400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Сынып жетекшінің жобалау жұмысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған баяндама. Бұл баяндаманы оқи отырып жобалау әдісін, оқушылармен жұмыс барысында қандай жобалау түрлері кездесетіні туралы ақпарат алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің жобалау жұмысы


Елбасы Н.Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақылды, әрі шығармашыл адамдар қажеттілігін айтып өткен. Біздерге сондай педагогикалық жаңалықтардың бірі – балалармен жұмыс жасауда жобалау іс – әрекетін ендіру.

Жобалау әдісі – бұл  білім беруді  ұйымдастырудың  жаңа технологиясының  бірі, бұл әдіс арқылы  балалардың танымдық қызметі  таңдалып алынған дайын  ақпарат арқылы емес, өздерінің қызығып таңдаған  ақпаратының ізденісін дамыту арқылы жүзеге асады. Жобалау қызметі  – бұл әртүрлі, анықталған мақсатқа  жету үшін  ықпалдасқан қызмет. Жобалаудың мәселені шешуден айырмашылығы, оның қорытындысы бойынша бала қызметінің  нәтижесі  және оның ары қарай қолданылуы шамаланады.

Жоба түрлері:

  • зерттеушілік - шығармашылық;

  • рольдік, ойын түрінде;

  • ақпараттау – тәжірибелік - бағдарлау;

  • шығармашылық.

Жобаның  педагогикалық  маңыздылығы:

Жобалау қызметінің  үрдісі бойынша  педагог  тек  дайын білімді беру емес, балалардың  танымдық қызметін   ұйымдастырушы рөлін атқарады.  Жобалау қызметі белсенді, шығармашыл педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып , әр түрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат – міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.  Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың  ата – аналарымен  ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту   мүмкіндігін де  оңынан шешеді. Балабақшадағы  жобалау қызметінің  ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын  өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан  балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың  қатысуымен ынтымақтастық  түрде өтеді. Мектепке дейінгі   жастағы  бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың  қызығушылығын  түсінетін   үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты  үлкендер  балаға  құрал – жабдықтар  және  мақсатқа жету  тәсілдерін табуға көмектеседі. Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар  өз мәселелерінің шешімін   ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы  ізденіп табады. Олар  бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қол өнерімен айналысады. Жобалау қызметін  ойдағыдай  жүзеге асыруға   қажетті   жағдайлар:

  • Баланың  қызығушылығын  есепке алу.

  • Ерікті  түрдегі қызмет.

  • Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе  жағдайы  бәріне түсінікті  болуы қажет.

  • Балалардың  аз  болса да, жеке  ынталы бастамаларын  қолдау.

  • Жоба  жұмысына  ата-аналарды  өз еріктерімен тарту, балалармен бірге  шығармашылық жұмыс жасауға  жағдай туғызу.

  • Жоба бойынша жұмыста  бірізділік  ұстанымды сақтау.

  • Педагогпен  бірге  мақсатқа  жету  жұмысы.

Қазіргі таңда жобалау іс – әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңіуге, іздемпаздықты, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілетін дамытуға ықпал жасайды.  Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жобалау іс – әрекеті әзірге тек педагогтың, ата – аналардың көмегімен жүзеге асырылады. Оқытудың кіріктірілген әдістерінің бірі ретінде жобалау іс – әркетін пайдалану балалардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауын, өзін қызықтырған зат немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше іздеу қабілетін дамытуға, игерген білімін пайдалануға мүмкіндік береді.

Жобалау іс – әрекеті өзекті және өте тиімді. Ол балаға зерттеу жасауға, алыңған білімді синтездеуге, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді, ал бұл оның мектептегі жағдайларға тез бейімделуіне көмектеседі. Мәселені шешу жұмысы барысында балалар мұғалімдермен,  ата – аналарымен шығармашылық, ізденушілік және тәжірибелік әрекеттер жүргізеді, жобаның бөлімдері бойынша жұмыстар жасайды, алынған ақпаратты жүйелейді, жобалау әрекетінің нәтижелерінің тұсау кесерін дайындайды. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың коммуникативтік қабілеттері жетілдіріледі, шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды. Мақсатты жұмыс өзінің оң нәтижесін береді:

  • балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі көтеріледі;

  • балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің деңгейі жоғарылады.

Осылайша, балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс – әрекетін пайдалану мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға ықпал жасайды және әр баланың сапалы білім алуы мен дамуына мүмкіндік береді.

Жобалап оқытудың  артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін  байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалаудың түрлері: 1.Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы, 2.Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация» таным сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз.Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба.

Жобаның  тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.1.5 оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;2.тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;3.мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс;4.жақын даму аймағында орналасуы тиіс;

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі  білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады.Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай,келісілген мәмілелерден таймауға тырысады.

Жобалар әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді. Ең елеулісі іс-әрекеттің басымдық түрі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады:

1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік   бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?», «Қызғалдақ»- ұрып кететін гүл. Нәтижелер өсімдік сақтайтын            бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.

2.Зерттеу: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады,табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер,интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер  нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады.Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдерін кеңейтіледі.

3.Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары,  ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі.Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.

4.Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды.Бұл  балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған  кейіпкерлері бар әңгімелер.Нәтижесінде  балалар музыкалық       ертегі  драмаластыру, столүстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған,суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау,  альбом дизайны көрмесі.Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.

5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді  мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот» Бетман сияқты жобалар құру.

Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының  нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды  бөліп көрсету, оларды шешу  шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару  жұмыстарын жоспарлау  және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу.

Қорытындылай келе, Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше Д.С.Макарено адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші-сауатсыз күтушіге, педагогика – балгерлікке айналар еді», - дейді. Cондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
1356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі