400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Тақырыбы: « Домбырашылар ансамблін ұйымдастырудың негізгі жолдары »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымдық музыкалық өнер арқылы жастардың бойына адами құндылықтарды сіңіре отырып, рухани дамуына ықпал жасау, шығармашылық мүмкіндіктердің дамыту. Музыкалық аспапта үздік орындаушыларды табу. Туған елге, халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама:

Тақырыбы: « Домбырашылар ансамблін ұйымдастырудың негізгі жолдары »

Дайындаған мұғалім : Д.Т. Төремұратова

Мақсаты: Ұжымдық музыкалық өнер арқылы жастардың бойына адами құндылықтарды сіңіре отырып, рухани дамуына ықпал жасау, шығармашылық мүмкіндіктердің дамыту. Музыкалық аспапта үздік орындаушыларды табу. Туған елге, халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.


Міндеттері:Ұлт аспаптық шығармашылықты насихаттау. “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы негізінде өткенімізден сабақ ала отырып, оқушының бойына халқымыздың рухани қазынасы мен шығармашылық әлеуеттін сіңірген жеке тұлға қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже: Бала бойында жауапкершілік сезімі дамиды, музыкалық қабілеті жетіледі, ансамбілде ойнау тәртіпке үйретеді, әлеуметтік қарым-қатынас әлеуеті дамиды.


“Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе ” деген екен Сухмилннский. Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемнің айдыны іспетті ешбір нәрселермен алмастыруға болмайтын ұлттық өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы ол адам жанының ішкі толқынысын таңғажайып үнмен ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қара қобызы мен қоңыр домбырасы. Осы домбырадан бірнеше пәннің жиынтығы көруге болады. Тартып үйрету еңбек пәні, кисса, дастан, кинофильм театр пәні, екі ішекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп құлақ күйін келтіру физика пәні, жыр ұзақ белгілі бір оқиғаны баяндайтын тарих пәні, терме вокал оған қоса жүретін әдебиет ішіндегі мақал-мәтел менафоризм, күй аспаптық музыка оған қоса жүретін әңгіме әдебиет пәні, кағу перне басу және поэзия сөзін дәл айту логика пәні, айтыс жарыс сөз тіл демократия пәні, күй тыңдап әуенің есту арқылы елестетін түсіну бейнелеу пәні. Мәні осы айтылғанның бәрін бір мезетте бір адамның орындап шығуын талант иесі дейміз. Домбырада ойнау, айту, жаттау еңбек нәтижесі оны үйрету педагогика ғылымы. Ансамбль жұмысын ұйымдастыруда басты талап ансамбль құрамын тұрақтандыру. Репертуар таңдауда шығармалардың көркемдігін, ансамблдің бірегейлігін, өздігін көрсететін маркасы, шығармашылық келбеті, концерттік репертуарлар байкауларға арналған шығармалар болуы шарт. Ансамбль репертуарларына қол жетімді және балалардың орындауы үшін қызықты шығармалар болуы керек және жетекші өзі балалардың орындаулары үшін түрлі өндеулермен ыңғайлаулар жасай алуы қажет.


Балалар ұжымдарымен жұмыс істеудегі тәжірибемнен келесі репертуарларды пайдалануға ұсынамын.


Ансамбль ұйымдастырудағы ғылымилық, жүйелілік, белсенділік, көрнектілік, теория мен практика, шамаға дайындылық бағыттармен жұмыс жасаймын.


1/ Алғашқы домбыраны үйрену кезіндегі жұмыс домбырашының отыру реттілігі, қол мен саусақтарын аспапқа дұрыс қоя білу, аспаптан музыкалық дыбыс әуенінің мәнді шығуы, штрихтар, апликатурларды меңгеру. Екіншіден жетекші ансамбльде ойналатын шығарманың тарихы мазмұндық сыр-сипатын бұрмаламай дәл қалпында жеткізу, үшіншіден ансамбль дайындығының ғылыми жүйелігіндегі пән аралық қатынас.

2/ Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық мүмкіндік береді деген К.Д.Ушинский. Жүйелілік оқушының дайындықты үзбей, дағдылы уақытта аспапты сатылай меңгеру жолы.

3/ Теориямен практиканың байланысы. А/ Музыка теорисының ережелері түсіндіріледіде кейін аспапта қалай ойналатыны көрсетіледі. Мысалы: динамикалық белгілер P,F сияқты таңбаларды сөзбен түсіндіргенмен практика жүзінде көрсетпейінше ұғыну қиын. Б/ Жетекші өзі аспапта ойнап көрсетіп түрлі штрих, қағыс апликатураларды байқауына мүмкіндік жасайды да олардың маңызын теориялық жағынан қортындылап тұжырымдайды. В/ Ансамбль дайындығына оқу тәрбие процессінде алған білімдерін, концерт залында мәдени орындарға барып онда орындалатын шығармаларды өнегелілері арқылы білімін кеңейтіп отыруы керек.

4/ Музыканы саналы түрде қабылдап игеру үшін: оқушылардың танымын дамыту, шығарманың мән-мазмұнын түсініп, ойнап білудегі алдын ала істелетін жұмыстар, шығарманы талдау, компазитордың өзіндік шеберлігін, ерекшелігін түрлі музыкалық мысалдар арқылы таныта білу керек.


5/ Көрнекілік принцпті ғылыми тұрғыда негіздеген Ян Амос Коменский. Ансамбль дайындығында көрнекілік принципін сақтау оқушылардың музыканы терең әрі саналы игерудің басты құралы болып табылады. Техникалық аудио, видио кассета, графикалық кескіндеме, таблица, схема. Көркем сөз музыка мазмұнын суреттеген әдеби көркем шығармалар.Бейнелеушілік компазитордың, табиғатты мазмұнына салған суреттер.


6/ Оқушылардың ансамбльде игерілетін жаттығулар, пьесалар, күйлер шәкіртердің ойнау дәрежесіне сай түсінікті және шамасына лайықты болған жөн.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 шілде
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі