400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату. Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру. Құрал-жабдықтар: Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ





«Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету және дамыту жаттығулары және психологиялық жұмыстары» тақырыбында өткізілген «Жантану» ӘБ –нің педагогикалық отырыста оқылған

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері»

Picture 1















Оқыған: Педагог-психолог Култанова Т.Б











2018-2019 оқу жылы

Жасөспірім жастағы психологиялық ерекшеліктері және өзгерістері

Жасөспірімдік шақ  жас   адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық,физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үшін 16-20 жас аралығы белгіленді.

Жасөспірімдік жастың мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп,жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Жасөспірімдік жаста негізінен ағзаның физикалық дамуы, жыныстық толысуы аяқталады, дененің өсу темпі баяулайды, жұмысқа қабілеттілік және бұлшықет күштері айтарлықтай өсе түседі, тканьдардың және мүшелердің функционалды дамуы және қалыптасуы аяқтала бастайды.

15-17 жастағы адамдар бір елдің тұрғындары болса да, әрқайсысында дамудың әлеуметтік жағдайы әр түрліше өтуі мүмкін. Сонымен қатар физикалық, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік толысулардың барлық адамда бір ағынмен жүрмейтінін ескерсек, адамдардың дамуындағы бұл маңызды этапты сипаттау және зерттеу қиынға түседі.

Жасөспірімдік шақ ол өтпелі кезең. Осы өтпелі кезеңде жасөспірімдердің әке- шешесімен қарым- қатынасы қандай?

Әр отбасының өзіндік ерекшеліктері бар. Жасөспірімдік кезеңде бала психологиялық, биологиялық жағыннан өзгерістері пайда болып, олардың  әке- шешесімен қатынасуда кейбір  қиыншылықтар пайда болады.  Жасөспірімдер өздерін  ересек адамдар сияқты  қатынассын десе, ата- анасы болса оларға әлі  де кіші   балаға сияқты қарайды. Әлбетте осындай уақытта  ата- ананың маңызы зор.

Жасөспірімдік жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы туралы атап айтатын мәселе: осы кезеңдегі жасөспірімдер дербес өмірге кірудің алғашқы кезеңдерін басынан өткізе бастайды.

 Жасөспірім кезеңіне психологиялық мінездеме.

Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.

Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.

Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс. Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтайтын, тарихи бекітілген нормативтерімен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.

Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.

Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.

Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.

«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Осы жастағы өзгешелік психолог

Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.

3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э.Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.

Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қарастырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдыңғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырмашылықтарына байланысты ойыстай бастайды .

Есею сезімі – бұл жасөспірімдік шақтың басталуының психологиялық симптомы болып отыр.  Д.Б.Элькононинің анықтамасы бойынша «есеюі жасы бұл сананың жаңалануы, осы арқылы ол өзін басқа  адамдармен салыстырады(достары, туыстары) өзіне үлгі алады,басқа адамдармен қарым- қатынас орнатады, өзінің шығармашылығын қайта құрады.»
«Есеюі» кезеңі әртүрлі болып келеді.  Сондықтан ата- ана рөльі   жасөспірміге уақытында көмек беру, баланың есею кезенің қарап, оның қажеттіліктеріне байланысты дұрыс жол көрсетіп, бағыт бағдар беру.
Жасөспірім мектеп оқушысы болып қала береді, оқу  іс- әрекеті сол өзінің маңыздылығында қалып, баланың психологиялық жағдайы екінші жоспарда болады. Өтпелі кезеңнің қиын жері бұл баланың ортада өзінің есейгендігін көрсету.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына , ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .

Қорытындылай келе жоғарыда айтылған сөздерге қоса тәрбиелеу стилінің теріс түрлері де бар. Бұндай фактілерге (Э.Г.Эйдемиллер, 1998)  тәрбиеннің үйлесімсіз стильдерін жатқызды:

  1. Ата- ананың балаға жұмасайтын уақытымен күш жігерімен анықталады. Осындай кезде ата- ана балаға көп уақыт көңіл бөледі. Бұрын баланың тәрбиесіне қарамай енді бір жағдай болып қалғаннан кейін көп көңіл бөліп, тәрбиесін қадағалайды.

  2. Бала қажеттілігінің қанағаттандырылған дәрежесі.  Ата- ана баланың дегенің жасап, еркелетеді. Көбіне балаға материалдық жағыннан қажеттілігін  қанағаттандырып, рухани қажеттілікті қанағаттандырмайды.

Жанұя – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, төлтума халық педагогикасының маңызы зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана-сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батырлық пен батылдыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі