жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Сауықтыру және шынықтыру бағытындағы спорттық секциялары"
ТАЛАС АУДАНЫ ҚАРАТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМІ
АППАРАТЫНЫҢ «ӘЙГЕРІМ» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Тәжірибе алмасу
Тақырыбы: «Сауықтыру және шынықтыру бағытындағы спорттык секцияларды
ұйымдастыру жолдары»
Дене тәрбие нұсқаушысы: А.Қ.Ахметғалиева
Қаратау қаласы
ТЕКСЕРІЛДІ
«Әйгерім» бөбекжай
бақшасының әдіскері
________Н.Е.Омарова
«___» «_______» 2019 жыл
Тақырыбы: Сауықтыру және шынықтыру бағытындағы спорттык секцияларды
ұйымдастыру жолдары .
Қазіргі
таңда қоғамның салауаттылығы маңызды
сипатқа ие. «Дені саудың – тәні сау»
деп көне Рим ойшылы Юневал айтпақшы, әр
адам өз денсаулығының кепілі. Сондықтан
өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының
қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оларды
сол жолға тәрбиелейтін іс-әрекеттерді
басты назарда ұстаса, берер нәтижесі
де оңды болары анық. Өйткені қай
қоғамға болсын дені сау, жігерлі де
ширақ, білімді де салауатты ұрпақ,
жан-жақты шыныққан азамат қажет. Ал
дені сау, ширақ та шыныққан ұрпақ
тәрбиелеудің бір ұшығы әрбір бөбекжай
бақшада дене тәрбиесі нұсқаушының
қолында екені сөзсіз. Ұрпақ денінің
саулығы - ұлан асыр байлық, тек оны сақтау
үшін жүйелі де жоспарлы жұмыс жүргізе
білу қажет. Себебі дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұжымдарының деректеріне сүйенер
болсақ, денсаулыққа әсер ететін
факторлардың 50-60 пайызы адамның өмір
тіршілігіне, 20 пайызы тұқым қуалаушылыққа,
20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына,
8-10пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне
байланысты екен. Бұдан шығатын қорытынды,
адам денсаулығын сақтаудың негізгі
бағыты салауатты өмір салтын ұстауда,
соның ішінде дене шынықтырумен жүйелі
айналысуда жатқандығын анық байқауға
болатындығы.Сол себепті бөбекжай
бақшадағы бала денсаулығын сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның
психологиялық және дене қимыл әрекетінің
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін
ескеріп, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға баулу және спортпен
жүйелі түрде шұғылдануға дағдыландыру
болып табылады.Ал спортпен шұғылдануды
тек оқу қызметі процесінде ғана жүзеге
асырып қана қоймай, күнделікті өмірде
де іске асыру дене тәрбие нұсқаушының
міндеті деп білемін. Дене тәрбиесі
бойынша күнделікті өмірдегі жұмыстардың
мақсаты - баланың денсаулығын нығайтуға
көмектесу; ағзаны шынықтыру, балаларды
жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық
оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге
көмектесу; балаларды дене шынықтыру
және спортпен үнемі шұғылдануға
әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу
болып табылады. Дене шынықтыру оқу
қызметі бойынша іс- шараларды ұйымдастыруды
төмендегі бағыттар бойынша жүргізуге
болады:
1. Спорттық секциялар
2.Туризм.
3. Көпшілік мәдени шаралар
4. Отбасылық жағдайы
5. Тренингтер
6. Жазғы сауықтыру шаралар.
Бұл
бағыттардың барлығы да балалардың
спортқа деген қызығушылығын оятатын
шаралар ғана емес, олардың сана-сезіміне
әсер етумен қатар, денсаулығына ықпалы
зор дүниелер болуға тиіс. Сондықтан
дене тәрбие нұсқаушысы осы ұстанымды
өзіне басты мақсат етіп алуы тиіс деп
есептеймін.
Ал
осы жоғарыда айтылған бағыттардың
қамтитын шараларына тоқталар болсам,
оларды былайша саралап көрсетуге
болады:
Спорттық
секциялар: волейбол,
баскетбол, футбол, шахмат, т.б.
Туризм: түрлі
саяхаттар.
Көпшілік
мәдени шаралар:
ұлттық ойындар сайысы, отбасылық спорттық
сайыстар, дене шынықтыру және спорт
мейрамдары.
Отбасылық жағдайында: үй
жағдайындағы жаттығулар,
Тренингтер: спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір қалыптастыруға
бағыттау, денсаулыққа зиянды әрекеттерден аулақтату, дене тәрбиесіне қатысты
білімдерін жетілдіру
бағытындағы шаралар.
Жазғы сауықтыру шаралар: Балалардың денсаулықтарына қарай түрлі
жаттығулар, спорттық ойындар, сайыстар.
Міне осындай шаралар мектепке дейінгі дене тәрбие оқу қызметі түрлі шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі оқу қызметі бойынша жұмыстарды жүргізу арнайы жоспар, бағдарлама бойынша іске асырылуы тиіс, яғни бұл шара бөбекжай бақша меңгеруші бекіткен, заңды құжаттар болуы қажет.Сондай-ақ балалардың жас ерекшелігі, денсаулығына қарай мүмкіндігі ескерілу міндетті болып табылады. Ал енді осы жұмыстарды ұйымдастыруда басты басшылыққа алатын кейбір мәселелерге тоқталар болсам, адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектепке дейінгі жасында (3-6 жаста) жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Спорттық секциялар ұйымдастырылар шаралардың қай-қайсысы да балалардың қалыптасып жетілуіне, санасына, жан-жақты дамуына ықпал ете алатындай болуы шарт.
Дене тәрбие бойынша спорттық ойындардын жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, балалардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Спорттық түрлері әр түрлі болып келеді. оларды таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді. «Әйгерім » бөбекжай бақшасында дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға балаларды көбірек тарту
Балалардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау балалар туризмінің ең қарапайм түрі болып табылады. Олар балалардың денсауылығын күшейтуге, дене бітімін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі.
Спорттық секция- оқу қызметінен уақыттағы дене дене тәрбие нұсқаушының маңызды жұмысының бірі. Спорттық секция адамның денсаулығын нығайтады, спорттық мүмкіншіліктерін артырады, тәртіп пен ұжымдық түсінісушілікке үйретеді. Спорттық ойындары оқу қызметінің өту барсындағы, жаттығуларға спорттық элементерді алып қолданамын
Қорыта келе қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақытты үшін өз бойындағы бар қабілетті мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев ағамыздың сөзімен аяқтағым келіп тұр « Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы . Құралы мықты болса, иесі де мықты. Сау жан сау денеде ғана болады» -деген
Қолданылған
әдебиеттер:
Әдебиеттер тізімі
1. Дүйсембин Қ., Алиакпаров З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003
2. Мектепке дейінгі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. – Өскемен: БАЙ баспасы,
3. Әлеуметтік желесі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген