15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Сайқын ауылы тарихы"
«Табиғатты аяла» тақырыбындағы аудандық форумында 5 сынып оқушысы Манасова Раданың “Сайқын ауылының тарихы” атты баяндамасы
Қайырлы күн құрметті «Табиғатты аяла» атты аудандық форумға қатысушылар! Бүгінгі күнге менің таңдаған тақырыбым “Сайхын ауылының тарихы” . Ендеше өз тақырыбымды баяндамаммен таныстыруға рұқсат етіңіз .
Ауылдың алды айдын көл,
Айдын көлде шағала,
Айдын көлді жағала
Айнала қонған қалың ел.
І.Жансүгіров
«Бір
әңгіме қозғайықшы ауыл жайлы, Одан артық
әңгіме табылмайды»,-деп МұқағалиМақатаев
жырлаған-дай,ауыл жайлы әңгіме ерекше
тербеніске толы әңгіме.
Жоғарыда
ақын жырлағандай, әрбір қазақ баласының
жүрегінде жатталған қасиетті бойтұмардай
ұғым бар. Ол - әрине ауыл.
«Алға
қарайтын кез келді.Іске кірісер кез
келді.Ерік-жігерімізді танытатын
кезкелді!»,-деп Елбасымыз ауыл халқына
үндеу тастады. «Ел боламын
десең,бесігіңдітүзе»,-деп ұлы Мұхтар
атамыз айтқан екен. Елбасымыз Нұрсұлтан
басшыларды,Абай, Ыбырай, Әлихан сияқты
азаматтарды да туған алтын бесік ол –
ауыл.
Таланттар
ауылда туып,қалада өледі деген сөз
бар.Бұл біздің түптамырымыз ауылдың
құрметіне сай айтылған сөздеп ойлаймын.Ауыл
кешегі он жасқа дейін бір ауыз орысша
білмей-ақ,он алты жасында әлемге әйгілі
бола бастаған Шоқандарды туған.
«Туған
жер» бағдарламасы – отансүйгіштікке
тәрбиелеудің тиімді құралы болып
есептеледі.Елбасымыз таяуда жарияланған
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық сипаттағы мақаласында
«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды
ұсынды .Мемлекет басшысы отансүйгіштік
сезімнің кіндік қаның тамған жеріне,
өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни
туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен
басталатынын қадап айтты. Сол бағдарламаға
сәйкес менің кіші отанымның қысқаша
тарихын қорғап шығуға рұқсат етіңіз
Сайқын – Бөкей ордасы ауданының орталығы.Бөкей ордасы ауданының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Тарихшы Е. Койшыбаевтың пайымдауынша, Сайкан немесе Сайкын атауы екі түрлі болып жазылғанымен бір мағына береді.Бұл сөз «сайкан» желінің атымен байланысты болуы мүмкін.Дегенмен бұл түсінік шындыққа жанаспайды, себебі «сайканны» желі Қазақстанның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс бөлігіне тән.(Жоңғар қақпасы) . Өлкетанушы А.Абдрахманов «Сайқын» атауы қалмақтың «сэйхи» - «әдемі» сөзінен шыққан деп есептейді.
Тағы бір деректерде, моңғол тілінде «сайхан» сөзі «әдемі, әсем, талғамды» деген мағынаны береді.
Түрік тілінде «сайқын» сөзі «ашық, кең жер; ауыл, кең жердегі қыстау; кең дала». Осыған қарай отырып « Сайқын» сөзі– «кең даладағы ауыл» деген мағынаны береді дегенге негіз бар .
Сайқын ауданның ең көлемді ауылы. Бұл жерде әкімшілік ғимараттар, аудандық аурухана, балалар және қоғамдық кітапханалар, екі орта мектеп, колледж, балабақша және т.б орналасқан.
ҰОС Сталинград майданы кезінде ауыл неміс авиациясы тарапынан жиі бомбалауға түскен болатын.
Сайқын ауылы ескеркіштер мен ғимараттар жеткілікті. Солармен қысқаша таныстырып өтсем.
Келесі суретте Қару аманаты саябағы, қазақта аманатқа қиянат жасалмайды деген ұғым бар.Ендеше бұл көрініс соның дәлелі болса керек. Қаруды жас жауынгерге табыс ету сәті.
2015 жылы 9 мамырда Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы
ардагерлеріне құрмет көрсету бағытында жасақталып ашылды. Бұл саябақта сонымен қатар 25 Социалистік еңбек ері, солдаттардың есімдері бар тақта, Кеңес одағының батырлары мен халдық қаһармандары бюсті орналасқан.
Атап айтсақ:
Мәншүк Мәметова -1922 ж-1943ж Бөкей Ордасы ауданы дүниеге келген. Кеңес Одағының батыры(1944ж)
Темір Масин (1907-1947жж)Кеңес Одағының батыры 1945 ж 24 наурыз
Ахмедиар Құсайынов (1924-1986жж).Кеңес Одағының батыры( 1943ж)
Хиуаз Доспанова (1922-2008жж) Қ.Р-ның Халық қаһарманы
Келесі суретте М.Мәметова ескерткіші.“Ескерткіш боп оралды туған жерге”. М.Мәметованың 95 жылдығына орай Орал қаласынан арнайы өзінің туған жеріне көшіріліп әкелінген Кеңес Одағы батырының ескерткіші.
Келесі суретте Білім нәрімен сусындатқан талай дүлділ таланттарды тәрбиелеп шығарған қос мектеп.
Келесі суретте Күйшілер саябағы. Есімдері аңызға айналған 4 күйшіміз олардың ескерткіштері тек өз жерімізде емес сонымен қатар басқа қалаларда да орналасқан.Мысалы Астана, Семей, Орал қалаларында.Дина Нүрпейісова ескерткіші Түркияның Анкара қаласында орнатылуы жоспарлануда.
Қызыл Тулы Гатчинск 196-шы атқыштар дивизиясы 1942 жылы 400 адаммен Мәскеуге бағыт алған әскери құрама.Сайқынға жақындаған кезде бомбалау астында қалады. Яғни, 1942 жылы 1 қазанда қаза тапқан әскери құрамаға арналған ескерткіш тақтасы. Олардың мәңгілік мекені қазір спорт мектебінің жанындағы парктен орын алды.
Қорытынды
Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым,өстім,есейдім,
Ең далам – анам, мен – балаң.
Ауылымның бұл тарихи шежіресі «Сайқыным - жер ұйығым бесігім» дей келе егеменді ел болғалы еңсемізді ерекше көтерілді, ана тіліміз, салт-дәстүріміз қайта жаңғырды , атамекен атаулары байырғы атауларына қайта ие болып өшкеніміз де , өлгеніміз де қайта тірілуде. Ел жаңарды, жер жасарды, дәуір өзгерді. Еліміз айлап , жылдап емес күндеп көркеюде. Өркениетті , өрісі кең ел қатарына теңелеміз деген қарышты қадам, дүркіреген дәулет, бақ қонған ынтымақ көрші елдерге таңданарлық таңсыққа айналуда. Оған біз тауба деудеміз. 2030 жылға жеткізсін. Оны ұзағынан сүйсіндірсін, ол ең қомақты тарих , нағыз шежіре.
Соның ішінде мақтауға да, тұрарлық ауданымыз, ауылымыз жылдан жылға жанданып , экономикасы өсіп , халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып , жан сүйсіндіруде...
«Бұл тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы бергі тарихи жолын ой елегіне өткізіп, кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз демек. Бұл әрбір азамат туған елімнің , туған халқымның тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарихы қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз» Н.Ә.Назарбаев

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген