Баяндама Тақырыбы:Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Тақырыбы:Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік... Кең де мағыналы ұғым. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдар арман етіп, ту етіп биікке көтеріп, Тәуелсіздік алғанымызға биыл міне, 30 жыл толғалы отыр. 30 жыл жалындап жалын атқан, оң мен солын, ақ пен қараны айыра білетін, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, білім мен білік дағдыларын меңгерген жас жігіттің жасы... Қазіргі таңда жас мемлекетіміз дүние жүзінде өз орны бар, алға нық қадам басқан, асқақ армандар мен ұлы мақсаттарды орындау жолында жаңашыл бағыттағы түрлі стратегияларды жүзеге асырып келе жатыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары

Султанова Г.


Тәуелсіздік... Кең де мағыналы ұғым. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдар арман етіп, ту етіп биікке көтеріп, Тәуелсіздік алғанымызға биыл міне, 30 жыл толғалы отыр. 30 жыл жалындап жалын атқан, оң мен солын, ақ пен қараны айыра білетін, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, білім мен білік дағдыларын меңгерген жас жігіттің жасы... Қазіргі таңда жас мемлекетіміз дүние жүзінде өз орны бар, алға нық қадам басқан, асқақ армандар мен ұлы мақсаттарды орындау жолында жаңашыл бағыттағы түрлі стратегияларды жүзеге асырып келе жатыр.

Мен тарих пәнінің мұғалімімін. Шәкірттеріме тамырын тереңнен алған тарихы туралы, тарихи тұлғалар туралы, ата-бабаларымыздың ізгі жолы туралы білім нәрін сіңіремін. Түп тамырыздың кімнен, қалай таралғандығынан шежіре шертемін, өткен мен болашақтың алтын көпірін жалғаймын. Өйткені, мен тәуелсіздің елдің ұстазымын! Оқушыларымның ешкімнің алдында илікпей, жүректерінде намыс оты лаулаған жалынды, жүректі, қайратты болғандарын қалаймын. Тарих пәні әдебиет сияқты ауызша сөйлеуді, сөздік қордың мол болуын, есте сақтау қабілетті шыңдайтын пәндердің бірі. Сондықтан өзімнің іс-тәжірибемде инновациялық әдістердің ішіндегі сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс жасап келемін. Инновациялық технологиялар деген не? Оны сабақ барысында қалай жүзеге асырамын?
Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық саласы технологияларын меңгермейінше, сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес..
Мектепте білім беруді жақсарту мұғалімге байланысты екені сөзсіз Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
Қазіргі таңда менің оқушыларым тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері бойынша өз ойларын ашық айта алатын, өздеріне сыни көзқараспен қарай алайтын дәрежеге жетті. Әрине, барлық оқушыларым деп айтуға келмейді. Бірақ нәтижесі айтарлықтай байқалады. Сондықтан болашақта мен шәкірттерімнен үлкен үміт күтемін. Тарихтың терең тұңғиығын зерделей алатын, болашаққа нық сенімді қадам басатын, қоғамда өз орындарын таба білетін ұлт болашағы болатынына сенемін!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2022
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі