баяндама "Рухани жаңғыру " бағдарламасы және тәрбие жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама "Рухани жаңғыру " бағдарламасы және тәрбие жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге, Қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге баса назар аударылғаны мәлім. Мұнда ол басты мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі саяси және экономикалық жаңаруларды толықтырып қана қоймай, солардың өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе қаласы

М.Мақатаев атындағы

73 жалпы білім беретін орта

мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Г .Н.Ахметова

Оқушыларға білім мен тәрбие беру үдерісінде «Рухани жаңғыру » бағадарламасының маңызы

Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге, Қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге баса назар аударылғаны мәлім. Мұнда ол басты мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі саяси және экономикалық жаңаруларды толықтырып қана қоймай, солардың өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті. Туған жер, патриотизм, өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне ел­жан­дылықпен атсалысу, Қазақ­стан­ның қасиетті рухани құнды­лықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру жұмыстарын білім беру ісі мен ғылым саласы өкілдерінің қызметінсіз көз­ге елестету еш мүмкін емес дер едік. Аталған бағдарламаның мектеп оқушыларына білім мен тәрбие беру үдерісінде маңыздылығы іс –тәжірибемізде көрініп келеді. Елдегі оң өзгерістер ,білім беру ұйымдарындағы білім беру мен тәрбие қызметінің жүйесінен тауып келеді. Қазақстандық потриотизмнің ,азаматтықтың , руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну ,адамгершілік бағдарлы әлеуметтік белсенді ,үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени , ұлттық- тарихи дәстүрлерін ескере отырып, рухани- шығармашылық әлеуетін жаңғырту жағдайлары жасалуда.

Рухани жаңғыру дегеніміз бұл- адамның сана-сезімі мен ішкі дүниесінің жаңаруы, жаңа өзгерістерді жан-тәнімен қабылдауы деп есептеймін.Менің ойымша, «рухани жаңғыру» өркениетпен бірге көтеріліп, онымен қатар жүріп дамуы тиіс.Тарихқа көз жүгіртсек өскен ұлттың одан әрі дамып,өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру» себеп болған. Бағдарламада тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

   Рухани жаңғыру және білім беру ісі дегенде «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты жобаны атамай кетуге болмайды. Оқушыларға мектеп кітапханасымен біріге отырып, оқуға тиісті 100 кітап тізімі жасалып , оқып танысуға тапсырма беру арқылы оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани жан дүниесін кеңейтуге ықпал жасалынады. Оқу бағдарламаларында қамтылған Өлкетану жұмыстары бойынша оқушыларға өз өлкесін, туған жерінің табиғаты мен етен танысуға , патриоттық сезімін оятуғка бағытталған жұмыстар., тарихи ескерткіштерге саяхат, өлкетану мұражайларына саяхат сынды тюб жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сондықтан да мұны ел Пре­зи­денті: «...бұл білім беру сала­сында ауқымды өлкетану жұ­мыс­тарын жүргізуді, экология­ны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көз­дейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқу­дан көрініс тапса игі»  деп орын­ды ескер­теді.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала негізінде аласында «Рухани Жаңғыру »бағдарламасы аясында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері » бағдарламасын басшылыққа ла отырып, жүзеге асыру мақсатында ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жастарды тәрбиелеу, қоғамның ұстазға деген құрметін арттыру, балалар ұйымдарының жұмыстарын жетілдіру, жастардың жанжақты қабілетін дамыту, туған елге, туған тілге, туған жердің табиғатына сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихи мұралар мен өлкетану жүргізу, кітап оқуға құштарлықты арттыру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында мектебімізде көптеген жұмыстар жүргізілді. Мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Жоспар 8 бағыттан тұрады:

І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

ІІ. Рухани –танымдық тәрбие

ІІІ. Ұлттық тәрбие

ІҮ. Отбасы тәрбиесі

Ү. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

ҮІ. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

ҮІІ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

ҮІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Өзін-өзін басқару ұйымдарының жұмыстары жүргізіліп келеді. Оның ішінде атап айтар болсақ, ең алдымен «Жасұлан »республикалық жасөспірімдер мен қоғамы, «Жалын »еріктілер клубы, қыз балалаларға тәлім -тәрбие беретін «Сымбат »қыз балалр клубы , оқушылардың арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында «Тәртіп сақгылар командасы » жұмыс жасап келеді. Аталған клубтардың жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс түрлері ұйымдастырылп келеді. Мектебіміздің ашылғаны да екінші оқу жылы болса да оқушыларды бір арнаға тоғыстырып, ұйымдастырып келміз. Біз үшін бұл –үлкен жеңіс деп айта аламын.


Туған елге тағзым

Робототехника

ТЕД-«Таратуға тұрарлық идеялар» корференциясы

Өзін-өзі тәрбиелеу тұжырымдамасы


Қорыта айтқанда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасының іс-шараларын жүзеге асыру жұмысы оқу-біліммен, ғылыммен тығыз байланыста ат­қарылатын жүйелі үдеріс. Мұны күн­делікті өмір тәжірибесі көр­сетіп келеді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2021
677
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі