400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама Сын тұрғысынан ойлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс -тәсілдері .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі-

оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға

бағытталған әдіс- тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі

мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын.

Осы технология бойынша арнайы семинар-курстан өттім.

Мен осы мақалам «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты

ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану жолдарына тоқ-

талмақпын.

Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа оқыту

технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі

айырмашылықтарды байқадым.

Дәстүрлі сабақтар үрдісінде


Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді.

Мазмұнын айтып береді.

Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру.

Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.

Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.

Мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.

Шығарма жазу тапсырылады.

Тақырып бойынша шығарма жазады.


« Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі

өзгерістер және нәтижесі


Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс- әрекеті

Топқа бөліп,ой қозғайды.

Топтарда жұмыс жасайды.

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.

Мәтінмен өздері танысады.

Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.

Образдылық ерекшелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады.

Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.

Ойларын жазуды ұсынады.

Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.

Қорытынды жасауға бағыттайды.

Тұжырымдама жасайды.


Осы салыстыру кестелерінен « Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы-

ның негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғанды-

ғын көреміз.Академик Лернер бойынша білім- мәліметтер мен деректер, икемділік-

тер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарлары-

нан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған

бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.


Оқытуды жеке тұлғаға бағытттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық,

тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында

қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту

ойдағыдай жүзеге асырылады.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-

тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткеншектер бойында мынадай іскерліктер мен

дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

  • Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау

қабілетімен ерекшеленеді;

  • Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы,бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;

  • Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді/ мағынаны тану кезеңінде/;

  • Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;

  • Өз білімдерін пайдалана алады;

  • Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды

үйретудің стратегияларын практикамен сабақтастыру тәсілінің өзіндік үлгілері бар. Соларға тоқталайық. 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен С. Мұратбековтің

«Жусан исі» тақырыбын «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім.

  1. Қызығушылықты ояту барысында оқушыларға әңгімені талқыламастан бұрын сөзден үй салып, мықты үйді,мықты біліммен құраймыз. Үй салу үшін ең бірінші іргетас құрайық.

І.

1. Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?

2. Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?

3. Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді?

ІІ.

  1. Әңгіме оқиғасы қай жылдарда болып еді?

  2. Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?


ІІІ.

  1. Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді?

  2. Оның « ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар?

ІҮ.

  1. «Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа

жыламай бақ»,- дегенің қандай, мінез қасиеттерді байқауға болады? Бұл

қасиетін қай сәттерден көруге болады?

  1. Жусан иісінің Аян үшін қандай маңызы бар?


Осы сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырамыз. Білім арқылы үй құраймыз. Үй-іргетас-шатыр- терезе-арқылы білімнен үй құраймыз. Сабақ барысында оқушылар «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін пайдаланып, дәптердің бетін вертикаль сызықпен бөледі.

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. (нені еске түсіреді, себеп

салдары қандай, қандай сұрақтар бар т.б)


Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта

талқылау ұйымдастырамын. Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді.

Ой түю арқылы керекті дәйектемені іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді. 6-сыныпта М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопиясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қортындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары мықты білім нәтижесін көрсете білді. Оқушылар сабаққа түгел қамтылды. Сабақ «Блум таксономиясы» бойынша жүргізілді. Оны стратегия арқылы мәтінге толық талдау жүргізілді. Оқушылардың білімі, деңгейі, әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Мәтінге анализ болды. Синтез/жинақтаубойынша/ оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасты. «Эссе» стратегиясы бойынша «Абай ағағ хат» , «Біржан ағаға хат» орындалды.

Эссе мына үлгіде жазылды: «Абай аға , сіздің құлақтан кіріп, бойды алар әніңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті,толғантты. Сіз армандаған өнер құдіреті қазір шарықтауды..»

«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.

«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді.

«Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.

Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін, мақсатын қалыптастыру,өздік,дербес ізденуге баулимыз. Әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауғажетелейміз.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.

Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім:

  1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.

  2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды,бірін-бірі тыңдайды)

  3. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты ғылыми,шындыққа жақын екенін саралайды.

  4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.

  5. Білім дәрежесі деңгейін саралау/ өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады.

  6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.

  7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгелердің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.

  8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.

  9. Оқушылар өз ойымен, іс- тәжірбиесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі