400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама тақырыбы: «Ілмекпен түрлі бұйымдар тоқу технологиялары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ілмек бізбен тоқу техникасын көрсетіп, тоқылу технологиясын меңгерту. Халықтың қолөнерінің ілмек бізбен тоқу, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту. Ілмек бізбен тоқу техникасының орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту. Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Әлия Молдағұлова атындағы

№173 орта мектеп





DrawObject1














Тақырыбы:

«Ілмекпен түрлі бұйымдар тоқу технологиялары»

Технология пән мұғалімі:

Абдрахманова Айгүл




Ең алғаш ілмектің (петля) қай уақытта пайда болғанын ешкім білмейді. Бірақ, тоқыма бұйымдары біздің эрамызға дейін пайда болыпты. Мұны растайтын факті де бар екен. Египет қазбаларында мәйіттен тоқылған баланың аяқ-киімі табылыпты. Зерттеу нәтижесінде ол аяқ-киімнің жасы 4000 жылдан асады деп тапты.
IX-XI ғасырларда тоқымашылар шұлықтарға сөз жаза бастады. Ежелде ең керемет, озат тоқымашылар арабтар болып саналды. Қиын әрі түрлі-түсті өрнектерді олар 2000 жылдай бұрын ойлап тапқан.
Біздің эрамыздың басында металл спицалар пайда болды… Тоғызыншы-оныншы ғасырларда тоқылған бұйымдар әлі сақтаулы. Сондай ескі бұйымдардың бірі-балаларға арналған шұлық екен. Оның ерекшелігі басындағы саусақ бөлек тоқылған екен, қазіргі қолғаптағыдай.
Европаға тоқыма өнерін Египет арқылы келген христиандар әкеліпті. Осылайша, тоқыма өнері қолөнерге, уақыт өте келе үлкен өнеркәсіптік өндіріске айналады. Ең қызығы, әуелі тоқымамен ер-жігіттер айналысқан екен. Бұл саламен айналысудағы мақсат, фехтование сайысына шыдамдылықты, дәлдікті, зейін қояюды үйрену болған екен. Бірақ кейіннен тоқыма өнерінің кең жайылуына байланысты уақыт өте келе қыздардың кәсібіне өтіпті.
1589 жылы ағылшын шіркей уағызшысы Вильям Ли бізді инелері бар тоқитын станок ойлап табады. XVIII-ғасырдың аяғында Францияда дөңгелек тоқитын машина жасалды. Қаншама тоқыма завод, фабрикалар ашылғанымен де қолдан тоқылған бұйымдар қашанда бағалы болып қала бермек.
Өзгеше әдемі, сирек кездесетін тоқыма бұйымына Орынбор бөкебайларын жатқызуға болады. Қолдан өрнектеліп тоқылатын орамалдың көлемі 2х2 м, салмағы 70 г болады.
Тағы да тоқыма өнерінің әдемі туындысына ирландық шілтерлерді (ирландское кружева) жатқызуға болады. Алғаш рет тоқыманың суреттері мен өрнектерін голландықтар 1824 жылы «Penelope» журналына басып шығарды. Үлгі таңбалары 19 ғасырдың соңында нақты түрде бекітілді. Қазіргі уақытта үлгінің британдық және американдық екі түрі бар. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.
Зығыр
Мақта иірімжібі
Мохер
Жүн иірімжібі
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды иірім жіп
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Тоқыма қажетті үшін құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Тоқыма ілмектері алюминийдан, шыныдан, ағаштан, бамбуктан және пластмассадан жасала береді. Әртүрлі жіптерге арнайы ілмектің әртүрлі өлшемде түрлері болады. Қалың жіптерді жуан ілмекпен, жұқа жіптерді жіңішке ілмекпен)тоқу керек. Ең жіңішке өлшемі 0,6  ал, ең  жуаны15 мм. Ілмектерді (крючоктарды) нөмірмен ажыратамыз. №1 ілмектің диаметрі 1мм, ал №2 ілмектің диаметрі 2мм т.б. Негізінде жіңішкесімен жіңішке жіптерді, ал жуанымен жуан жіптерді тоқимыз.

Тоқымаға қажет заттар:

1. Қайшы 2. Сантиметрленген лента. Өлшеп отыру үшін..

3. Айналма бөлгiш таңбалағыштар (круговые разделительные маркеры). Тоқу барысында қай жерге келгеніңізді немесе қай жерден тоқып бастағаныңызды белгілеп қою үшін.

4. Түйреуіштер(булавка) Бұл тоқылған бұйымның детальдарын қосуға қажет болады.

5. Ине-жіп. Бір жерлерін қосып, тігуге қажет болады.

Т ізбекше (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан

жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқуға

т иісті бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Қысқа шалу (полу столбик)

Ілмекті тізбектегі шалуджың алдынан артына қарай

өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі

екі шалудан өткізеді. Осылайша қайталана береді.

Ж ай шалу (столбик без накида)

Ілмекті тізбектегі бос шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады. Осылайша қайталана береді.

Нық шалу (прочный столбик)

Ілмектің сабына жіпті орап алып оны

т ізбектің үш шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмек бізге жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмек біздегі үш шалудан өткізіп алады.

Шалмалы бағанша( столбик с накидом)

шалудың биіктігін көтеру үшін оны бір немесе

бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Ілмекбізге

жіпті орап, бұрыңғы қатардағы не тізбектегі 4

шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап бір шалуда тартып шығарады.

Жіпті қайта орап, оны ілмек біздегі шалумен бос жіптен (екі шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілгек біздегі соңғы екі шалудан өткізіп алады. 2 немесе 3, одан да көп бос жіп қосылған бағанша жасау үшін соған сәйкес ілмек бізге 2 немесе 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмек бізге қалған бір жіп, екі жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмек бізді соған сәйкес 5,6,7, т.б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмек біздің ұшында әр қашан бір шалу қалып отыру керек.

О ң шалмалы рельефтік бағанша

(рельефный лицевой столбик с накидом)

Ілмек біздің сабына жіпті орап, оны бұрынғы

қатардағы шалудың түбін орай алдыңғы

жағынан өткізеді де, бір шалуды тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмек біздегі шалу мен бос жіптен (екі шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, енді оны ілмек бізде қалған екі соңғы шалудан өткізеді.

Сол шалмалы рельефтік бағанша (рельефный изнаночный столбик с накидом). Ілмек біздің сабына жіпті орап, оны бұрыңғы қатардағы шалудың түбін орай сыртқы жағынан өткізіп, бір шалуды теріс жағынан тартып шығарады. Шалумен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмек бізде қалған екі соңғы шалудан өткізеді.

Ескерту, рельефті шалуларды 2 қатардан бастап біренеше бос жіп қосып тоқуға болады. Бірінші қатар бос жіп қосылған шалулар мен жай шалулардан тұрады. Тоқыманы сонымен бірге не тарылтуға не кеңейтуге болады. Тоқыманы тарылту үшін тоқыманың ортасынан не екі шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқыла орындалады. Ал кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады.


Ө рнек түрлері.

Кестелі өрнек (флейный узор).

Шалу саны 41-ге бөлінуі тиіс.Оған екі шеткі шалу қосылады. 22-қатар. 2-қатардағыдай басталады . Қиғаш тоқу (косое вязание).

Шалу саны 16 ға бөлінуі тиіс. Оған симметрия үшін 7 және шеткі екі шалу қосылады. 1-қатар; қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған екі аяғына дейін тоқылмаған шалу (негіздері әрі келесі екі шалу) 1үлпілдек шалу негіздің бір шалуын қалдырып кетеді негіздің келесі екі шалуының үстіне екі бос жіп қосылған бір шалу және бір үлпілдек шалу негіздің келесі екі шалуының үстіне бос жіп қосылған бір шалу және 1үлпілдек шалу тоқылады, бәрі екі реттен қайталана береді, бос жіп қосылған 5 шалу (желпуіштің негіздің әр келесі шарты) негіздің келесі екі шалуының үстіне үлпілдек шалу мен бос жіп қосылған бір шалу қосылады (бәрі екі реттен қайталанады,бір үлпілдек шалу негіздің бір шалуын қалдырып кетеді,бос жіп қосылған бес аяғына дейін тоқылмаған шалу негіздің әр келесі 5 шалуы ). Бір үлпілдек шалу, негіздің (основание) 1 шалуын қалдырып кетеді, негіздің келесі екі шалуының үстіне бір бос жіп қосылған бір шалу мен 1үлпілдек шалу қосылады. Бәрі екі реттен қайталанады.

Айшықты өрнек

Үлпілдек шалулардың саны 10 ға бөлуге тиіс, оған шеткі 1 шалу қосылады 6 қатарды екінші қатардағыдай етіп бастайды. Үлпілдек шалулардың саны 2-ге бөлінуге тиіс, оған тағы 1шалу (симметрия үшін) және 2 шеткі шалулар қосылады. Тоқу үстінде 3 және 4 қатарларды алмастырып отыру керек. Шалулар саны 4-ке бөлінуге тиіс. Оған шеткі 2 шалу қосылады. 14 қатарды 2-ші қатардағыдай етіп бастайды.

Кестелі өрнек (филейный узор).

Шалу саны 41-ге бөлінуге тиіс. Оған 2 шеткі шалу қосылады. 22-қатар. 2-қатардағыдай басталады.

Квадрат .

1-қатар 18 үлпілдек шалуды қысқа шалу арқылы дөңгелетіп біріктіреді.

2 -қатар 28 жай шалуды 18 бос шалу жасалған шеңберді айналдыра тоқиды.3-қатар бұрып (айналдырып ) келтіру үшін 3 үлпілдек шалу, бұрынғы қатардағы 6 жәй шалудың үстіне бос жіп қосылған 6 шалу, 6 үлпілдек шалу тоқылады (бұрынғы қатардағы 7 жәй шалудың үстіне бос жіп қосылған 7 шалу, 6 үлпілдек шалу тоқылады) сөйтіп бұларды тағы да 3 рет қайталап, қысқа шалу арқылы қосады, тағы бір шалу қосамыз

Шашақты айшықтар.

Шалу саны 5 бөлінуге тиіс, оған сылады (симметрия үшін) 5 қатарды 3 қатардағыдай етіп бастайды.

Тығыз жайылма өрнек.

Бір түсті жіпті екінші түсті жіппен қосады. Шалу салу 5-ке бөлінуге тиіс. Оған 2 шеткі шалу қосылады.

Ілмек бізбен қарапайым өрнекті орындау.

Т оқылған жайманың суреті бірдей суреттерден тұрады. Өрнектің қайталанатын бөлігі мотив деп аталады. Өрнек тоқу үшін жоғарыда берілген шартты белгілер қажет. Өрнекті салу үшін мәтінді ғана қолданбай, сұлбаны да қолдануға болады. Сұлбаны төменнен жоғары қарай, ал жұп қатарларды солдан оңға қарай қарастырылады. Мотивті жоғарыдан төмен тоқып болғаннан кейін, сұлбадағы 1 қатардан бастап қайта тоқиды. Кейбір жағдайларда тоқу екінші, үшінші немесе төртінші қатардан басталады.


Шілтер салған жиек (прошва-крой).

Шалу саны 5-ке бөлінуге тиіс. Оған симметрия үшін 1 шалу қосылады. Шілтерлі жиек (прошва) үшін 2 жиек тоқиды. 2 жиекті тоқу үстінде оны бірінші жиекпен схемада көрсетілген жерлерде қосады.

Бір шалмалы бағанша, шалмасыз бағанша және бос шалудан құралған өрнек.

Тізбекшенің бес шалуында 2 бір шалмалы бағанша тоқып, екі бос шалу шалып және қайтадан екі бір шалмалы бағанша тоқып, екі шалуды бос жіберіп, келесісіне бір шалу жасайды, әрі қарай тізбекшедегі екі шалуды бос жібереді, бір шалу жасайды да, екі бағанша, екі бос шалу және негізгі бір шалуындағы екі бағанша тоқылады. Осылай тізбекше біткенше тоқиды.

А лты қырлы өрнек.

5 үлпілдек шалуды қысқа шалумен дөңгелетіп қосады. 1 қатар (жасыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, шеңбердің ортасына бос жіп қосылған 11 шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқылады. 2 қатар (қызыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалу, 4 шалуды қалдырып кетеді, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 2 шалудың үстіндегі 1 жай шалуды 5 рет қайталайды, қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқиды. 3 қатар (жасыл түсті жіп) – қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған 1-ші ”имектің“ астынан іліп, қысқа шалу, қатарды көтеру үшін және оған қоса 2 бос жіп қосылған 6 шалу, бұрынғы қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған “имектің” астынан іліп 2 бос жіп қосылған 7 шалу, қатарды көтеру үшін, 3 шалудың үстінен қысқа шалу тоқылады. 4 қатар (қызыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 3 үлпілдек шалу: 3 үлпілдек шалудың негізіне (основание) бос жіп қосылған 1 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 5шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 5 шалу, бұрынғы қатардағы 1 бос жіп қосылған 6 шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың біріне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы келесі 5 шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 5 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың үстіне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқылады. 5 қатар (жасыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 2 үлпілдек шалудың негізінен 1 бос жіп қосылған 1 шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 3-ші қатардағы (2 қатар төмен) 2 бос жіп қосылған 7 шалудан тұратын екі топтың арасынан 1 жай шалу, бұрынғы қатардағы 1 бос жіп қосылған шалудың үстіне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың үстінен 2 бос жіп қосылған 7 шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 9 шалудың үстінен 1 бос жіп қосылған 2 шалу, 3 қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудан тұратын екі топтың ортасынан 1 жай шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек ілмектің үстінен 1 қысқа шалу тоқылады.

Ескерту: өрнектерді тоқымаға бір-бірінен соңғы қатарды тоқымаған кезде қосады.

Ашаға ұқсас өрнек.

Бір шалмалы бағаншаны негіздің 5 шалуында орындайды. Екі бос шалудан тізбекше құрап, негіздің сол шалуында екінші шалмалы бағанша тоқиды. Екі ілмекті босатып, үшіншіде олардың арасына екі бағанша және бос шалулар тоқиды. Осылай тізбекше біткенше тоқиды.

Кең бағаншалардан құралған ою.

Тізбекшенің 5 шалуында екі кең бағанша тоқиды, олардың арасында тізбекшенің үш шалуы жіберіліп отырады.

Бұйымның өрнегі және фасонын таңдаумен қатар жіптердің түсін дұрыс таңдаудың да үлкен мәні бар. Түстер үйлесімділігіндегі сәйкестік көріп, қабылдаудың басты элементтерінің бірі болып табылады.

Бұйымды жасаған кезде оның әркімге арналғанын адамның дене мүсінің

ерекшеліктерінің, көзінің, шашының түсін, бет бейнесін есепке алып отыру керек.

Бұрын табиғатта жиі кездесетін өсімдік сабақтарынан, жас талшық шыбықтарынан өру арқылы тоқуды үйренген. Одан кейін малдың 12 мүшесінде іске асырған. Малдың кәрі жілігінің шыбығынан ілмек біз даярлаған. Малдың жүнінен жіп иірген. Жіп деп байырғы тілімізде жүннен есілген кішігірім арқаншаларды айтады. Қазіргі кезде жіптің түрлері көп: тоқыма жіп, арқан жіп, мақта жіп, жібек жіп, кендір жіп (табиғи өсімдіктерден алынады), капрон жіп, нейлон жіп (химиялық заттардан жасалған) т.б. Қазіргі кезде ілмек бізбен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады.

Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яғни қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.

Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы.
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.



Қолданылған әдебиеттер:


1 “Пайдалы кеңестер” журналы.
2 “Мектептегі технология” журналы.
3. “Шаңырақ” 1991ж Нұрғалиева Р. Н
4 “Мода” журналы
5 “Валя-Валентина” журналы
6 “Вязание крючком различных изделий Изд. Москва-2009г
7 “Волшебный клубок” Изд- “Реклама”, 1986г
8 “Вязание”журналдары
9 “Технология” оқулығы 5-9 сынып














Өзімнің жасаған бірнеше жұмыстарым













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі