Тақырыбы:
«Отбасында тәрбие үрдісін
ұйымдастыруда ата-аналар қызметі»
Халқымыздың сан ғасырдан бергі
даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен.
Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген
құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән
бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші
біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның
бәрін түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз
бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен
мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам
өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Баланың алғашқы тәрбие алатын
орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы
қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың
тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі
мақсатымыз.
Бала тәрбиесімен тікелей
шұғылданушы бүгінгі ата-аналардың арасынан халықтық тәрбиеден
алшақтауы, өзінің туған ана тіліне немқұрайлылықтың болуы, батыстан
келген өмір сүру дағдыларына икемделуі, кейбір отбасыларында алатын
келеңсіз жағдайлар, бала тәрбиесіне кері әсерін тигізбей қойған
жоқ. Бұған дәлел, некелердің тұрақсыз бола
бастауы, ажырасқан жұбайлардың саны
тоқтаусыз өсуде, бала туу азайып,
көптеген отбасында бала саны аз
және саналы түрде баласыздықты
қабылдайды, толық емес отбасыларында
тәрбиеленетін балалар менжетімдер саны
өсуде. Некеге тұрудың өзі заманның
сәні болмай қалды,
егер
бұрын
отбасысы жоқ адам бақытсыз немесе
толыққанды емес болып саналса,
қазіргі кезде жалғыздық көбінесе
қалыпты жағдай ретінде, тіпті
кейде тартымдыөмірдеп қабылданады.
Азаматтық
некелер көбейіп келеді: отбасылық
жұптардың үштен бірі бүгінде некелік
одақтың осы түрін қалайды.
Бұл
жағдайлар жасөспірімдер арасында тас-бауыр, қатыгез ұрпақтардың
көбеюіне, балалардың жастай қылмыстарға баруына, зиянды әдеттермен
әуестенуіне, өзіне-өзі қол салуына итермелеуде. Жоғарыда аталған
мәселелердің кең қанат жаюына ақпарат құралдарының да теледидар,
интернет, ұялы телефон, компьютерлік құмарлық және т.б. теріс
ықпалын тигізетіндігін айтқан жөн.
Жүсіпбек Аймауытов: «Адам
баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты
бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен, баланы бұзуға,
яки түзетуге болатын бір шарт – жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге
ата-анасының тәрбиесі арқылы қалыптасады» деген орынды пікір арқылы
бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше мән берген. Сондықтан
ата-ана тарапынан үнемі бақылау және балалардың әлеуметтік желіде
немен айналысатындарын білу керек. Балаларды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу, үйде бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру,
үйірмелерге қатыстыру, баланың бойына барлық жақсы
қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,
табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай
жасау — ата-ананың басты парызы.
Ата-аналардың оқу
мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы
жан-жақты болса жемісті болады. Ең бастысы – бала ата-ананың
оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі
керек.
Кез келген бала үлгілі немесе
үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру
мен сыйлауды қалайды.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы
әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді
аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда
сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға
тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз.
Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз.
Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға
тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп
жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже
бермейді.
Қорытындылай келе, өз
баламызға: мен сені жақсы көремін, мен сенімен біргемін. Бірге біз
барлығын да жеңеміз! — деуді бүгіннен бастайықшы, құрметті
ата-аналар!