жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Сабақтағы сараланған оқытудың маңызы"
Қ. Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ
Баяндама
Тақырыбы:
«Сабақтағы сараланған оқытудың маңызы»
Дайындаған: Физика және информатика пәні мұғалімі Туребекова К.Т.
2019 жыл
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан - жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Бүгінгі дайындап келген баяндамамның тақырыбы «Сабақтағы сараланған оқытудың маңызы»
Мақсаты: Оқытуды саралау тәсілдері арқылы физикалық білім мазмұнын меңгерту.
Саралап оқыту дегеніміз не? Саралап оқыту неге маңызды? Оқыту үдерісінде оқушыларды саралап қалай оқытуға болады?
Олай болса оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктерімен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру.
Саралап оқыту дегеніміз – оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттерді ескеріп дайындалған оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны. Әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактикалық жүйенің бір бөлігі.
Сабақтағы сараланған оқытудың маңызы неде?
Талап ету және оқу сызбасы бойынша, оқу үдерісінде оқушылардың өте қатты қобалжу мен зерігу сәттері кездеседі. Қобалжу – мұғалім оқушыдан тым көп нәрсені күткенде, ал зерігу оқушыға өте аз ұсынғанда пайда болады.
Жағымды аспектілері – мұғалімде әлсіздерге көмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік болады. Қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Мықты оқушылардың білім беру үдерісіндегі жылдам және тереңінен білім алуға деген ынталары жанданады, деңгейі артады. Мен - концепциясы: мықтылар өз қабілеттеріне көз жеткізеді, әлсіздер оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес комплекстен арылады. Оқуды ынталандыру деңгейі артады, топта бірдей бала жинақталса, балаға оқу жеңіл болады.
Оқыту үдерісінде оқушыларды саралап қалай оқытуға болады?
Кэрол Анн Томлинсонның зерттеуі бойынша мұғалімдер саралап оқытуды төрт жолмен жүргізе алады:
Мазмұн бойынша: Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін ұйымдастыруы керек.
Үдеріс бойынша: Оқушыларды ақпаратты қабылдау қабілеттеріне қарай визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету, аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату, кинестетиктерге тапсырмаларды өздеріне жасап көруге мүмкіндік беру.
Нәтиже бойынша. Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді игерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс жасаудан гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойланғандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.
Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған 7 тәсілі бар:
Тапсырма;
Дереккөз;
Қарқын;
Қорытынды;
Жіктеу;
Диалог және қолдау көрсету;
Бағалау.
Ондай болса физика сабақтарында оқытуды саралауды, тапсырма тәсілі арқылы қарастырайық. Тапсырма тәсілі нені қарастырады. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе, түрлі кестелер мен немесе жаттығулармен тапсырмаларды жасау күрделілігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады.
Сабақтың басты міндеті оқу мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады және сабақ жоспары осы оқу мақсатының төңірегінде құрылады. Сараланған сабақ мақсаттары да, одан туындайтын бағалау критерийлері мен тапсырмалары да оқу мақсатын жүзеге асыру үшін құрастырылады. Сабақ мақсаттары (барлық оқушылар, оқушылардың басым бөлігі және кейбір оқушылар) оқушылардың танымдық деңгейлеріне қарай қойылады. Демек, Блум таксономиясының санаттары арқылы жүзеге асырылады.
Мысалға 7 сыныптағы «Гидравликалық машинелер» тақырыбын алайық. Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:
7.3.1.7 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттай алады
Көптеген оқушылар істей алады: Гидравликалық машинаны қай жерде қолданатынын біледі,есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар істей алады: тәжірибе жасап,жұмыс істеуін түсіндіре алады
Оқыту әрекетінің саралау тәсілдері оқу тапсырмасы мазмұны бойынша және әрекетті ұйымдастыру бойынша жүргізіледі. Оқу тапсырмаларының мазмұны бойынша саралауға болады, яғни шығармашылық, қиындық және көлемі бойынша. Гидравликалық машинаның жұмыс істеу принципін сипатта деп сұрайтын болсақ ол репродуктивті болып есептелінеді, ал оны зерттеп, жоба жұмысын жаса дейтін болсақ, бұл шығармашылық деңгейдегі тапсырма болып табылады. Бұл жағдайда оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу мотивоциясының қалыптасуына әсер етеді. Тапсырмалардың нұсқалары: қиындық деңгейі шығармашылық деңгейі көлемімен ерекшеленеді. Бірінші нұсқа негізгі тапсырма , екінші нұсқа көлемі үлкендеу тапсырма , үшінші нұсқа шығармашылық тапсырма. Мұндай тапсырмаларды : «Қызық, қиын, құнды», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Құрастыр сосын жауап бер» т.б. белсенді оқыту арқылы қарастырса тиімді болары анық. Олай болса саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әртүрлі оқитындарын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Әдебиеттер
1. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп окыту). 2002, 27 б.
2.Жампеисова М.М. Технология модульного обучения. Актобе, 1999, С.129
Н.Б.Жакыпова. Физика пәнін оқытуда саралау тәсілін тиімді қолдану. https://www.youtube.com/watch?v=_bqj6jxXRsQ
М.Жұмабаев. Педагогика. 1922 жыл, 15 сентябрь, Қызылжар. https://qamba.info/site/book/online/maghzhan-zhumabaev pedaggika/content/content_1.xhtml/
Қ. Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама:
Сабақтағы сараланған оқытудың маңызы
Дайындаған: Физика пәнінің мұғалімі
Туребекова Карлыгаш Турегалиевна
2019 жыл, тамыз
9
сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын
қайталау мақсатында өткізген сабағымның
құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп
оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр
топқа осы тақырып бойынша деңгейлік
тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мынадай
сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс
принципі, физика заңдылығының
жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар
беремін.
1. неге жер күнге құлап
түспейді?
2. жердің өз осінен айналуының
пайдасы мен зияны
3. Қай жерде салмақ
артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде:
есептер шығарылады: өте жақсы оқитын
оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы
оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға
С белгісіндегі есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде:
жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың
Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен
Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық
есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген