15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдану"
Баяндама
Тақырыбы: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ.
Биылғы оқу жылында мектебіміздің алдына қойған мәселесі: «Жаңа технологиялық әдістердің жеті модулі бойынша оқыту»
Өз мәселем: «Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»
Біз оқу мен тәрбие егіз дейміз. Десек те,«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген Әл-Фараби бабамыз.
Тәрбие дегеніміздің өзі не?
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбие–жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы.
Тәрбиенің негізгі мақсаттары қандай?
-Дені сау ,салауатты өмір салтын ұстанған,
-Ұлттық сана-сезімі ояу ,
-рухани ойлау дәрежесі биік,
- ар-ожданы мол,
-Өзін-өзі бағалай алатын,
-Өз бетінше жұмыс жасайтын ,
-парасатты да білікті,
-бәсекеге қабілетті,
-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
ХХІ ғасыр – ақпараттар мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай оқушыларымызды тәрбиелеп, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ояту-қоғамның бүгінгі ең өзекті мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне селқос қарауға болмайды.
Осы бағытта өзім қолданып жүрген жаңа технологиялардың бірі – «Оқу мен жазуды Сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту» жобасымен жұмыс жасап, жақсы нәтижеге жеткен өз тәжірибеммен бөліскім келеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі:
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес.
-
Барлық пәндерде және тәрбиелік іс-шараларда қолдануға болады.
-
Оқушыларға білімді,ақпаратты өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік жасалады.
-
Әр оқушы өз ойын еркін айтады.
-
Ойлауы, қиялдары,шығармашылық қабілеттері дамиды.
-
Тіл байлығы артады.
Бастауыш сыныпта жиі қолданылатын стратегиялары:
-
Топтық жұмыс
-
Семантикалық карта
-
Эссе жазу
-
Ой қозғау
-
Болжау
-
Синквейн (5 жолды өлең)
-
Венн диаграммасы
-
Топтастыру
-
Пікірталас
-
Фишбоун
-
Генеологиялық ағаш әдістері.
СТО негізінде үш кезеңге бөлінеді:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану.
Ой толғаныс.
Қызығушылықты ояту бөлімінде, сыныпта психологиялық жағдай қалыптастыру үшін көптеген ойындар ойнау, ребус, сөзжұмбақтар шешу арқылы 1 –шіден өткенді қайталасақ, 2-шіден жаңа тақырыпты ашамыз.
Мағынаны тану кезеңінде оқушыларды топтарға немесе жұпқа бөліп жұмыс істеудің маңызы зор деп білемін.
Бұл әдіс мәтінді топ ішінде талдап, өзара салыстыра отырып, негізгі ойды табуға, ортақ бір шешімге келуге,дәлелдеуге үйретеді. Бұл кезде бастауыш сынып оқушыларының әлі қалыптаспаған зерттеу, сынау, салыстыру, топтастыру, ажырату қабілеттері дамиды.
Міне осындай жұмыстардан кейін ой толғанысқа кезек береміз. Алған білімдерін пайдалана отырып шешім қабылдайды, 5 жол өлең, эссе жазады. Жұмыс үздігін сынып алдына шығарады , сабақ туралы өз ойларын ашық айтады. Бұл өзіндік бағалауға үйретеді.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай «ыстық қайрат нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы-өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру – ұстаздың міндеті екені даусыз.
Сынып жетекшісі ретінде осы қағиданы берік ұстана отырып, «ыстық қайрат дегеніміз - спортқа баулу, нұрлы ақыл- санасына білім нәрін құю, жылы жүрек - эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру»- деп түсінемін.
Осы міндеттерді орындау барысында, оқу жылының бірінші күнінен бастап, мен келесі тәрбие сағаттарын жүргіздім.
Білім күні- «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Алғашқы Президент күніне орай, Елбасы туралы «Балалық шағымның көктемі» атты фильмді тамашалап, ой елегінен өткізіп «Брейн- рингте» қарсылас командадан екі есе артық ұпай жинап, жеңіп шықты.
Өткенін білмегеннің келешегі жоқ, демекші Жеңіс күніне орай операционалды – ізденушілік жұмыстарын жүргізіп, өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары, батыр аталар туралы мағлұматтар жинап, жиналмалы кітапша жасады.
«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген мақалдың мағынасын ашып, өздерінің батырдың ұрпағы екендігіне көздерін жеткізді.
Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде оқушылардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, түрлі ұлт мәдениеттерін құрметтеуге тәрбиелеу, толеранттылыққа баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта
22 қыркүйек – тілдер күніне арналған он күндікте Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасалды.
Күзгі, қысқы, көктемгі демалыстар - ерекше кезеңдер, осы кезде балақайлар демалып, денсаулықтарын жақсартады және әртүрлі ғажайып жерлерге саяхат жасайды. Атап айтсақ, Абылайхан резиденциясы,өлкетану мұражайы, өз мектебіміздегі мұражай, ботаникалық саябақ.
Осындай үздіксіз тәрбие берудің нәтижесінде:
Оқушылар көп сатылы ойлауға дағдыланады.
Салыстыруды үйренеді.
Кейіпкерге мінездеме береді.
Сипаттама әңгімелер құрастырады.
Шығарма идеясын түсіну арқылы талқылауға, сын тұрғысынан ойлауына,ізгілендіре ойлауын дамытуға мүмкіндік алады.
Сұрақ қоя білуге дағдыланады.
Өз ісіне деген жауапкершілік,сенімдік пайда болады.
Эстетикалық сезімдері дамиды.
Рефераттар,кітапшалар жасайды.
Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер құрастырады.
Сыныпта мықты ұжым қалыптасады.
Ең бастысы оқушылардың тілдері дамып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын еш уақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі.
Қорытынды:
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш сынып мұғалімдері. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-тәрбие үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуі керек.
Оқушы сабақ барысында ізденушілік, танымдық іс-әрекет жасап,алдында кездескен қиыншылықтарды шешу жолдарын тауып,өздігінен,топпен жұмыс орындап, шағын болсын жеңісіне қуанады және дербес шешім қабылдай алатын азамат екендеріне көздері жетеді.
Мемлекеттік тілді және басқа
тілдерді үйрену арқылы жастардың әлем және ұлттық мәдениетті
игерулеріне Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі талдау, өзін-өзі
бағалау және өзін-өзі бақылау өзінің жағымды қасиеттерін жетілдіру
мен жағымсыз әрекеттерінен арылу арқылы өзін-өзі тәрбиелеудің, де
алар орны ерекше және өзін-өзі бақылау арқылы өзінің жағымды
қасиеттерін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға
бағытталған саналы іс-әрекеті. өзі еркін ұстауға, ойын ашық айтуға,
кішіпейілділікке, адамгершілікке, адалдыққа, мәдениеттілікке,
адамдарға, жақындарына, достарына қамқор болып, құрмет көрсетуге,
кішіге ізетті болуға, белсенділікке, жақсылық жасауға, бірін- бірі
түсінуге, айналасымен үйлесімді өмір сүруге, туған ел, туған жер,
Отанын құрметтеуге бағытталған.
адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану,
білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық,
ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы
алғашқы түсініктерді біледі;
балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;
қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара түсіністік, сыйластыққұндылықтарын меңгереді;
мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады;
денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген