Материалдар / Баяндама, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Экономикалық пәндер оқытушысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Экономикалық пәндер оқытушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал барлық оқытушыларға және білімгерлерге керек, қосымша тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСИТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ













БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Тайм менеджмент»





ОРЫНДАҒАН: «Кәсіпкерлік және әлеуметтік пәндер»

кафедрасының оқытушысы

Мамажанова Индира Медетбековна






















Талқыорған 2020

Тақырыбы: “Тайм-менеджмент»

Бұл тақырыпты алудағы мақсатым: Жұмысқа қабілеттілікті арттыру, уақытты басқару, мақсатқа жету жолдарын меңгерту

Тайм-менеджмент

Тайм-менеджмент” ағылшын тілінен аударғанда “уақытпен басқару” дегенді білдіреді.

Уақытпен басқару-бұл өзін-өзі басқару, ұйымдастыру, адамдардың мәселелерді тез шешу мақсатында, жиындардың жүзеге асырылуы,жұмыстардың орындалуы, іс-әрекеті. Бұл басқару уақытты орнымен пайдалану. Әсіресе қалалық жерде тұратындар, жеке кәсіппен айналысатындар үшін уақыт жетіспеушілігі қатты сезіледі. Осы ретте тайм-менеджмент туралы біліп, оның тиімділігіне көз жеткізу пайдалы.

Тайм-менеджмент ­– жеке уақытты есептеу, бөлу және шұғыл жоспарлау.

Уақыт жыртқыш аң, арыстан сияқты.

Егер арыстанды жуасытсаң, досыңа айналады.”

Уақытын барынша пайдалы етіп өткізіп, барлығына үлгеретін адамдар жұмысын барынша аз уақытта бітіріп тастауды жөн көреді. Сарапшылардың айтуынша, өз уақытын басқаратын адамдар өмірде көп нәрсені атқаруға, қолы тимей жүрген жұмыстарды атқаруға болатынына, ең бастысы көңіліне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік туатынына көз жеткізеді.

Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің бір жақ шеті бітпей қалған бұрышына “Дүние-уақыт оны өзіңе бағындыра біл” деп жазылған екен




Тайм менеджментке : Брайн Дайсон, Альберти, Эйзенхаузер, Друкер, Илон Маск, Роберт Грин және т.б ғалымдар үлес қосқан.

Уақытты басқару, яғни тиімді пайдалану туралы XV ғасырда да айтылған. Мысалы италиялық жазушы-ғалым Альберти уақытты тиімді пайдаланған адам табысты болатындығын айтқан. Ол үшін таңертең атқарылатын істің тізімін жасауды әрі маңыздылығы жоғарысынан бастауды ұсынған. Қаншама уақыт бойы бұл ұсыныс жай ғана теория түрінде болғанымен, ХХ ғасырдың 80-жылдары технология дамып, қарқындылық күшейген уақытта тәжірибеге ұласты

Ал бизнестегі тайм-менеджмент қалай болады? Расымен де қажет пе? Кәсіп иелері үшін ұйымдастыру мен қызметтің тиімділігін арттыру технологиясы ретінде маңызды. Бизнестегі тайм-менеджмент жоспарлаумен жүреді. Бірі бекітілген жоспармен жұмыс істесе, енді бірі икемді жоспар құра біледі.

Сонымен қатар өзін-өзі ынталандыру арқылы уақытты ұтымды пайдалану – тайм менеджмент қағидаларының бірі. Бизнесте шағымданған клиенттің көңілін табу, жұмыстан шығып кеткен адамның орнына қызметкер іздеу секілді жайттар туындайды. Егер бұл іс кейінге қалдырыла  берсе, оның салдары жақсылыққа апармайды. Бизнесте мәселе туындаған кезде шешіп үйренген абзал. Уақытында орындау табыстылыққа бастайды. Тапсырманы орындау мерзімі кейінге шегерілген сайын, оны орындау қиынға соғады. Мысалы, компанияны дамытудың бизнес-жоспарын дайындау, жылдық есепті реттеу, өндіріс құрылымын қайта құру сынды ауқымды жұмысқа бірден кірісу қиынға соғады.

Жылдық есептің дайындалуын жеделдету үшін әуел бастан ай сайын есеп жүргізуді қолға алған тиімді. Бұл уақытты тиімді пайдаланудың әрі атқарылған жұмысты дер кезінде реттеудің ұтымды тәсілі. Ал жыл соңында барлық есепті біріктіріп, ортақ дүние құрастыру жеңіл болады. Мамандар осы сияқты ауқымды жұмысты бірнеше сатыға бөлуге кеңес береді.

Бизнестегі тиімді тайм-менджмент жеке уақытты оңтайлы пайдаланусыз басқарылмайды. Сондықтан кәсіп иесі күн сайын маңызы оқиғаларды тізіп, олардың құндылығын анықтаса, кейін айдың, тоқсанның, есебі шығарылып, жылдың үздік жетістігін де анықтай алады. Әрбір жетістіктің құнын анықтағанда, оған жетудің бағасы, қиындықты еңсерудің тәжірибесі белгілі болады. Бұл мақсатты анықтауға, келесі жылдың жоспарын жасауға әсер етеді.

Өткен өмірді, аптаны,жылды қайтара алмайсың,

Алдағы өмірің не болары өзіңе байланысты




Табысқа жету үшін ұсақ-түйек дүниеге көңіл бөлмеуге кеңес берілген. Әлеуметтік желі, почтаны үздіксіз тексеру, үзілмейтін үзілістерге шығу, кофе ішуге уақыт бөлудің барлығы жұмыстан алаңдатады. Сондықтан жұмыс арасындағы үзілісті де жоспарлау керек.

Әдетте, кәсіпкерлерге күн, ай, жылды жоспарлауға кеңес береді. Кестені толтыру, жоспарды біліп отыруға заманауи гаджеттер көмекші. Business Calendar, Todoist, Homeslice, Shifts, Fantastical 2, Pick, Sunrise, Timeful, Hours, Float, Clara сынды қосымшалармен танысып, қайсысы тиімді екенін анықтап, қолайлысын пайдаланған жөн.

Шұғыл орындау керек деген тапсырма – маңызды. Ертеңге қалдыру, кейін жасау, алдымен шай ішу секілді сылтауларды ысырып, «жоқ» деген сөзді айтып, маңыздысын алға шығарып үйренген әрі қызметкерлерін де үйреткен кәсіпкердің бизнесі сәтті болады.

Тайм-менеджмент - эканомикалық және жеке тұрғыдан қарағанда бұл білім ерекшелігі болып табылады.

  • Экономикалық тұрғыда уақытты ретімен жұмсау жеке адамның және бүкүл ұжымның еңбектік өндірісін жоғарылатады.

  • Жеке тұрғыда адамның бос уақытын пайдалы істермен(өзін еркін сезінуі, дем алуына, денсаулығына ) жұмсауын көрсетеді.

  • Тайм-менеджмент уақыттың басқарылуына байланысты элементтер қатарынан тұрады, бұл әр түрлі өндірістік процесстердің жүзеге асырылуын көрсетеді.

  • Элементтер қатарына: жұмыс уақытын пайдалануды талдау(анализ), мақсат қою, жұмыс уақытын жоспарлау, уақытты ретсіз пайдалануға қарсы тұратын әр түрлі күресу әдістерін ойластыру

  • Эйзенхауэрдің матрицасы бойынша

  • А-маңызды және тез жасау қажет

  • Б-маңызды және тез жасау қажет емес

  • В-маңызы аз, бірақ тез жасау қажет

  • қоқыс жәшігі”- маңызы да жоқ,тез жасаудың да қажеті жо

Талдау(анализ) - бұл жұмыс уақытының дұрыс жұмсалмауын және уақытты жұмсауда жағымсыз әсер көрсететін негізгі себептерді анықтайды.

Мақсат қою- сұрақтарға жауап беретін тайм-менеджменттегі негізгі этап. Мақсат қою- одан әрі уақытпен басқарудың тиімді әдістерін пайдалануға бағыттайды

Уақытты ретсіз падалануға қарсы тұратын әр түрлі күресу әдістерін ойластыру. Қорытынды талдауда уақытты ретсіз пайдалану себептері анықталды, жедел түрде жою керек. Типтік себептерге әр түрлі типтік күресулер әдістері бар, олар әр бір жағдайдағы әр бір себептерге

Тайм-менеджмент толық құрылымды көрсетеді, барлық элементін толығымен қолдану керек.


















Сертификат Халықаралық “Женщины в бизнесе” Франкфут скул оф финанс және Еуразиялық банктің ұйымдастыруымен өткен

«Кәсіп түбі – нәсіп»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!