Материалдар / Баяндама «Рухани жаңғыру» - балабақшадан басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Рухани жаңғыру» - балабақшадан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
1496
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» - балабақшадан басталады



Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан №38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасының барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері мен тәр­биеленушілері де өз үндерін қосып, белсенді жұмыс атқарып келеді.

Рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырла­рының бірі. Сонымен қатар, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындау мақсатында №38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасында көпте­ген жұмыстар жүргізіліп, балалар­дың сапалы  білім алуына, маман­дардың жаңа технологияларды білім беру жүйесінде қолданып, күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануда.

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында, мекемеде жыл бойы «Рухани жаңғыру» аясында  көптеген ертеңгіліктер өтіп, ашық оқу іс-әрекетін де көр­сетілді. Атап айтсақ, ересек «Балдаурен» тобы «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыпта, ортаңғы «Балдырған» және «Жұлдыздар» топтары «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты тақырыпта тақырыптық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар,  2-ші кіші «Айгөлек» тобы «Ана-тілім-ата-бабам мұрасы» атты ертеңгіліктер және ересек тобы «Ғажайып түс көрген патша» ертегі желісімен алынған ертеңгілікті арнап өткізсе, осы ертеңгілікте бала тәр­биесіне қатысты барлық топтар «Ертегілер әлемі» атты көрмесін ұйымдастырды.

Бүлдіршіндердің бойына салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау мақсатында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік-іс-шара өткізілді.

Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу барысында, жыл сайын мамыр айында «Достық шаңырағында», «Біз еліміздің ұланымыз», «Ерлігі үлгі бабалар» атты мерекелік іс –шаралар өткізуі дәстүрге айналды.

Балабақшамызда 1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Тәрбиешілер балалармен әр-түрлі ойындар ұйымдастырып, эстафеталық жарыстар өткізіп, көк аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында әр топтың балалары «Біз бақытты балдырған» - тақырыбында асфальтта сурет салды.

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбымен апталық өтті. Шараға барлық топ тәрбиешілері атсалысты. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай түрлі тақырыптық кештер өткізді.  «Үш тілде де сөйлейміз» атты ойын-сауық кешінде бүлдіршіндердің үш тілде өнерлерін көрсете білді. 
2017 жылдың қараша айында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атаналармен "Отбасы дәстүрі" фестивалін ұйымдастырылды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Қайыржан Құрман Еслямбекұлы балабақша ережесі бойынша қызықты да, көңілді эстафеталар өткізді. Балалар әкелерімен бірге ойындарға белсене қатысып, әр отбасы жүлделі орындарға иеленді. Ата-аналар өткізіліп отырған шараның жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны мен оның маңызы тура­лы кеңінен әңгімелеп, осы тұрғыда жүргізіліп жатқан іс-шаралардан жақсы әсер алды.

Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер беру негізінде балабақша педагогтары «Асыл мұра», «Киіз үй жабдықтары», «Балалардың өмірі - ұрпаққа өнеге», «Бақытты балалық шақ», «Менің елім-Қазақстан», «Менің отбасым» атты ата-аналармен бірлесе отырып көрмелер ұйымдастырды.

Сондай-ақ, «Отбасы құндықтарын насихаттау және отбасылық тәрбиедегі әке рөлін арттыру бойынша ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Әке көрген оқ жонар» атты қалалық байқауына қатысып ата-анамыз Дәулетбек Тлеубек 3-ші дәрәжелі дипломға иеленді. Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі үштілдік – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн коференциясына қатысқан үшін мекеме тәрбиешілері сертификатка ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отаным-тағдырым» қалалық ЭССЕ байқауы және ҚР-дың Тәуелсіз Күніне арналған «Менің елім-Қазақстан» атты қалалық шығармашылық байқауларына қатысып балабақша тәрбиешілері мадақтамамен марапатталды.

Көкжиектен ауыт­қы­май, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағын­дырайық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!