жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама тақырыбы: «Инновациялық технологияларды қолдану - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты шарты».
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Баяндама тақырыбы:
«Инновациялық технологияларды қолдану - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты шарты».
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
І-ші санатты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Ізбасарова Арайлым Табылдықызы.
Атырау 2020ж.
Баяндама тақырыбы: «Инновациялық технологияларды қолдану - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты шарты»
Баяндама авторы: Ізбасарова Арайлым Табылдықызы
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Мекен-жайы: г.Атырау ул.Аманшина 72/57
Телефоны: 87014738781
Жоспар :
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Инновациялық әдістері қолдану және тұлға белсенділігін арттырудың негізі
ә) Кәсіптік ағылшын тілін инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту
ІІІ. Қорытынды
Білімді ұрпақ- ел болашағы.
Инновациялық технологияларды қолдану - бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты шарты
Атырау энергетика және құрылыс колледжі
Ізбасарова Арайлым Табылдықызы І-ші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі
«Біз «білім – ғылым – инновациялар»
үштігі билеген постиндустриялық
әлемге қарай жылжып келеміз»
Білім беру жүйесінің маңызды саласы – мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Білім нарығында бәсекелестікке қабілетті болу үшін, кез келген білім ордасы, студенттер өз алдына мақсат пен міндеттер қоюы тиіс. «Бүгінгі жас маман – ертеңгі бас маман» тәрбиелеуде: «Жаңа заман ағымына сай, білімі мен біліктілігін шыңдай білетін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, заманауи техника мен технологияны меңгере білген тұлғаны қалыптастыру» болып отыр. Әрбір студенттің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта оқытылатын пәнді әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Инновациялық әдістері қолдану және тұлға белсенділігін арттырудың негізі
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің ерекше маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «ұстаздар қоғамның ең білімді, ең Отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсеткен.
Қазіргі кезең компьютерлік ақпараттар легі заманы. В.М.Шеппель: «Технология – бұл өнер шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы» - десе, М.Чошонов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деп анықтама берген. Оқытушы ақырын жүріп анық басып, студенттке тәрбие мен білім шуағын төгіп, студенттің таңдаған өмірлік мамандығының ыстық-суығына көнуге үйретуі тиіс. Н.Ә. Назарбаевтың «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстыруы керек», – деген сөзін басшылыққа алып, ЖТМ- те оқытушылар оқу-білім үрдісінде интерактивті техника мен технологияларды енгізудің әдістемелік аспектілерін кеңінен қолданады. Сондықтанда оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор.Ендеше инновациялық техналогия дегеніміз не? Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру,
Инновация оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікір сайысы (Сократтық диологтар), «ойындық жобалау, «пікірталас», «дөңгелек үстел». т.б.жатады. Жеке тұлға белсенділігі, инновациялық әдістер түсінігіне тоқтала отырып, колледж студенттерінің өзін -өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастыру жұмысының мазмұнын ашу, оны теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін педагогикалық тұрғыдан зерттеуді мақсат ете отырып төмендегі міндеттерді шешуге тырысамыз: - Студенттердің өзін - өзі тануы арқылы өзін-өзі басқаруды, өзін – өзі дамытуды ұйымдастырудың теориялық негіздерін айқындау.
- Студенттердің жеке тұлғалық белсенділігін артыруда инновациялық әдістерді қолдану жолдарын негіздеу.
Инновациялық әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, оқытушы, ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет.
Ал инновациялық техналогияның мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.
Инновациялық техналогияның әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.
Кәсіптік ағылшын тілін инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту
Білім нарығында ғылыми әлеуетін жан-жақты көрсету жаңа ғылыми ізденістер нәтижелеріне сүйену, шын мәнінде елеулі іс. Тағы да бір елеулі жаңалығымыз бұл біз негізгі мамандықпен қоса, әрбір студентке қосымша жұмысшы мамандықтары қоса оқытып, куәліктері беріледі. Бұл үрдісте біз қарқынды түрде инновациялық техника мен технологияларды еңгізудің әдістемелік аспектілерін кеңінен қолданып, әрбір болашақ маманға тек теория жүзінде ғана емес, сондай-ақ тәжірибе жүзінде де сапалы білім берудеміз.
Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман дәнекерлеушілері, электр жүйесінің монтаждаушылары, құрлысшылары, әрлеушілері, ЭЕМ оператор қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады.
Біздің колледжде кәсіптік ағылшын тілі қатардағы пән ретінде жүргізіледі. Кәсіптік ағылшын тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың жалпы білімін кеңейту ғана емес, сонымен қатар, оқып жүрген қазіргі ағылшын тілінде мамандығына байланысты түрлі ғылыми терминдер, электр мен жабдықтаушыларға электр саласы бойынша, газэлектрмен дәнекерлеушілерге және құрылысшыларға кәсіби сөздерді, сол әр саланың өзіне тән ғылыми терминдерді, түрлі атауларды жас мамандарға білудің маңызы аса зор. Яғни, басқа тілді адамдармен кәсіби ағылшын тілінде сөйлеу алу жағдайын жету сол сала иесінің алдына қойған мақсатының бірі болуға тиіс. Кәсіптік ағылшын тілін үйретудегі практика жүзіндегі мақсат – оқушының алған білімдерін алдағы оқуында және жұмысында сауатты қолдана алатын кең көлемді, жоғары білікті маман дайындау.
Осыған орай 2015 жылы кәсіптік ағылшын тілінен стандартқа сүйене отырып, үлгілік оқу бағдарламасын және студентке көмекші оқу құралын жасақтадым.
Бұл студенттерге көмекші оқу құралы- құрылысшы және ағаш шебері мамандықтарының бастауыш және жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді, мамандықтарына байланысты терминдерді меңгертуді көздейді.
Аталмыш оқу құралының негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру және өз мамандықтары бойынша терминдерді меңгерту. Ал терминдерді оқытудағы басты мақсат – болашақ маманға мамандығына қатысты сөздерді үйретумен қатар сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде, келешекте қызмет барысында қолдануға машықтандыру. Сондай-ақ өзі таңдаған мамандығы бойынша меңгерген терминдерді ағылшын тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Ағылшын тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Грамматикалық тапсырмаларды игеру мақсатында қысқаша ережелер берілген. Сонымен қатар студенттердің ойлау қабілетін арттыру үшін аударма жасау, жаңа сөздерді өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері берілген. Студенттердің білім деңгейін ескере отырып тапсырмалар жоғары және орташа деңгейлерге сай орналастырылған.
Мамандыққа сай әр терминді өз орнына дұрыс қолдана алатын, өз ойын дұрыс жеткізе алатын білімді маман даярлау үшін тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз.
Ағылшын тілі сабағын студенттің мамандықтарына қатыстыра, тығыз байланыстыра оқыту студенттердің өз мамандығы жайлы мағлұматын кеңейтіп, кәсіптік ынтасын арттырады, әрі пәнге қызығушылығын күшейтеді.
Сондықтан да осы бағытта әр мамандыққа байланысты оқу құралдарын дайындап, электронды оқулық жасақтау көзделді..
Менің алдыма қойған мақсатым– ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты,қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті түсе алатын, құзыретті мамандар теориялық білімін тәжірибемен байланыстыра алатын мамандар даярлау деп санаймын.
Студенттердың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және осы әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қолдана отырып “Macmillan», “English File” электронды оқулықтарын, ғаламтордан кәсіптік ағылшын тіліне байланысты сайт ашқан болатынмын ‘Guzilet.com’ сайтын, видео сабақтарды, түрлі дисктерді, жиі қолданып отырамын.Электронды оқулықпен білім берудің ерекшелігі қазіргі кезде компьютердің ақпараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз етуі үлкен деңгейлерге жетуі..Бұл артықшылықтар электронды оқулықта мультимедиа, гипертекст, интерактивтілік қолдануға негізделді [1].
Қарапайым оқулықта барлық ақпарат мəтін жəне график түрінде көрсетіледі. Электронды оқулықта барлық мультимедиалық технологияларды тиімді қолдануға болады. Электронды оқулықты негізге ала отырып, 2017 жылы қазақ тілі пәнімен ағылшын тілі пәні біріккен түрде кіріктірілген сабақ өткіздік. Бұл сабақта жаңа техналогиялырды пайдала отырып, сабағымды түрлендірдім. Мысалы: Интерактивті тақтаның көмегімен сәйкестендіру тесті жасалса, Guzilet.com’ сайты арқылы барлық студенттер компьютерде мен және смартфонмен сайдқа кіру арқылы жаңа терминдерді қайталап, тест сұрақтарымен жұмыс жасады.
Сурет -1.
Қорыта айтатын болсам, Елбасымыз айтқандай «Білімді ұрпақ-ел болашағы». Сол себепті, ел ертеңін еңсеген, болашақ маман даярлауда өзіндік ізі өшпес студенттер қауымы әрқашанда жаңа заман талабына сай, инновациялы техника мен технологияларды қолдану арқылы кәсіби шеберлігі жоғары мамандар тәрбиелеуге талмай еңбек етуден жалықпайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген