400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Баяндама "Тәрбие - білім бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мұғалімдердің басшылыққа алатын ұстанымдары, ата-аналармен жұмыс түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбие – білім бастауы». Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мұғалімдердің басылыққа алатын ұстанымдары, ата-аналармен жұмыс түрлері.

Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.

«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы.

«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.

1.Халықтық сипат алуы: көп балалы болуды қалауы, ауыл қариялары, көрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы;

2.Ізгіліктілігі: отбасындағы әрбір әрекет, қарым-қатынас, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлер;

3.Жеке-даралығы: ұл мен қыз бала тәрбиесі.

Осы аталған қасиеттер тұтас қамтылған жағдайда тұлғалық қасиеттер қалыптасып, кемелдікке жеткізеді.

Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі - басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы оның төл мектебінде шыңдалады.

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Осы қағиданы нақты ұғынған елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп әрдайым айтқан сөзі дәлел. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi - берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөль атқарады.

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған.

Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады белгілі педагог А.С. Макаренко, «Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар - осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды. Дүниенің ең тамаша туындысы - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Ал берекелі отбасының ата-анасы өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.  Жүйелі білім алуына көмектесуге міндетті;

3. Ұдайы ата-аналар жиналысына қатысуға, оқытушымен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

4. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

5.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Отбасында ата-ана баланың жеке басын танып білуге де міндетті.

1.Бала туралы жалпы мағлұматтарды;

2.Оқуға қабілеті мен әрекетін;

3.Баланың еңбекке әрекеті мен бейімін;

4. Баланың арнайы қабілеті

5. Баланың тәртібін

6. Баланың темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктерін.

Осы орайда отбасындағы ата-ааға жауапкершілік те туындайды.

1.Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2.Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

 Сонда ғана бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп

иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Оны жұмыс жүргізу формасы ретінде де көрсетуімізге болады.

Қорытындылай келе, белгілі жауынгер Б.Момышұлының «Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр» деген аталық сөздерінде үлкен мән жатқанын баса айтқымыз келеді. Отбасы – ана-ата – мектеп үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту

 Ата-ана жиналысы

 Біріккен шығармашылық істер

 Отбасылық байқаулар

 Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу

 Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру Ата-аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру

 Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті

 Мектеп кеңесі

 Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсету

 Қоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету)Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек

 Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет

 Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі

 Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері


Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс

 ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;

 зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы

 зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;

 психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген

және кешенді түрде қолданылуы керек;


Отбасын зерттеу педагогқа не береді?

Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу- сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.


Жанұя түрлері


Балалары үлгілі жанұя

Бала тәрбиесіне ұстаз көмегімен қажет ететін жанұя

Ынтамақсыз жанұя

Жағымсыз қасиеттері басым жанұя

Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя

Жанұядағы адамгершелегек құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес

Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді. «Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.

Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалы ықпал қажет

Сырттай қарағанды қолайлы жанұя қатарында болмағанымен рухсздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады.

Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педегогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етеді.


Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау

жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:

-Төрт одақ жұмысын жандандыру;

(отбасы, бала, мұғалім,қоғам)

Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше.

Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.

Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі

Бірінші ереже

-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.

Екінші ереже

-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.

Үшінші ереже

-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.

Төртінші ереже

Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.

Бесінші ереже

-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.

Ата-аналар жиналысының түрлері

 Ұйымдастыру

 Тақырыптық

 Қорытынды

Бала тәрбиесі бүгінгі таңда барша ата-аналар мен мұғлімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» демекші, бала жанұяда өсіп тәрбиеленеді. Сондықтан оның алғашқы тәрбиешісі-ата-анасы. Ендеше ұл-қыз өсіріп отырған әр ата-ана жауапкершілік сезімін жоғалтпауы керек. Баланы әуел бастан-ақ қандай жағдайда болсын шыншыл әрі әділ болуға баулу-басты міндеті.

Қорыта келе, ата-ана мен мектептің бірлескен ортақ мақсаты-жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан-жақты дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын рухы асқақ азамат тәрбиелеу.

«Біздер, қандай ата-ана болсақ та, балаларымыздың әрқайсысы қабілетті, тапқыр, талантты, басқа балалардан кем емес, керісінше, артық болғанын армандаймыз. Алайда, қымбатты әріптестер, біз алдымен бұл жайында емес, біздің балаларымыздың жақсы Адам болғаны туралы армандауымыз керек деп ойлаймын. Оның кісілерге жақсылық жасауы, қоғамға зиянын емес, пайдасын келтіруі жайында. Адам деген биік атақты бүкіл өмір бойғы сын-сынақтардан шаң тигізбей алып өтуін арман етсек деймін...».

Бала – әр шаңырақтың қуанышы болуымен қатар, Отанымыздың болашағы. Отанын сүйгіш азаматтар тәрбиелеуде ата-ана мен мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана сіңірген еңбек өз нәтижесін береді.

Еліміз егемендік алып,еркін даму жолына түскен жылдардағы заман талабы халық санасына салмақты өзгерістер енгізді. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш құрған, ғылымы мен мәдениеті қатарласа дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі-ұрпақ тәрбиесі. Оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-тәсілдер жинақтала бастады. Себебі ХХІ ғасыр білімді, тәрбиелі халықтың ғасыры болады дей келе, ата-ана, бала, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты зерттеу барысында төмендегі ұсыныстарды ұсынамын:

  • сынып жиналысын сайыс, тренинг,пікір талас ретінде жоспарланып өткізу;

  • ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру және оны тәрбие жұмысы жоспарына енгізу;

- жылына екі рет өзін-өзі тану сабағымен ұштастыра отырып ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру;

- балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізу;

- балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз;

- жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя білу.

- балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз;

- баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі);

- балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен:

«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді, қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастарға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ, ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс. Бұл ата-ана да, ұстазға да ой салады деп ойлаймын.

Осы баяндаманы аяқтай отыра, Ғабиден Мұстафин «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
1889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі