400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Рухани жаңғырудың бала өміріндегі рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: "Рухани жаңғырудың бала өміріндегі рөлі" мектепке дейінгі мекемеге арналған. Рухани жаңғыруды әр адам өз санасына, білімне, ақыл-ой кемелдігіне, еңбегі мен тергеніне байланысты әр қалай түсінеді. Менің тәрбиешілік еңбегіме байланысты рухани жаңғыру баланы тәрбиелеу мен білімнің көзі болып саналады. Бала өміріне ерекше мән берген қазақ халқы «Ел болам десен, бесігінді түзе»- деп, баланың тәрбиелеуді бесіктен бастауды жөн санаған. Бесіктен басталған тәрбие мен білім баланың өмірілік жолының басты бағдары. Өмірдің басты бағдары – рухани бағытта болса бала адамгершілік пен білімділіктің асқар шыңына жетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ

Автор: Сауырбай Гульназ

Атқаратын қызметі: ІІ санатты тәрбиеші

Білімі: орта арнаулы

Мекеме атауы: Чернорецк ауылы МҚКК «Ақ бота» сәбилер бақшасы

e-mail почтасы: gulsay01@mail.ru

Рухани жаңғыруды әр адам өз санасына, білімне, ақыл-ой кемелдігіне, еңбегі мен тергеніне байланысты әр қалай түсінеді. Менің тәрбиешілік еңбегіме байланысты рухани жаңғыру баланы тәрбиелеу мен білімнің көзі болып саналады. Бала өміріне ерекше мән берген қазақ халқы «Ел болам десен, бесігінді түзе»- деп, баланың тәрбиелеуді бесіктен бастауды жөн санаған. Бесіктен басталған тәрбие мен білім баланың өмірілік жолының басты бағдары. Өмірдің басты бағдары – рухани бағытта болса бала адамгершілік пен білімділіктің асқар шыңына жетеді. Қазіргі таңда заманауи технологиялық, әр тілділік білім көздері балаға керек екені, берері мол екенін жоққа шығара аламаймын. Алайда, дәстүрмен дәріптеліп рухани санада берілетін білім мен тәрбиенің орының ешнәрсе алмастыра алмайтыны сөзсіз.

Елбасымыз: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауында, «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»-деп атап көрсеткендей дәстүріміз мен тіліміз рухани жағынан дамып, жетілуі керек. Біздің балабақшада жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат – отансүйгіш, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, ұлтжанды азаматты тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі білім беруде рухани құндылықтары бере отырып жас тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Рухани жаңғыру аясында балабақшамызда әр топтың ата-аналары мен балалар бірлесе отырып қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінінен қойылымдар қойылды, басқа топтар келіп тамашалады. Әр топта рухани жаңғыру бұрыштары ұйымдастырылды. Бұрыштар ата-аналар мен балаларды бірлескен, топта балалар жасаған ұжымдық шығармашылық жұмыстармен безендірілді. Балалабақшада педаготар балаларға рухани жаңғыру бағытында көркем шығармалар, ұлттық бейнефильмдер мен мультфильмдер және слайд түрлерін көрсетті, бірлесе отырып шығарашылық жұмыстар ұйымдастырылды.

Бүгінгі жаһандану заманы мен өмір ағымына байланысты салт-дәстүрлеріміздің ұмыт бола бастауы кімді болсада алаңдатпай қоймас. Ал, рухани жаңғыру ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерімізді қайтадан жаңғыртып, өткен күнмен мен бүгінгі күнді жалғасытырып тұрған көпір іспеттес. Көпір жолының сара даңғыл жолы мектепке дейінгі мекемеден бастау алады. Рухани жаңғыру жобасы басталғаннан бері балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін құндылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп көрсеттік. Балаға бірден салт-дәстүр туралы суреттен көрсетіп айтып берсек оны түсінбеуі мүмкін, алайда сол дәстүрлерді өз көзімен көрсе, кейіпкер ретінде қатыса түсінігі қалыптасады.

Бала бойына рухани құндылықтарды сіңіру, қазақтың салт-дәстүрін сақтау және насихаттау балабақшадан басталады. Балабақша дәліздері, топ бөлмелері ұлттық нақышта ою-өрнектермен, ұлттық бұйымдармен заман талабына сай безендірліуі керек. Бала көріп және біліп жүретін болады. Сонымен қоса, ұлттық аспаттар мен күйлердің алатын орыны да ерекше. Күнделікті бір арнайы уақыт бөлініп балаларға ұлттық аспатардан музыкалық әуендер мен күйлерді тыңдатсақ нұр үстіне, нұр болады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын педагогтар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Сол білімділерді тәрбиелеп, алғашқы білім уызын беру-біздің яғни балабақша педагогтарының басты міндеті деп білемін. Балаға рухани жағынан білім беріп тәрбиелеу үшін ең алдымен педагог өзі рухани білімді болуы керек. Рухани жаңғырудың не екенін жетік түсініп, білген адамда сол туралы түсінік қалыптасып, сол арқылы ғана сәбилерді рухани жағынан жаңғырта алады.

Рухани жаңғыруды салт-дәстүрімізді дәріптеудің басты көзі болғандықтан жыл сайын балаларды тәрбиелеп дамытудың бірі технологиясы ретінде қолдануымыз керек. Біз жаңғыру жолында атадан балаға мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта жаңғыртуымыз басты бағытта болғаны жөн. Балабақшада балдырғандардың бойына осындай ұлттық ізгі қасиеттерді сіңіріп өсіруіміз керек. Балаға кішкентайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, салт-дәстүрімізді көзбен көріп ғана рухани болып өседі. Салт – дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ. Баланы заман талабына сай білім беріп дамытсақ та, рухани жағынан салт-дәстүрмен сусындатып тәрбиелеуіміз керек.

Пайдалаған әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

2. Сыдыкова Ш.Т. «Рухани жаңғыру» мақаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі