жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама «Тәуелсіздік –киелі ұғым»
«Тәуелсіздік –киелі ұғым»
Тәуелсіздік
– аса қасиетті, киелі, қастерлі ұғым. Өйткені, тәуелсіздік бізге
оңайлықпен келген жоқ. Біздің ата-бабаларымыз да тәуелсіздікті,
тәуелсіз ел болуды аңсап өтті. Тарихқа үңіліп қарасақ, қазақ халқы
небір ауыр күндерді бастан өткізіп, тәуелсіздікке қол жеткізіп,
егемен ел атанды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи маңызды әрі
күрделі оқиғаларға толы
болды.
Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде
қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің
есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір
қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін
сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің
ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді
аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз
алдында бір төбе.
«Кие» деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның
астарында тоғысып кететін бүкіл бір тағдырдың тауқыметі мен қасиеті
жатыр.
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 30 жыл. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Тәуелсіздікке біз оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің, «Елім-жерім» деген жан дауыстың , қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырды. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы,жігері. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр жеріміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Еліміздің рухы күннен – күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік – Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты. Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты.Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.Тәуелсіздік елімізге өз жемісін, сыры мен сипатын, салтанаты мен сүйіспеншілігін сыйлауда.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында ел азаматтарын қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырды. Яғни, президент: “Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек” деді. Тәуелсіздіктің басты тірегінің бірі – мемлекеттік тіл екені талассыз, 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында да мемлекеттік тілге ерекше назар аударылған. Ұлттың рухани жаңғыруында тілдік сананың жаңғыруы айырықша десек, қазақтың тілі мен ұлттық рухы рухани жаңғырудың негізгі өзегіне айналған, әлемдік өркениетте өз орны бар мәңгілік елдің жарқын болашағы үшін жұмыла еңбек ету ел алдындағы басты парызымыз.
Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.Заманымыздың заңғар жазушысы атанған Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген қанатты сөзі текке айтылмаған.Демек адамзатты терең ойға білім жетелейді. Себебі кезінде ата- бабаларымыз мақсат еткен білімді ұрпақ, сауатты ұрпақ бүгінгі күні өз-өзінен, біздің Отанымыздың дәулеті мен сәулеті арту үшін «мен не істедім?» деп сұрау керек. Ең бастысы – тәртіп пен реттілік сондай – ақ бұлжымас құндылық бар – ол білімге ұмтылу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге. -2011жылы Алматы қаласы. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Б. Б. Еңсепов. Беттер саны - 320
-
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2050 страгегиялық жолдауынан https://www.akorda.kz/kz/events/astana_kazakhstan/participation_in_events/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-elbasy-nenazarbaevtyn-kazakstan-2050-strategiyasy-kalyptaskan-memlekettin-zhana-sayasi-bagyty-atty-kaza

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген