400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баяндама Тақырыбы: Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
А) Тарих пәнін оқытудағы критерийлі бағалау – тарих сабағында оқушыны әділ бағалаудың негізі Ә) Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалауды жүзеге асыру жолдары және дискриптор құру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігі білім бөлінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ











Тақырыбы: Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі





Секциясы: тарих

Пәні: тарих

Авторы: Әбілхайрова Жазира Несіпбайқызы















Шолаққорған



Жоспар

І Кіріспе

А) Критериалды бағалаудың қағидаттары, мақсаты мен міндеттері



ІІ Негізгі бөлім

А) Тарих пәнін оқытудағы критерийлі бағалау – тарих сабағында оқушыны әділ бағалаудың негізі

Ә) Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалауды жүзеге асыру жолдары және дискриптор құру

ІІІ Қорытынды

А) Тарих пәнін критералды бағалау арқылы оқушыдан күтілетін нәтиже































«Терең білім - Тәуелсіздігіміздің тірегі,

Ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны».

Н.Ә.Назарбаев.



Ж. Аймауытов бір сөзінде былай дейді: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» Сындарлы оқыту технологиясы бүгінгі таңда бірден-бір тиімді әдіс болып саналады. Мен 2017 жылдың мамыр айында жаңартылған бағдарлама бойынша «қазақстан тарихы» және Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан тәлім алып қайттым. Бұл бағдарламада бізге қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттарын, жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының басымдықтарын, «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша жалпы білім беру бағдарламаларының құрылымын, «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытудағы педагогикалық тәсілдерді, «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша критериялды бағалау және оқытуды жоспарлауды үйреткен болатын. Мені осы бағдарламадағы критериялды бағалау жайлы айтылған мәліметтер қатты қызықтырған болатын. Сондықтан бұл баяндамамның тақырыбын «Тарих пәнін оқытуда жаңартылған ағдарлама бойынша критериалды бағалаудың тиімділігі» деп алдым. Курстан алған білімімді мектептегі тәжірибеме қолданғанымда сабақты критери арқылы бағалау өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңа бағалауға қызыға қарады. Білімдерін жаңа тәсілдер арқылы бағалау оқушылардың таңғалысын тудырды.Себебі бұрын мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір-біріне баға қоя алатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір-бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз-өздерін критерийлер арқылы топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгере бастады.

Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді.







Критериялды бағалау жөнінде толығырақ айта кетейін.

Оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Критериалды бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериалдармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН,  107 бет]

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелерімен тікелей байланысты.

  • Шынайылық, сенімділік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.

  • Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылық жауапкершіліктерін оятады.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.

  • Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.



Критериалды бағалаудың міндеттері:

Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе, оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойлағаны бағаланады.

Бағалау критерилері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі.


А Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпатарры талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу


В Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады.

С Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер әлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

Д Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойлар, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.


Бағалау критерийлері


Критерий

Әріптік жүйе

Мазмұны

Білім алушылардың когнитивтік іс-әрекеті

Тапсырмалар,

Бақылау әдістері

Білім

А

Меңгеретін және берілетін білім негіздерінің критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Тест тапсырмалары;

Терминдер мен ұғымдарды жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртібі

Түсіну

В

Білімді қабылдап, түсіну критерийі

Оқушылардың белсенділігі

Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру

Қолдану

С

Алған білімді қолдану критерийі

Оқушының шығармашылығы

Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке-дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру

Жинақтау

Д

Білімді жай қабылдамай талдап, саралап салыстыру критерийі

Білім алушының өз іс-әрекеті мен белсенділігі

Білімді жүйелеу және білімді топтастыру;

салыстыру;

Талдау

Ғ

Алынған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі

Білім алушының өз іс-әрекеті мен белсенділігі

Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу

Баға (сыни өзіндік пікір)


Өз пікірін білдіріп, сынап жоққа шығару, мақұлдамау критерийі

Білім алушылар мен мұғалім

Нәтиже шығару

Критерий бойынша білім алушылардың білім жетістігін бағалауға арналған дескрипторлар

Критерий

Дескрипторлар

Ғ

Бағдарлама материалы бойынша білімдер жоқ; оқу бағдарламасының негізі материалын білмеу, дөрекі қателерді жіберу.

Д

Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес, бағдарлама материалын терең түсінбейтіні байқалады; басымды идеялар мен теориялық қағидаларды баяндау барысында жеке қателіктер жіберіледі

С

Материалды тек репродуктивті баяндай алатыны байқалады; дербес қорытындылар мен тұжырымдар жасай алмайды.

В

Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нақты материалды, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Периодтық баспадан және және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу. Бірақ баяндау барысында басымды емес қателіктерге әкелетін мәліметтердің болуы.

А

Жауап толық, дұрыс, негізгі идеяларды білетіні көрінеді; оқыған заңдардың қағидаларын білу, негізгі түсініктерді және заңдылықтарды білу. Педагогтық баспадан және басқа пәндерден материалды қосымша қолдану. Дәлелдей білу, аргументтер келтіру, қорытынды, тұжырымдар және қарсы пікірлер бере білу



Әр пән бойынша білім алушының білім жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері

Деңгейлер

Критерийлер

Білім жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі

1-деңгей

Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.

Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады»

5 балл, немесе

«сынақтан өтті»

2-деңгей

Білімі: а) ақпараттың себеп-салдарын «түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.

Біліктілігі: өзгертілген жағдайда

«қолданады»

6 балл - 9 балл

3-деңгей

Білімі: алған білімін «жинақтай» алады.

Біліктілігі: Өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады (рефлексия жасай біледі)

10-12 балл

Барлығы


12 балл









Балды бағаға айналдыру шкаласы

  • 11-12 балл – бағасы «5» (90%-100%);

  • 7-10 балл – бағасы «4» (75%-89%):

  • 5-6 балл –бағасы «3» (69%-74%);

  • 5-6 балл – бағасы «3» (69%-74%);

5 балдан төмен – «сыннан өтпеді»

Мұндай ма да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мазұнның күрделілігіне сәйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элиталары мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пәндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді. Оқушылар жеке басының қабілетіне сәйкес бағыттағы пәндерді толық және терең меңгеріп жүйелі түрдегі берік білім алуына қолайлы жағдай туады. Дарынды оқушылар барлық пәндерден төртінші шығармашылық деңгейден көрінетін болады. Сонымен қатар, біріктірілген сыныптары бар шағын комплектілі мектептердің де өзекті мәселелері шешімін табады.

Мен өз тәжірибемдегі тарих сабағымда критериалды бағалауды қолданған екі сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.

Пәні: Тарих Сыныбы: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Отырар – қаһарман қала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Отырар қаласының қаһармандығы жайлы түсіндіру

Дамытушылық: дидактикалық тапсырмалар арқылы тапсырмалар арқылы оқушыларды сындарлы ойлау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: топтық тапсырмалар арқылы бірлескен жұмысқа ақлыптастыру

Табыс критериі: Оқушылар Отырар қаласының қаһармандығы жайлы деректермен танысады, топтық тапсырмалар арқылы бірлескен жұмысқа қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер: «Жеміс жинайық», «Ия немесе жоқ», «Өкіл», «Венн» диаграммасы, Кестені толтыр, «БББ»

7 модульдің кіріктірілуі:

  1. Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,

  2. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға бағыттау,

  3. Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау,

  4. Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану

  5. Оқушыларды жас ерекшелігіне қарай оқыту

  6. Дарынды және талантты балалармен жұмыс,

  7. Оқытуды басқару және көшбасшы

Сабақ кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдастыру:


3 минут

  1. Сәлемдесу, жағымды ақуал қалыптастыру, сынып тазалығына көңіл бөлу, құрал-жабдықтарын дайындату, назарларын сабақ барысына аудару.

  2. Оқушыларды тақтадағы алма пішінді стикерлердің түсіне қарай топқа бөлу

Сәлемдесу, құрал-жабдықтарын дайындап назарларын сабаққа көңіл бөлу

Топқа бөлінеді.

Оқулық, дәптер, үлестірме қағаздар, Жеміс жинайық ағашы, стикерлер.

2. Ойзерек

2 минут

Еркін сұрақ.

Оқушылар өз ойымызбен еркін жауап берейікші. Тарих дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз ойларымен еркін жауап беру

Тақырыптық слайдтар

3.Үй жұмысы сұрау

Үй жұмысын бекіту

  1. минут

І Әр топ арасында «Ия» немесе «Жоққа» құрылған 5 сұрақтан сұрақ жауап алмастыру.

ІІ Тақтадан танымдық сұрақтар қою

1.Ұлы Жібек жолы неліктен осылай аталды?

2.Ұлы Жібек жолының бір бөлігі Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтті?

3.Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстанға қандай тауарлар әкелініп, қандай тауарлар сыртқа шығарылды?

4.Ішкі күре жолдардың көшпелі ата-бабамыз үшін қандай маңызы болды?

Өткен тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беру

5.Ортағасырлық қалалар Қазақстанның қай аймақтарында қалыптасты?

6.Түркістан, Сығанақ қалалары қазақ халқының тарихында қандай рөл атқарады?

Үлестірме қағаздар

5. Жаңа сабақ тақырыбын ашу

2 минут

Ой қозғау Отырар қаласының құдіреттілігіне байланысты бейнебаян көрсете отырып, жаңа тақырыпты ашу.



Еркін сөйлеуге тырысады

Тақырыптық слайдтар

І Негізгі бөлім :

  1. Жаңа сабақ

3 минут

Интерактивті тақтадан Отырар қаласының қаһармандығына байланысты тақырыптық слайдтар көрсете отырып, жаңа сабақтан қысқаша мәліметтер айту.

тыңдайды

Тақырыптық слайдтар

  1. Оқулықпен және дәптермен жұмыс

8 мин

Оқуға мүмкіндік беру

«Өкіл» әдісі арқылы әр топқа тиесілі тақырыпшалар оқуға бөліп беру және әр топтан бір өкіл тағайындап түйінді ой жазып келуге тапсырма беру.


Кітаптан мәтін оқиды талдайды, түйінді ой жазады, топқа түсіндіреді

оқулық

  1. Сергіту сәті

3 мин

Математикалық есептеу ойынын ойната отырып жаңа сабақтан сұрақтарға жауап алу

Ойнай отырып ойлайды

Тақырыптық слайд

  1. Талқылау


«ВЕНН» диаграммасы бойынша

Қайырханның тұсындағы Отырар қаласы мен Әмір Темір тұсындағы Отырар қаласының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып жар қағазына жаздыру.

Талдау жасайды, салыстырады, топтан арнайы спикер шығып қорғайды.

Жар қағаздары, стикерлер, маркерлер.

  1. Жазба жұптық жұмыс

5 минут

Кестеде бірілген тапсырманы жұп болып орындауға тапсырма беру

1.Ұлы Жібек жолы қандай қалаларға қатынайтын сауда жолы болды?

2.Отырар қаласында қандай жұмыс түрлері жұмыс жасады?

3.Шыңғысханның тұсында әскери тәртіптің күші қандай болды?

Жұптасып жұмыс атқарады.

Кеспе қағаздары, қаламсап


  1. Қорытынды

5 минут

Топ бойынша ақылдасып ортаға бір көшбасшыны жаңа сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру үшін ыстық орындыққа шығару

Бірлескен жұмыс жүреді

Тақырыптық слайдтар

  1. Кері байланыс

3 минут

Не білетін едім?

Не білдім?

Не білгім келеді? Сұрақтарына ауызша еркін жауап алу.

Өз ойларымен еркін жауап береді.

Тақырыптық слайдтар

2. Үйге тапсырма

4 минут

Үйге берілген тапсырманы

түсіндіру. Отырар қорғаны туралы әңгіме құрастыру.

Күнделікке жазып алу

Күнделік

3. Бағалау

Критериалды бағалау

«5»- 10-12 балл

«4»- 9-6 балл

«3» - 5-0

Өзара бағалау

Сынып журналы, баға карточкасы





ҰМЖ І тарау:«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі»

5.1. А

Мектеп: №1 Ы. Алтынсарин атындағы ЖОМ


Күні. 20.05.2017 ж

Сынып: 5

Қатысқандарсаны: 24

Қатыспағандарсаны:-

Мұғалімнің аты-жөні:

Әбілхайрова Жазира Несіпбайқызы

Сабақтыңтақырыбы:

«Ботай мәдениеті»

Оқу мақсаттары:

5.4.1.1. Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Ботай мәдениеті туралымәлімет алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Ботай мәдениеті табылған жерді картадан тауып ескерткіштерді анықтайды.

Кейбір оқушылар:Мыс-тас ғасырының ескерткіштеріне анықтама жасайды.

Бағалау критерийлері:

1.Ботай мәдениеті тұсындағы адамдардың айналысқан кәсіптері мен шаруашылықтарын сипаттайды.

2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындардың жылқыны қолға үйреткендігін біледі,археологиялық олжалар арқылы энеолит дәуіріндегі адамдардың өмірі,тұрақтары туралы мағлұматтарды түсінеді.

Тілдік мақсат:

Сабақ барысында оқушылар энеолит дәуіріндегі өзгерістерді талдайды,осы кезеңдегі адамдардың дүниетанымдық түсініктерін анықтайды.

Талқылауға арналған тармақтар.

Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды.

Тірек сөздер :Энеолит,жүген деген сөздердің мағынасын түсінеді.


Құндылықтарға баулу:

Ата-бабаларымыздың тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.


Ойлау қағидалары:

Түсіну, қолдану

Пәнаралық байланыс:

География, дүние жүзі тарихы, биология

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістері және еңбек құралдарының жетілдіруі туралы түсініктері бар.




Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

І кезең: сабақың басы /12 мин/

5 мин









2мин





5мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Түгелдеу

  • Балалардың көңіл-күйін анықтау

  • Сергіту сәті

«Мен жасаған жақсы іс»атты шаттық шеңберін өткізу.Оқушылар ортаға үлкен шеңбер болып тұрады да, бүгін сыныптастарына қандай жақсылық жасағанын айтады. Мақсаты: сыныпта мейірімділік, сенімділік қарым-қатынас орнату. Бір-бірлеріне жағымды ахуал туғызу.


ІІ.Топқа бөлу.

АТт әбзелдер атаулары арқылы топқа бөлу.

І топ Үзеңгі

ІІ топЖүген

ІІІ топ Ер тоқым


«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау

1.Неолиттік жаңалықты анықта.

2.Мұз басу кезеңі қай дәуірді қамтиды?

3.Неолит заманынының он жаңалығын атап бер?

4.Неге қыш ыдыстар жасау неолит дәуірінде кең тарады?

5.Жер бетінде ежелгі халықтардың қалыптасуы қашан жүзеге асырылды?

6.Неолит дәуірінің басты ерекшелігі не?

7.Неолит дәуірінде орнаған рулық қатынас қандай?

8.Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі

9.Қазақстан аумағында неолиттік қанша тұрақтар табылды. 10.Жаңа тас ғасырында қандай еңбек құралдары табылды?

 


Оқулық









суреттер





Оқулық Атамұра баспасы Көпеков 2017 ж слайд

ІІ кезең.

Сабақтың ортасы

минут /26 минут/

3-минут







8-минут







3-минут






«Қарлы боран»әдісі арқылы жаңа сабақтыңтақырыбын ашу

1 –Ең алғаш игерілген меттал.

2- Тас пен қола арасындағы байланыстырып тұрған кезең?

3-Әр дәуірдің өзіндік ерекшелігін не сипаттайды?.


«Өкіл әдісі» арқылы жаңа сабақтың тақырыбынан топтық тапсырма беру.

«Ботай мәдениеті » тақырыбында ауызша хабарлама беру.

Топтық жұмыс

І топ Ботaй тұрағын зерттеген археолог кім және қандай жәдігерлер табылды?

ІІ топ Энеолиттік ескерткіш шебір eлді мекені қaй өңірде орналасқан? Картамен жұмыс

ІІІ топ Ботай тұрағының ерекшелігі неде?




«Венн» диаграммасы

Ботай тұрағы мен Шебір тұрағын салыстыру.Жекелей жұмыс



 Ақ қағаздан қар жасалады


 

  






Постeр










А 3 парақша-сын пайдала-ну.



5-минут

ТЕСТ

1.Шаруашылығы туралы.

2.Баспаналары туралы.

3.Ат әбзелдері туралы

Топпен бөлісу жұмысы





Тест тапсыр -малары




7-мин

Қалыптастырушы бағалау


Мәтінмен жұмыс. (Қалыптастырушы бағалауға арналған деңгейлік тапсырмаларымен жұмыс)

Тапсырма:

1. Энеолит дәуіріне анықтама беріңдер.

2. Ботай мәдениетін сипаттаңдар.

3.Қазақстанаумағында қандай мәдениет таралған?



Мәтін,

таратпа материалдар

Постер

ІІІ кезең

Сабақтың соңы

7 минут


4-минут

Инсерт стратегиясы (Б.Б.Б.)

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Тас дәуірін толық білемін.

Ботай мәдениеті туралы мағлұматтар алдым.

Мұражайларда табылған жәдігерлерді көзбен көріп,саяхат жасап, мәлімет жинау.


.




Парақша


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», «жіктеу» тәсілдерін қолдану жоспарланды. Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

«Қарлы боран» әдісін пайдалану

«Өкіл» әдісін пайдалану.

«Венн» диаграмасын пайдалану.

Визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, слайдтар көрсетемін. Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау


«Қалыптастырушы» бағалау парағы

2 жұлдыз, бір тілeк, cмaйликтер т.б.



Денсаулық сақтау педагогикасын,

CЭС талаптарын сақтау.

сергізу сәтін өткізу. Eгер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне

сәйкес ой сергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

2-минут

Сабақта ұнаған

2-нәрсені атаңыз.

1._________________

2._________________


Сабақтың бұдан да қызық өтуіне не қосар едіңіз?

1._________________

2._________________



С тикерлер

Үйге тапсырма:

1-минут

 

Ботай мәдениті туралы қосымша мәліметтер жинау.


Кестені толтыру

Тас дәуірінің кезеңдері

Кезеңнің хронология-

лық ауқымы

Жаңалық-

тар мен өнер

табыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы

Ерте палеолит

Ерте палеолиттің мустье кезеңі

Кейінгі палеолит

Мезолит

Неолит

Энеолит







Оқулық

Ғаламтор







Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымызда бағалау тек сабақты оқушының өзінен сұрап, басқа оқушыларға сұрақ қойдырып, біздің баға қоюымызбен жүзеге асатын. Мұндай жағдайда оқушы кейде өз бағасына қанағаттанбай ренжіп те қалатын. Өзін-өзі бағалауда бала тосылып қалатын. Өзара бағалауда түрлі кикілжіңдерге тап болатын. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мен бұдан былай өз сабақтарымда критериялды бағалауды қолданып жүретін боламын. Себебі критериалды бағалаудың нәтижесінде оқушы өзін-өзі бағалау кезінде неге сүйеніп бағалайтынын біліп отырады. Өзара бағалауда ешқандай кикілжің тумайды.Топтық бағалауда шынайы білімдерінің бағасын алады. Бала өз білімінің сапасын өзі біліп тұрады. Сіздің сабағыңызда оқушы не үшін баға алғанын біледі.















































Пікір

Әбілхайрова Жазира Несіпбайқызының «Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі» атты баяндамасында жаңартылған оқу бағдарламасының тиімді әдістерінің бірі критериалды бағалаудың тарих пәнін оқытудағы тиімділігі жөнінде айтқан. Критериалды бағалаудың мақсаттары мен міндеттірін жүйелей білген. Бағалау бойынша арнайы дескрипторлар құрудың жолын көрсете келе сол дескрипторларды бағаға айналдыру жолын да көрсете білген.

Жазира критериалды бағалаудың тиімділігі жөнінде айта отырып өз тәжірибесінен екі сабағын үлгіге алған. Сол сабақтарында критериалды бағалаудың тиімділігін ашып көрсеткен.

Әбілхайрова Жазираның «Тарих пәнін оқытуда критериалды бағалаудың тиімділігі» атты баяндамасы құнды деп есептеле отырып. Тамыз пед оқуына оқылуға ұсынылды.

Тарих пән бірлестігінің жетекшісі: Қожабекова Үрзада Ақбердіқызы





















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы №3 2017жыл

  2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы №4 2017жыл

  3. «Білім мазмұнын жаңартуда жалпы орта білім беретін мектептердегі пән мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша ұсынымдар» Құрастырушы: Тасполат М.

  4. Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы 5-сынып Артықбаев Ж.О., Ә.Ә. Сабданбекова, Е.А.Әбіл Алматы «Атамұра» 2015

  5. Ежелгі қазақстан тарихы оқулығы 6-сынып Алматы «Атамұра» 2015

  6. Қазақстар тарих очерктері 1994 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
3135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі