400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Сіздің балаңыз ертеңгі оқушы"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл баяндама, көбінесе ата аналар жиналысында оқылады. ата аналарға кеңестер беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы



№ 21 орта мектебі









Shape1





Тақырыбы:

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы























Жезқазған

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы


Ұрпағымызды саналы, салауатты, дені сау, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-анамен ұстаз, бала мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт. «Бала ата-ананың бауыр еті» деп, аталған ата-аналар жиналысында мына өмірде баланың алатын орны ерекше екеніне көз жеткізді, ата-анамен бала арасындағы байланысты күшейтуді, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке, салмақтылыққа тәрбиелеуді көздедім.

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес. Тәрбиелі адам дегеніміз – надандыққа қарсы ереженің бәрін бір бойына жинақтаған адам. Ұрпақтың қамын ойлау – бүкіл қауымға ортақ парыз. Сондықтан бала өсіру, оны өнер-білімге, адамгершілікке тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздардың міндеті. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» дейді. Ендеше, баланың жақсы болып өсуіне отбасының ықпалы зор. Болашақ жас өспірімдерді рухы мықты, еңселі азамат етіп тәрбиелеп шығару үшін осы айтылған сөздердің маңызы ерекше. Баланы тәрбиелеуде өздері өсіп келе жатқан орталары және ата-анамен ұстаздың ролі ерекше маңызды.

Ата-ананың міндеті:

  1. Баланы сабақтан қалдырмау.

  2. Үйде балалар тәртібіне үнемі көңіл бөлуі.

  3. Келе жатқан атаулы мерекелерге ұйымшылдықпен атсалысуы.

  4. Сыныптағы өтіліп жатқан іс-шараларға келіп, балалардың өнерін тамашалауы.

  5. Оқушының бойында жағымды қасиеттірді дамытып, жағымсыз қаисеттерден арылуға көмектесу.

«Өз бөбегіңіздің іңгәсін естіген сәтіңізден бастап, сіздің өте-мөте нәзік қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, мақсаты да – балалар тәрбиелеу. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – ер мен әйелдің, әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы» деп, тамаша педагог-ұстаз В.А.Сухомлинский айтқандай, ата-анасы өз баласының тәрбиесі үшін қоғам, ел, халық алдында жауапты. Әр бір ата-ана мектеппен тығыз байланыс орнатып, өз балаларының парасатты, білімді, мейірбан, табанды азамат болып өсуіне жағдай жасаулары тиіс.

Күншығыс халқының бір ойшылы:

«Бір жылдығын ойлаған – күріш егеді,

Он жылдығын бұрын ойлаған – ағаш егеді,

Ал, жүз жылдығын ойлаған – бала тәрбиелейді» деген екен. Осы ойдың астарына терең зер салып, бала тәрбиесіне баршамыз атсалысып, ынтымақтаса жұмыс жүргізейк дегім келеді.

Ынтымақ бар жерде тәрбие де, бірлік те, береке де бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі