Материалдар / Баяндама "Сынып жетекшісі-тәрбие жүйесінің негізі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Сынып жетекшісі-тәрбие жүйесінің негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілерге тәрбие жұмысы бойынша бір пайдаға жарайды деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
535
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Сынып жетекшісі-тәрбие жүйесінің негізі

Жоспары:

1. Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.

2. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.

3. Тәрбие жұмысын жоспарлау.

1. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;

оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;

оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.


Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:

Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.

Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.

Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.

Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:

балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;

өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;

оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;

сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;

ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;

өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):

тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;

оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;

ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;

мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;

ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:

әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;

оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;

әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;

оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;

оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.

оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;

өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;

көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;

қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);

Коммуникативтік:

оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;

"оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;

оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;

ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.

Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:

баланың денсаулығы;

отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;

баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;

мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;

үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;

моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;

еңбекке көзқарасы;

әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;

интелектуалдық дамуы;

саяси сауаттылығы, т.б.

2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:

тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;

талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;

тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;

сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;

тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;

тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;

оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.

Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:

- өткен жылғы жұмысты талдау;

- сыныпқа сипаттама беру;

- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айңындау;

Жоспардық түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.

Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардық түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жо спарланады.

Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі:

1.Ұжымды ұйымдастыру

Тоқсандар Өзін-өзі басқару ұйымдарымен

жұмыс Ұжымның дәстүрлері Ескертулер

I тоқсан ( 9 апта)

II тоқсан ( 9 апта)

III тоқсан ( 11 апта)

IY тоқсан ( 9 апта)

Тәрбие жоспарының екінші түрі:

I. Сынып оқушыларына мінездеме.

II. Тәрбиелік міндеттер.

1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.

2. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу;

ә) Халықтың салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеу.

3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғам арасындағы белсенділігін дамыту.

4. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

5. Еңбекке, халықтың іскерлікке баулу, үнем тәрбиесін беру.

6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.

7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

8. Экологиялық және азаматтың жауапкершілікке тәрбиелеу. Соңғы кезде коммунарлық тәрбиелеу әдістемесі кеңінен тарауда. Оны өз тәжірибесінде пайдаланатын сынып жетекшілері айына бір ұжымдық шығармашылық іс жоспарлайды, тәрбие жұмыстары сол таңырыпқа байланысты болып келеді. Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.

Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызьщтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.

I бөлім - ұжыммен жұмыс.

II бөлім - жеке-дара жұмыс.

III бөлім - белсенділер тобымен жұмыс.

IV бөлім - ата-аналармен жұмыс.

Әрбір бөлімге алуан түрлі жұмыс түрлері мен әдістері енгізіледі.

Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі:

Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:

сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жплпы мәліметтер.

сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.

тәрбие міндеттері.

сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.

ата-аналармен жұмыс.

сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.

сынып жетекшінің есеп беруі.

Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:

жоспардық қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;

өмірмен тығыз байланыстылығы;

жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;

тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;

жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);

жоспардық нақтылығы.

Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.


Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:

Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру.

Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.

Мектеппен отбасының байланысын жасау.

Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан – жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.

Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата – аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық мағлұмат алады.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.

Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек. К.Д. Ушинский “Адам – тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.


Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:


А) баланың денсаулығы;

Ә) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;

Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

В) мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;

Г) ‰лкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы;

Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;

Е) еңбекке көзқарасы;

Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;

З) интеллектуалдық дамуын;

И) саяси сауаттылығын;



Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әр түрлі тәсілдерді қолданады:

А) бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);

Ә) єңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата – аналармен,

кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);

Б) анкеталарды толтыру тәсілі;

В) ќұжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім

журналымен);

Г) оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);

Д) табиғи эксперимент;

Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға балалардың оқу – жұмыстары туралы мәлімдеп отырулары керек.


Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:

А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу;

Ә) ата – аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу, ата – аналармен хат алысу, ата – аналар жиналысы;

Б) сұрақ – жауап кештері;

В) ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;

Г) ашық есік күндері;

Д) пікірталастар;

Е) ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.

Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындалуындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Жоспар мынандай педагогикалық талаптарға жауап беруі керек:

жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы;

сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының, әдістерініің әр түрлі болуы;

3) оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін, дәйектілігін қамтамасыз ету.

4) жоспардың нақты болуы;

5) жұмысты келісіп жоспарлау;

Сынып жетекшісінің жоспары мынандай бөлімдерден тұрады:

1) сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер;

2) сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;

3) тәрбие міндеттері;

4) сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;

5) ата – аналармен жұмыс;



Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:


а) жоғары идеялық және қоғамдық саналылық;

ә) жоғары моральдық бедел;

б) педагогикалық шеберлік;

в) мәдени өріс;

г) педагогикалық әдептілік;

д) балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет;

е) ұйымдастырушылық қабілет;

ж) сынып жетекшісінің мамандығын арттыру;

з) тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.

Негізгі ұғымдар:педагогикалық процесс, оның жүйелері, сынып жетекшісі, үйретуші, диагностика, болжау, жоспарлау, ынтымақтастық, тәрбие жүйесі, тәрбие жүйесін моделъдеу.




Әдебиеттер:

1. Ю.П.Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

2. В.А. Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983.

3. Н.И.Болдыров. Сынып жетекші. - Алматы, 1980.

4. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

5. К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!