Баяндама. "Сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама. "Сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түркістан Облысы Ордабасы ауданы «Ынтымақ» ЖББМ

бастауыш сынып мұғалімі


Кулимбетова Қарлығаш Абубакировна


САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігінің бір көрсеткіші — сабақты тиімді жоспарлау. Сабақ жоспары – мұғалім мен оқушы арасындағы білім беру үдерісінің жүйелі ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін құрал.

Сабақ жоспары нақты оқу мақсаттарына негізделіп, оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп құрылуы қажет. Жоспарланған іс-әрекеттер оқушының танымдық белсенділігін арттырып, дағды мен қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс.

Сабақ жоспары үш кезеңнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Әр кезеңге уақыт бөлу, тиісті әдіс-тәсілдерді таңдау – мұғалімнің педагогикалық шеберлігін көрсетеді. Сонымен қатар сабақта қалыптастырушы бағалау, пәнаралық байланыс және кері байланыс әдістері қолданылуы маңызды.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.


Shape1


Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.

Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтап топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;

Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;

Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:

Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:

оқушыға бағытталуы тиіс;

белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.

Shape2


Екінші бөлімі сабақтың кезеңдерін Блум таксономиясына сала отырып мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері көрсетіледі. Блум таксономиясының білімді игеруге бағытталған алты қадамын қолдану сабақ кезеңдерін жоспарлауда өте тиімді.

Shape4 Shape3



Қорыта айтқанда, тиімді жоспарланған сабақ – сапалы білімнің негізі. Бұл оқушының оқу жетістігіне де, мұғалімнің кәсіби дамуына да оң әсер етеді

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2014 жыл)

  2. Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2014 жыл)

2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2025
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі