400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама .Тақырып: Инклюзивті білім беру заманауи ахуалының салыстырмалы талдау жүргізу (халықаралық тәжірибе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы









Баяндама







Тақырып: Инклюзивті білім беру заманауи ахуалының салыстырмалы талдау жүргізу (халықаралық тәжірибе)



Қабылдаған: Ташева Л.

Дайындаған: Әбуова Г.

















Қызылорда, ақпан 2018ж

Инклюзивті білім беру заманауи ахуалының салыстырмалы талдау жүргізу (халықаралық тәжірибе)

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік- экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады делінген.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру  боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.  Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі)  қарапайым топтарда өткізіледі.

Міндеті: Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастыру.. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асыру. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасау.

Инклюзивті білім беру   – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып,  барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс  .

Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алуға құқығын  іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында.     Қатынасу  –  білім беру басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен, оқушылар мұғаліммен және бір- бірімен қатынасуы тиіс.  

Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны  144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында     2019 жылға қарай:

  • мектепке дейінгі ұйымдардың 30%;   мектептердің  70% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;

  • психологиялық-педагогикалық түзеу және психологиялық-педагогикалық консультациялар   кабинеттері  желісін кеңейту.

  2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан  495 б/б) балабақша  инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7%  немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады    (  40 мыңнан астам бала).

Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі  ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).

Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар  жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы  2605 арнайы  сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы  білім алады.  

Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинеттері, 58 психологиялық-медицииналық-педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды  көрсетуде.

ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды.  «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау  елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі.  Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.      3 жыл ішінде  2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.  Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін   инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар  әзірленді және енгізілді. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  білімге қол жеткізуді электрондық білім беру жүйесі де қамтамасыз етеді.   Үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады.  Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақталар және манипуляторлар алынады; есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоны бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады.   Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары , соның ішінде принтерлер мен Брайлевтік дисплейлер, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.

Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы  мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы мекемелерінің 41 % логопедтік жаттықтырғыштармен , 37%  — есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған.  

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері

Инклюзивті білім беру -  жалпы орта мектептерде  мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту

Инклюзивтік білім беру негізінде –

Барлық адамдарға  тең қарым- қатынас

Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,

Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға     арнайы жағдай жасау.

. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:

- Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету

- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.

Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік  технологиянының артықшылығы:

- Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның теңдестік темпі үшін әр баларға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;

- Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;

- Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;

 Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі. Француз тілінен аударғанда «Инклюзив» сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді . Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады.

Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат

  • Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж. “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді.

Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негіз береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда. Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылатындығын мойындаған. Компьютерлік технология арқасында мүмкіндіктер пайда болды:

Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері:

  • Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;

  • Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,

  • Кең таралағн білім көздерінен ақпаратты іздестіру,

  • Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;

  • Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

Компьютер білім беру саласында түрлі қызметтер атқарады;

  1. Оқыту пәні ретінде;

  2. Педагогикалық меңгеру жүйесінің компаненті (сыңары) ретінде;

  3. Білім беру мекемелерін басқару сыңары ретінде;

  4. Ғылыми –педагогикалық қызмет ретінде;



Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .

«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі тиіс», - деп атап көрсеткен болатын.]Бұл дегеніміз жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Біз еліміздің болашағын сенімді жастар қолында, сондықтан да біліммен тәрбие қатар жүруі тиіс.Сондықтан да әр оқушының бойында отансүйгіштік қасиеттерін асқақтату да басты парызымыз.Білім беру мекемелері маман даярлаумен қатар, сегіз қырлы, бір сырлы, ерік –жігері мығым, елін, жерін қастерлейтін, алда тұрған асуларды қиналмай алуға қабілетті адам тәрбиелеуге міндетті. Білім беру ісіндегі тәрбиенің орны қай кезде де маңызын жоймайды. Өйткені білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі керек екендігі қоғам тарапынан қолдау тауып отырғанын айтуымыз керек. Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру отбасынан, балабақшадан және орта мектептен бастау алады.





Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың  2011-2020 жылға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж

  2. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы,  2008 ж

  3. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау  туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы

  4. Дефектологиялық сөздік .

  1.  Мағжан   Жұмабаев Педагогика  1992ж

6. Қ.Жұмасова   Психология Астана -2006ж

7.  Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж

8. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж

9. СаламанДекларациясы. ЮНЕСКО, 2014. 4. ҚРИнклюзивтібілімберудідамытутұжырымдамасыныңжобасы. Алматы, 2009.

10. ҚР «Білімтуралы» Заңы. Астана, 2012.

11. ҚР «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343Заңы. Астана

12. «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында (17.01.2014 ж.)

13. Таубаева Ш. Т. Педагогика әдіснамасы, Алматы Қарасай батыр, 2011 ж. Грозная Н. С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к реальности 2011.

14. № 1. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы. 


15. Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал Әлеуметтік  педагог .№4 2010ж

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі