400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы №51 гимназия

Информатика пәнінің мұғалімі Исбулатова Самал Жанболатқызы САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ

«Үнемі іздену ғана нағыз

тұлғаны қалыптастырады»

Білім берудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік білім мен қаруланған, шебер мұғалім қажет. Сондықтан қазіргі талап бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оята білуі тиіс. Осыған байланысты мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі - жаңартылған бағдарлама бойынша жоспар құруынан басталады.

Өздеріңізге мәлім бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек.

Осыны ұйымдастыр үшін мұғалім төмендегі сұрақтар аясында ойлан керек:

Оқушылар не қалайды?

  • Оқушы осы сабақта нені үйренеді?

  • Алған білімдерін өмірде қолдана алама?

  • Материалды барлық оқушы жетік меңгеру үшін мен не істей аламын?

Сонымен осы сұрақтар ды жүзеге асыру үшін сабақтың ең негізгі болімі ол SMART мақсаттыдұрыс, нақты қоя білуден басталады.

Ал сабақ мақсаты дегеніміз не? Сабақ мақсаты бағдарламаға сай жалпы оқу мақсатынан алынады. Оқушының, сыныбыңның жас ерекшелігі мен қабылдау денгейіне байланысты бір сабақта қол жетімді, нақты, өлшенетіндей, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет. Осындай сабақты құру үшін мұғалімге ең алдымен көмекке келетін бұл: Блум таксономиясы. Сабақ мақсатын құруда Блум таксономиясына сүйене отырып құру дың тиімділігі неде? Бұл оқу мақсатының қандай (білу, түсіну, қолдану яғни жоғар) деңгейде екенін анықтап береді , сабақ мақсатын одан шығатын бағалау критерилерін дұрыс жоспарлауға, құруға мүмкіндік береді. Сондай ақ, сабақ барысыда тақырыпты ашып алғаннан кейін оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру оқушылардың нені игеру керектігін жүйелейді. Мысалы:

Сабақ тақырыбы:

Таңдау операторы (Рython программалау ортасында)

Оқу мақсаты:


8.3.3.1 таңдау және шартты операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (блум так: қолдану деңгейі)

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

Таңдау және шартты операторларын ажырата алады,мысалдар келтіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Python ортасында if- elif -else операторларын қолдана отырып программа құра алады.

Кейбір оқушылар:

Программалар құруда басқа оқушыларға көмектесе отырып, өмірмен байланыстыра алады

Бағалау критерийлері


  • Таңдау және шартты операторларын мысалдар келтіреді;

  • if- elif -else операторларының ерекшеліктерін қызметін айтады;

  • Таңдау және шартты операторларына есептер шығарады.

Енді осы мақсатқа жету үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Яғни, тапсырма оқушыға бағытталуы керек, ол тапсырманы орындау үшін және білім алушы өзін-өзі реттей отырып, білімді дұрыс бағытта игеру үшін әр тапсырмадан кейін дискрипторлар ұсынылып, қалыптастырушы бағалау жүргізіп отыру қажет. Мұғалім әр тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс. Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың ,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып табылады.

Ал сабаққа кіріспес бұрын, мұғалім сабақты ұйымдастыру кезеңінде тақырыпты ашатындай немесе алдыңғы білімдерін пысықтау барысында ынтымақтастық атмосферасын баланың назары басқаға бөлінбейтіндей етіп ерекше ұйымдастыруы шарт. Сондай – ақ сабақтың әрбір кезеңі бір бірімен үздіксіз байланыста болуы керек. Бұл оқушылардың білімді еш кедергісіз қабылдауға, барлық назарды сабаққа аударуға жағдай жасайды, және мұғалімнің шеберлігін шыңдай түседі. Мысалы:

Сабақтың барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

ресурстар

Сабақтың басы

5 мин








5 мин

Оқушылармен амандасып сынып тізімін тексеріп аламын:

Қызығушылықты ояту және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Ойымды аяқта» сергіту сәтін ұйымдастырамын: Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, әр оқушы көршісіне: « егерде сен... мұғалім немесе т.б маман иесі болсаң...» деп шарт қояды, көрші тұрған оқушы «онда мен....» деп өз әрекетін айтып таңдау жасайды. Осылайша соңғы оқушыға дейін жалғаса береді. Кейін шарт қоюшы оқушылар бір топқа, таңдауын айтқан оқушылар екінші топқа топтасып отырады.

1 топ- «if- elif –else»

2 топ- «case n of»

ІІ.Сабақтың тақырыбын сергіту сәтінде ұйымдастырылған және топқа бөлінген түйін сөздердің қандай қатысы бар екендігін сұрап, оқушылардың ойларын тыңдау арқылы ашып аламын.

Кейін сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.

Презентация






Слайд 2







Слайд 3

Сабақтың соңында мұғалім өз сабағына рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстары неліктен сәтсіз болғандығын саралап, оларды қалай жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді.

Бұдан шығатын қорытынды «Ұстаздық  еткен  жалықпас  үйретуден  балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Сондықтан

Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болады өйткені әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына бағытталуы тиіс.

Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
1974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі