400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Шетел тілін үйретуде электронды оқулықты пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық кеңестерде оқылатын баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

№35 орта мектеп













Тақырыбы:Шетел тілін үйретуде

электронды оқулықты пайдалану















Дайындаған: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Абдикаримова А.Т.















2011-2012 оқу жылы



Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында техниканың жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьтерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электрондық оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық, педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенің айтады.

Кез-келген педагогикалық технология- ақпараттық технология болып табылады. Оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаң ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған техника, мұғалім мен оқушының еңбегін жетлдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.

Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтың еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік технологияны пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіншілік береді.

Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың оқыту мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыру тікелей әсерін тигізеді:

  • оқушының өзіндік жұмысын арттыру;

  • ақпараттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

  • Ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыларды үйрету;

  • Олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация әр деңгейдегі оқу ақпаратын алу және білім беруде түрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде тиімді түрде жүзеге асырады. Ақпараттық оқу ортасының белгіленуі жеке тұлғаның шығармашылық қызметке деген қабілеті мен потенциалдық мүмкіндіктерінің ашылуы және дамуы, білімді өз бетінше сапалы түрде игеру, оқу нәтижесін өңдеу үрдісін, оқудағы жетістіктерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Көрнекі құралдардың қазіргі заман талабына сай түрлерінен саналатын мультимедиялық энциклопедия, қашықтықтан оқыту, электрондық оқулықтар мен түрлі дыбыстық таспа материалдары бүгінгі таңда оқушының қай пәнді болмасын тез әрі терең шығармашылықпен игеруіне мейлінше қолайлы жағдай тудырып отыр.

Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.

Электрондық оқытуды ғылыми-әдістемелік негіздеу ұялы оқытудың да аспектілерін қамтуы керек. Сондықтан, «Электрондық оқыту» ұғымы ұялы оқытуға қарағанда кеңірек. Демек, электрондық оқыту қағидалары ұлы оқыту шеңберінде де қолданылуы шарт. Электрондық оқытуды жасау мен енгізу үшін оқытуды басқару, ақпаратты алмастыру және контент- оқу порталын басқару жүйелерінен тұратын ақпараттық жүйені жобалау қажет.

Электрондық оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады.

  1. Ақпараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және интернет

  2. Электрондық оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары

  3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі

Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.

Дидактикалық тұрғыда электрондық оқытудың төмендегідей маңызды мәселелері анықталады.

  1. Білім беру үрдісінің субъектілері арасында толыққанды ақпараттық өзара әрекетті ұйымдастыру;

  2. Электрондық оқытуда ақпараттық-коммуникациялық пәндік ортаның ерекшеліктерін анықтау;

  3. Электрондық оқыту үрдісінің субъектісінің оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету.

Оқытудың кез-келген технологиясы өзгерістерге сай студенттер мен оқытушылардың жалпы өмір практикасының талаптарына орай ыңғайланып отырады. Мәселен, 70-ші жылдары ақпараттың қағаз және пленка сияқты тасымалдаушыларына негізделген ақпараттық технологиялар ұғымы пайда болса, кейінгі жылдары ақпараттық технологиялар дамуында компьютерлер, аудио-бейнетехника және коммуникация жүйелерінің әр түрлі электрондық құралдары ерекше орын алды. «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары» ұғымы дәл осы құралдарға байланысты анықталды.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде электрондық оқулықтардың ерекшелігі- үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі, оқуға, үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық оқулықтр оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып есептеледі. Электрондық оқулықтарды мына мақсатта пайдалануға болады:

  1. Электрондық анықтама ретінде;

  2. Электрондық есеп ретінде;

  3. оқулық ретінде.

Электрондық оқулық- ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың жасалуы, модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі