Материалдар / Баяндама. Тақырыбы: Мейіргер ісі тарихының даму кезеңдері

Баяндама. Тақырыбы: Мейіргер ісі тарихының даму кезеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада мейіргер ісінің даму тарихы туралы және осы сала бойынша құрылған ұйымдар туралы айтылады. Мейіргер ісі пәнінде теориялық материал ретінде қолдануға арналған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл жоғары медициналық колледжі


















Мейіргер ісі тарихының даму кезеңдері


Бахаева Айым Данибековна



































Мейіргер білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейіргер — емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін мейіргер  жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Медицина ғылымының өсіп-өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейіргерлерінің  рөлі артып келеді. Мейіргер  мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы  — мейіргер  ісі тарихындағы атақты күн. Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды. Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейіргер  жұмысының мерейін көтерді. Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп, сол кезден бастап мейіргер  ісінің негізі қаланды.

Соңғы кезде мейірбикенің функциясына көзқарастар өзгеруде. Егер бұрын акцент науқастарды күтуге бағытталса, қазіргі таңда мейірбикелер басқа мамандармен бірге басты міндеті ретінде денсаулықты сақтау, ауруды алдын алу, адамдардың индивидуалды мүмкіндіктеріне сәйкес барынша тәуелсіздігін қамтамасыз етуді жатқызады.

Англияда белгілі бір аурулармен (қант диабеті, бронх демікпесі) ауыратын пациенттерге көмек көрсететін арнайы мамандандырылған мейіргерлер жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің күнделіклікті қызметін — пациенттерді бақылау, оқыту сияқты амбулаторлық  қабылдау жүргізуді, басқа медициналық және әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру жұмыстарын атқара алады.

Көптеген дамыған елдерде мейіргер ісін дамыту мақсатында АҚШ-та және Германияда мейіргерлер көп жағдайларда біріншілік тексерулерді жүргізіп, пациентке арнайы медициналық көмек көрсететін мамандарға бағыт береді.

Дамыған Еуропа елдерінде жалпы практикадағы дәрігерлер пациенттерді үйде қарауға бармайды, сирек жағдайларды қоспағанда арнайы мамандандырылған мейіргерлер осы қызмет көрсетуді жүргізеді.

Финляндияда халықаралық тәжірибе негізінде мейіргерлерді дайындауды қарастырайық. Фин білім беру жүйесі мейіргерлерді дайындауда әлемдегі ең үздік болып бағаланады. Мейіргер мамандығы Финляндияда зор құрметке ие. Мейіргерлер ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Айта кететін болсақ, пациенттерге және оның отбасы мүшелеріне кеңес беру, кейбір медикаментозды терапияда рецептерді жазу сияқты жұмыстарды жүргізеді.

Емханаға алғашқы тексерілуге келгенде пациент алдымен мейіргерлермен ақылдасады. Мейіргер пациенттің жағдайын бағалап, қажетті тексерілулерді тағайындайды, және тиісті маманға жібереді.

Орта медицина қызметкерінің міндетіне өз жұмысын жетілдіру, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық  сақтау саласындағы басқа да манмандармен бірге әрекет ету, сонымен қатар көптеген пікір таластарға қатысып, жалпыға маңызды шешімдерді қабылдай білу кіреді.

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:
— емделушінің күтімін ұйымдастырушы;
— емделушінің күтімін орындаушы;
— емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);
— педагог (консультант);
— зерттеуші;
— лидер (көшбасшы);
— медициналық бригаданың белсенді мүшесі

Әлемдік мейіргерлік ұйымдарға тоқталатын болсақ:   

Біріккен Ұлттар Ұйымында денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ ''Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы'' болып саналады. “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы” 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге, “ Мейірбике мамандығына” қатысты сұрақтарды шешеді.

Әлем бойынша ең үлкен халықаралық мейіргерлер ұйымы Signa Teta Tay international (STTI)  болып табылады.

Ұйым 1922 жылы Индиана штатында алты мейіргер студенттің бастауымен құрылған. Студенттер мейіргерлік білімдерін тарату арқылы дүние жүзіндегі халықтар денсаулығын жақсартуға ықпал ету мақсатында ұйымды құрған. Қазір STTI әлемнің 90 елінде қызмет атқаратын 250 000 мейіргерлерді біріктіреді.

1971 жылы «Халықаралық медбикелер кеңесі» ұйымы құрылып, әлемнің 141 елінің мейіргерлері осы ұйыммен бірге қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:
— кәсіби және орта буынды медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату;
— орта буынды медицина персоналдарын пайдалануды нәтижелі түрде жоғарылату;
— әртүрлі деңгейдегі мейірбике ісінің дамуына (нәтижелі) көмек көрсету;
— орта буынды медицина қызметкерлерінің құқықты реттеулерін жетілдіру;
— мейірбике қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру;
— мейірбике көмектерін жаңа ұйымдастыру түрлері мен технологияларын дамыту;
— мейірбике кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;
— халыққа мейірбикелік көмектің сапасын қамтамасыз ету;
— мейірбике ісінің дамуында мемлекеттік емес секторлардың салымын жоғарылату.
     

Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтқанын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға  үлес қосатын, өзінің айқын  міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бұған болашақ бітірушіні өзінің оқу үдерісі барысында алған білімін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман ретінде дайындаса ғана қол жеткізуге болады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»
2. Н.Г.Соколова,В.Д.Тульчинская «Сестринское дело в педиатрии»
3. kingmed.info/knigi/Sestrinskoe_delo/book_4149
4. group-global.org/kk/publication/35039-meyirbike-isi-zhuyesinin-roli-zhne- zamanaui-gylym-negizi
5. www.buisness.startinfo.kz
6. http://sestrinskoe-delo.ru/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ