400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама. "Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер."

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу барысында ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер.

«Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу». (Конфуций)

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Барлығы тікелей білім - ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру мәселелері жиі көтерілуде.Барлығымыз сабақ беруге бірден кірісе алмаймыз. Өйткені, ойымызда қаншама нәрсе болады. Балаларға қалай ынтымақтастық атмосферасын туғызам, оларды қалай топқа бөлем, олар ойланып бірге жұмыс жасайтындай тапсырмаларды қалай жасаймын деген ойлар мазалайды. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізсек ,оқушы сабаққа қызығушылық танытып өзіне қажетін алады.Әдіс-тәсілдерге тоқталмас бұрын оның қандай ұғым білдіретінін айтып өтейін.

Әдіс , метод (гр. ,methodes  зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады. Әдіс - 1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

Тәсіл 1. жалпы немесе жеке педагогикалық мәдениетте бекітілген тәрбиелік технологиясының салыстырмалы аяқталған элементі; белгілі бір жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттер әдісі; 2. әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам

«Маған айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде қалады, өзіме істетсең – сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып, біз өзіміз оқушының рөлінде отырып сол оқушыға бағыттай отырып, көздеген мақсатымызға жетуіміз керек.

«Суреттер сөйлейді» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту.

Тиімділігі:Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады.

Тапсырма.

1-топ.Мақал-мәтел

2-топ.Өтірік өлең

3-топ.Ертегі құрастырып,сахналау





«Бес саусақ» әдісі Кері байланыс

Мақсаты:Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Тиімділігі: Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – көңіл-күй ахуалы

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек –ойлану

Қолданылуы:Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



«Дауыстап ойлау» әдісі

Мақсаты:Оқи отырып ой түю, ой бөлісу

Тиімділігі: Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

Қолданылуы: Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.Диалогтік оқытуға жатады жаңа сабақты түсіндіру барысында қолданылады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
5179
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі