400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Баяндама Сыраның адам ағзасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыраның адам ағзасына зияны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі











Shape1

( баяндама )





Педагог – психолог: Есім А.Қ.





























2019 оқу жылы.

Тақырыбы: Сыраның адам ағзасына әсері.

Мақсаты: Оқушыларға сыраның адам ағзасына қаншалықты зиян екенің ұғындыру.


Сыра құрамында өсімдік шикізатынан келіп түсетін ферментация процесі кезінде пайда болатын көптеген қоспалары бар алкоголді сусын. Сыраның негізгі компоненті су (91-93%), көмірсулар (1,5-4,5%), этил спирті(3-7%) және құрамында азоты бар заттар (0,2-0,65%).

Сыра әйгілігі жағынан дүние жүзіндегі үшінші сусын (су мен шайдан соң) және әлемдегі ең танымал сусындардың бірі.

Сыра маскүнемдігі – маскүнемдіктен емдеудің ең бір ауыр да қиын түрі.

Сыраның химиялық құрамының адам ағзасына әсер етуі сыраның жүрекке зиянды әсерлерімен көрінеді: сыраны шамадан тыс ішудің зиянды және қиратушы салдары – ауру жүрек, «сыралық» немесе «бұқалық» жүрек. Ол жүрек айналасының кеңеюімен, оның қабырғасының қалыңдауымен, жүрек бұлшықетінің өліеттеуімен байқалады, жүректің мөлшері қатты ұлғаяды, салбырап босаңсиды және қанды нашар айналдырады.

Біздің елімізде сыраны пайдаланушылар көп. Дәрігерлер сыраның құрамында  алкоголь аз болғанмен, оның денсаулыққа тигізер зияны ұшан-теңіз екенін айтады. Мәселен, сыраны көп ішетін жігіттердің даусы жіңішкеріп, қарны ұлғаяды және жүрек ауруына жиі шалдығады екен. Сондай-ақ ер адамның ағзасында әйел гармонын үдетіп, бедеулікке әкелсе, қыздарда еркекшоралық мінез пайда болады.

Сыраның зияны: Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады екен.

Жалпы, салқын сыра асқазан мен ішек жолдарына зиян. Асқазанның шырышты қабатын зақымдап,  сұйықтықты реттейтін жасушаларды жояды. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның асқазаны бұзылып, ас қорытуы қиындайды. Әсіресе, салқын сыра созылмалы гастрит ауруына әкеледі.Сонымен бірге, сыра семіздікке апаратын бірден-бір жол.

Сыраның бауырға да зиян екенін дәрігерлер жиі айтып жүр.  Ал бауыр адам ағзасын тазартатын ең нәзік, әрі өте сезімтал мүше. Жиі сыра ішу осы мүшенің улы заттарға қарсы тұру күшін жойып жібереді. Дәрігерлер бауыр циррозымен ауыратындардың басым бөлігі сыраға аса құмар адамдар екенін анықтаған.

Сондай-ақ сыра бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Аталған сусынды көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Жалпы, үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады.


Зиынды ішімдік сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады.. Ал бұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені ,бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп,  адам инфарктіге шалдығуы мүмкін.

Сараптама


Тақырыбы: Сыраның адам ағзасына әсері.

Мақсаты: Оқушыларға сыраның адам ағзасына қаншалықты зиян екенің ұғындыру.


Оқушыларға сыраның адам ағзасына қаншалықты зиян екені жайында айтылды. Сыраның кесірінен қандай ауруларға тап болатындары жайында да айтыла кетті. Оқушылардан жеке сұрақтар қойылып , оқушылар да сыраның денсаулыққа келтіретін зиянды жақтарын айттып, өз ойларын ортаға салады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі