Материалдар / Баяндама "STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ – МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ – МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика-пән ретінде емес, пәнаралық байланыс орната білу керек. Балаларға тек формула жаттатып, есеп шығарып ғана қоймай белгілі бір мамандыққа баулу мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2019
5164
25 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫ – МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА


Родинова Акмарал Темирбековна

«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп бастауыш мектебімен» КММ

математика пәнінің мұғалімі


Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.[1]

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.[2]

STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде  академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.   Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.

STEM білім беру дегеніміз не? Сұраққа жауап бермес бұрын, STEM деген сөздің мағынасын ашып алайық:

STEM қалай жіктеледі:

S – science (жаратылыстану ғылымы)

T – technology (технология)
Е – engineering (инженерлік)

М – mathematics (математика), яғни осы салалардың жиынтығы.

STEM - білім беру білім саласы «Жаратылыстану», «Математика және информатика», робототехника, 3Д модельдеу, графикалық дизайн, технологиялық сауаттылық, инженерлік тәжірибе қабілеттіліктерін, дағдыларын дамытуға бағытталған. STEM оқыту бойынша пән мұғалімі әсіресе сабақта пәнаралық байланысқа көп көңіл бөлуі керек. Шығармашылық тапсырмаларға, шағын жобаларға, оның ішінде топтық, жұптық жоба қорғау жұмысына көп көңіл бөлуі керек. Ол оқушының әлеуметтенуіне үлкен үлес.[3]

STEM технологиясын мектепке енгізудің себебі, өзгеріс не үшін қажет деген сұраққа жауап беріп көрейік?

  • Жалпы мектептік орын жайлардың жетіспеушілігі,

  • оқу ұжымдарын құрылымды ұйымдастыру қажеттілігі,

  • білім беру құрамының өзгерісі,

  • мектеп учаскелерін тиімді пайдалану,

  • ғылым мен техника жетістіктерін білім беру процесіне енгізу.

STEM технологиясын оқыту процесінде қалай жүзеге асыруға болады?

Пәнді тек негізгі оқыту – бейінді оқытып ғана емес, қосымша білім беру жүйесін қосу керек, соның ішінде таңдау және үйірме жұмыстарында, әртүрлі конкурстар мен олимпиадаларға дайындық кезінде.

Біздің мақсатымыз – STEM технологиясын математика сабағында проблемалық мысалдар келтіру арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және шығармашылыққа баулу. Математика сабағында көркем еңбек пәнімен байланыстыра отырып, 5 сыныпта кеңістік фигураларының жазбалары бөлімінде балаларға тікбұрышты параллелепипед тақырыбында жағдаяттық сұрақтар қою арқылы функционалдық сауаттылығын арттыруға болады. Оқушылар тікбұрышты параллелепипедтің ені мен ұзындығын табуды біледі, ауданын есептей алады. Мысалы мектеп тұрғызу үшін немесе аспалы көпір, жер төселімдерін жасау үшін балалар қанша текшенің қажет екенін есептеп, нәтижесін жаза алады. 6 сынып математикасында координаталық жазықтық тақырыбында біз АКТ-ны және қосымша үлестірмелі қағаздарды пайдаланамыз, бірақ бала тек көзбен ғана көріп қояды, ал көркем еңбек пәнімен байланыстырып стринг арт жасауға болады. Оқушы қол мен ұстау арқылы координаталық қиылысу нүктелерін таба алады. Қалған басқа сыныптардың алгебра және геометрия пәндерінде де қолдануға болады. 7 сынып геометрия сабағында күнделікті өмірде пайдаланатын салқын тісбасарларға арналған таяқшаларды пайдалану арқылы түрлі кеңістік фигураларын жасауға болады. Мысалы: түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш. Демек, бұл технологияны шексіз пайдалануға болады деген сөз.

Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша STEM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда, алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін. Бұл дағдыларды бүгіннен бастап үйрету балалардың болашақ кәсіби қызметке дайын болуына көмектеседі.

Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми техникалық прогрестен қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті.[4]

STEM бағдарламасы аясында үйірме немесе таңдау сабақтары ретінде оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында болашақта авторлық бағдарлама жасап, ұсынғым келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Г.Ногайбаева, С.Жумажанова «Развитие STEM – образования в мире и Казахстане»\\»Білімді ел – Образованная страна» №20 (57) 25.10.2016ж

  2. Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы 10.01.2018

  3. Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел - Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017

  4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. - // Қазақстан мектебі, №4, 2008


























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!