400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама такырыбы: Ыбырай Алтынсаринин идеялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Такырыбы: Ыбырай Алтынсариннин идеялары, мектепке дейинги билим беру жуйесиндеги коскан тын идеялары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары.

Мундуинова Жайнагүл

Приреченск орта мектебігнің «Қарлығаш» шағын орталығы.

Ы. Алтынсарин – ағартушы, прогресшіл қайраткер, демократ, гуманист, этнограф, публицист-жазушы. Ы. Алтынсариннің шығармашылығы философия, тарих, педагогика ғылымдары тұрғысынан талданды. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары демократияшыл ағартушылық ой-пікірлер мен алдыңғы қатарлы орыс мектебінің тәжірибесі негізінде қалыптасты. Үшінші мыңжылдықтың басында адам тағдыры, оның істері мен мұраттары туралы, адамгершілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу жолдары туралы көптеген құндылықтар, идеялар мен көзқарастар жоғалып кеткенде, Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде көтерген мәселелер,әсіресе бүгінгі күні өзекті. Ы.Алтынсариннің замандастары оны «Жалпыадамзаттық адамгершіліктің таза ақиқаттарының жолбасшысы...» деп атаған. Қазақ даласын жоғары мәдени құндылықтар әлеміне танытқандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Н.Ә.Назарбаев Қазіргі білім берудің, қоғамның және мемлекеттің ең маңызды мақсаты – Қазақстанның адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі жоғары, шығармашыл, белсенді, құзыретті азаматын қалыптастыру мен дамытуды әлеуметтік-педагогикалық қолдау болып табылады. Адамды, оның жай-күйін, ішкі өмірінің сапасын басынан өткермей, заманауи инновациялық экономиканы құру мүмкін емес. Қоғамның даму қарқыны мен сипаты адамның азаматтық ұстанымына, өмірлік басымдықтарына, адамгершілік сенімдеріне, адамгершілік нормалары мен рухани құндылықтарына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. ." делінген, ал бұл жолда Ыбырай атамыздың педагогикалық іс- әрекеті барша педагог қауымына үлгі.

Ыбырай Алтынсаринпедагог-педагог, жазушы, фольклортанушы, этнограф. Алтынсариннің бастамасымен ана тілінде оқытатын мектептер ашылды. Қазақ балаларына арналған ана және орыс тілдеріне арналған оқулықтардың авторы. Ы.Алтынсариннің көп қырлы еңбегінде адамгершілік тәрбиесі мәселелері жетекші орын алады. «Адамның ең маңызды әрекеті – имандылыққа ұмтылу. Біздің ішкі тұрақтылығымыз да, өмір сүруіміз де соған байланысты. Іс-әрекетіміздегі адамгершілік қана өмірімізге сұлулық пен қадір-қасиет береді. «Мектеп – қазақтардың білім берудің негізгі қайнар көзі,оларға үміт бар, әсіресе, оларда қазақ халқының болашағы бар»,деп мектептерге деген үлкен үмітін жеткізген болатын.

Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика саласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудың көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудың белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен класстан тыс жұмыстардың түрлері жүзеге асырылды. Ол оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне неіздеп құруды ойластырды. Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын,бағдарламалар, нұсқау хаттар жазды. Мектеп кітапханаларының физикалық, химиялық, астрономиялық құралдарымен жабдықталуына, оқушылардың түрлі ғылым мен өнер саласындағы жаңалықтарды біліп отыруына үлкен мән берді,және сол салаларды меңгеруде үлкен күш салды. Оның хрестоматиядағы материалдарды жүйелеуі осы қағидалармен қатар балаға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, кәсіптік тәрбие беру мақсатын көздеді. Ыбырай аударып, хрестоматияға енгізген орыс жазушылары Пауэльсонның, Ушинскийдің, Толстойдың әңгімелерінде де қайырымдылық, кішіпейілділік, талаптылық, еңбексүйгіштік сияқты зор адамгерші,лік қасиеттер дәріптеліп, оған қарама-қарсы жауыздық, екіжүзділік, дүниеқорлык, т.б. жексұрын мінез-құлықтарды әшкерелеу өзекті орын алады. Ыбырай осы арқылы жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты, ел-жұртына пайдалы азамат болуын көздейді.

«Білім алтыннан да қымбат.» деп халық сөзіндегідей, Алтынсариннің өзі тектілікке еліктеушілік, жауаптылық, жауапкершілік, адалдық, ұлттық ғылыми білім беру, мектеп философиясы, әдебиеттану, дипломатия, лингвистика, әліппетану, мектептану, жаңа алфавитке көшу, рухани-адамгершілік жаңғыру, балалық шақ философиясы мен тәрбие идеалы, отбасы мен қыз тәрбиесі, оқулық жазу, орыс тілін оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру, кәсіпкерлік пен аударма салалары мамандарын және мұғалімдерді жаңаша дайындау заманауи педагогика мен психологияның зерттеу пәніне айналмақ. Ыбырай Алтынсариннің ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық жүйе болып табылатындығы ақиқат және бұл тәжірибе болашақта да жалғасын табатынына сенемін.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерьактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагоностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;

  • мекетепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерьактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру, мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;

  • инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;

  • педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

Ақпараттық-коммуникативті технологиялар.

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерьактивті тақта, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үрдістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылад.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы, белсенді ролін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка жетекшісімен қатар тәрбиеші білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғасының табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернеттен алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Блум таксономиясы» технологиясы- бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. Блум таксономиясы негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез-келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген блум әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.

Балаларды шығармашылық дамытуда АКТ-ның тигізер пайдасы орасан зор екенін панорамалық флипчарт сабақта дәлелдедік. Болашақта Блум таксономиясы әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметімізді жоспарлай алсақ және оның жүйесімен жұмыс жасай білсек еш қателеспейміз. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:

1 – білу

2 – түсіну

3 – талдау

4 – қолдану

5 – жинақтау

6 – қорытындылау

Ұйымдастырылған оқу қызметін алты бөлікке жіктеп жаза отырып, АКТ-ны пайдалану оқу қызметін жандандыра түседі, ойлау, сөйлеу, ұшқыр қиялы дамиды деп ойлаймын.

Өз жұмысымды балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.

Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір-бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды роль атқаратыны мәлім. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.

Бала тәрбиесі  ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-анасы. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін

Білімді жинап, дүниені шолатындай, – балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды», –  деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі