтеу;

Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті сыйлау;

3.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция күні? – (30 тамыз)

4.“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

Біздің Отанымыздың табиғаты өте бай. Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі