жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Технология пәнінде оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу
Баяндама
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Л.А.
Қазіргі таңда білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады [1].
Бүгінгі күні білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілердің болмауы –үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, өмірдегі, қоғамдағы сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді.
Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін технология пәнінің алатын орны ерекше.
Технология пәнінің мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасауға ықпал ете отырып, қазіргі заманның жаңа технологиялық мәдениетіне бейімдеу. Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Технология пәнінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарының бірі – шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу. 5 – 9 сыныптар аралығында технология пәні тарауларының барлығына шығармашылық жоба берілген. Осы жобаны пайдалана отырып оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету маңызды.
Жоба – оқушылардың өз білімдерін практика жүзінде қолдануға, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін өз бетімен атқаратын қорытынды жұмысы.
Жобаны орындау барысында оқушылар инновациялық шығармашылық қызметтің алгоритмін меңгереді, ақпаратты өздігінен іздеу, талдауды үйренеді, біліміндегі кемшілікті толықтырады, шығармашылық міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтайды.
Алғашқыда оқушылардың өзіндігінен іздену тәжірибесі аз кезде, олар мұғалімнің тікелей жетекшілігімен, оның ұсыныстарын орындайды. Бұл орындаушылық жоба болады. Бұл жағдайда мұғалім өзінің айтқанын орындатпай, бірлесіп талқылау арқылы жұмыс істеу нұсқаларын ұсынады.
Конструктивтік деңгейде оқушылар тақырыпты мұғаліммен талқылаған соң, әрі қарай жобаны өздері орындайды.
Егер оқушылар жобаның идеясын өздері ұсынып, жоспарын құрса, өздері жүзеге асырса, онда бұл шығармашылық жоба болады.
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Оның мақсаты:
1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару;
3. Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды, алған білімдерін жинақтап қорытуға және өзінің орындаған жұмысын қолдана білуге үйренеді, логикалық ойлауы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Өзім танып білгеннің бәрі маған не үшін керек, ол білімді қайда және қалай пайдалануға болатынын мен білемін — шығармашылық жобаның негізгі мәні осында.
Шығармашылық жоба жеке және топтық түрде де орындалуы мүмкін. Топтық шығармашылық жобада кейбір бөлімдер жеке орындалады, сол сияқты жеке жобада топтық жұмыстың элементтері қолданылады. Топтық жұмыс ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа үйретеді. Сонымен бірге әр оқушының қабілетіне қарай әр түрлі қиындықтағы тапсырмалар беріледі.
Шығармашылық жобаны орындау барысында мұғалім ескеруі тиіс:
• оқушылардың осы іс-әрекетке даярлық деңгейі;
• оқушылардың мәселеге қызығуы;
• шығармашылық жобаны орындауда оқушылардың жаңа білім меңгеруі;
• Шығармашылық жобаның практикалық маңыздылығы;
• Шығармашылық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі;
• алған білім, іскерлік, дағдыларын пайдалану мүмкіндігі;
• міндеттердің оқушылардың мүмкіндігіне сәйкестігі;
• қажетті материалдық-техникалық құралдардың болуы;
• экологиялық және экономикалық талаптарға сәйкес келуі;
• мектептің білімдік ресурстарын пайдалану.
Оқушыға ойда-жоқта келіп «сен мына шығармашылық жобамен айналыс» десек, оқушының оған деген қызығушылығы да, талпынысы да төмен немесе мүлдем жоқ болады. Сондықтан да тақырыпты өздері таңдауға жұмылдыру қажет. Тақырыпты таңдағанда «Мені не қызықтырады?»- деген сұраққа жауап беру керек. Тек мұғалім оқушыға шығармашылық жобаны орындай алатынын және жақсы идеялардың барлығы да шығармашылық кезінде қажет болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала шығармашылық жобаны орындауға талпынады.
Шығармашылық жобаны орындау барысында кездесетін қателіктер:
• педагогтар оқушыларға таңдау мүмкіндігін бермей, жобаның тақырыбын өздері ұсынуы;
• оқушыларға сұрақ қоймай, идеяны өздері айтады;
• өтілген оқу материалын бекітуге шығармашылық тапсырмалар ұсынады;
• жобаны реферат, баяндама түрінде ұсынады.
Шығармашылық жобаны таңдағанда қойылатын талаптар:
1) Таңдалған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болу керек.
2) Ол қандай материалдан орындалатыны, ондай материалды таба алатындығың және оны қолдана қолдана алатындығыңды ойластыу қажет.
3) Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білуің қажет.
4) Таңдаған заттың сенің шығармашылығынды көрсете ала ма? Алға қойған мақсат – міндетіңді орындай аласын ба? Осының барлығын ойластыру керек.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі:
І. Ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.
- Жобаны негіздеу;
- Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
ІІ. Техникалык кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
ІІІ. Қорытындылау кезеңі, жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашьшық жобаны
қорғау.
IV. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі
талаптар.
- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
- Оқу кабинетінін материалдық техиикалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқындалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шығармашылық жобаны қорғау
- Жобаның күнделігі
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.
Осы бөлімдер арқылы оқушы не жасау, қалай жасау керек, материалдық шығыны қанша болады, қандай өзгерістер енгізу керек деген сұрақтарға оңай болжамдар жасай алады.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстарына көп көңіл бөлу керек, сонда оқушылар күрделі керемет жұмыстарды алып шығады. Шығармашылық жұмыс процесінде оқушылар орындалған жұмыстан толық және терең қанағаттанушылыққа ие болады, олардың шығармашылық жұмыс барысында эскизден бастап, дайын бұйымға дейін орындалу ретін дәл елестете алуы қажет. Үлгіге байланысты бірнеше тәсілдерді құрастыруға көмектесу керек. Шығармашылық жобамен жұмыс барысында практикалық міндеттер өзіндік үнемі ізденіске итермелейді, әр техникасын өз бетінше үйрену, алдына мақсат қоюға және өз күшімен орындауға үйренеді.
Өзімнің ұстаздық қызметімде оқушыларды шығармашылық жобамен жұмыс істеуге баулып отырамын. Бірқатар оқушыларым облыстық, аудандық шығармашылық жоба байқауларына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсам, Түйешиева Жұлдыз – І облыстық байқауда «Бас жүлдені» иеленді, Нұрманбет Сандуғаш - облыстық шығармашылық жоба байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленді, Орынбасар Зарина - облыстық шығармашылық жоба байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленді.
Енді сіздерді шәкіртім Орынбасар Заринаның «Бисермен айқас кесте “Ана мейірімі”» тақырыбндағы шығармашылық жобасын қорғау кезеңінде ұсынылған материалдарымен таныстырып кетейін:
1. Шығармашылық жоба күнделігі (Слайдтан көрсету)
2. Оқушының портфолиосы (Слайдтан көрсету).
Оқушылар шығармашылық жобамен айналыса отырып болашақта өз ойын барлық жерде еркін айтып, жаңа жетістіктерден көрінетін оқушыларға айналары сөзсіз. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы.
2. Новиков А.М., Новиков Д.А. Образовательный проект: методология образовательной деятельности. - М., 2004.
3. Пахомова Н.Ю. Метод учебного проекта в образовательном учреждении: Пособие для учителей и студентов педагогических вузов. - М.: АРКТИ, 2003.
Слайд 1
Оқушыларды шығармашылық жобаға дайындау
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Л.А.
Слайд 2
Қазіргі таңда білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады [1].
Слайд 3
Бүгінгі күні білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Слайд 4
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
Слайд 5
Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілердің болмауы –үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, өмірдегі, қоғамдағы сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді.
Слайд 6
Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін технология пәнінің алатын орны ерекше.
Слайд 7
Технология пәнінің мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасауға ықпал ете отырып, қазіргі заманның жаңа технологиялық мәдениетіне бейімдеу.
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Слайд 8
Технология пәнінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарының бірі – шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу. 5 – 9 сыныптар аралығында технология пәні тарауларының барлығына шығармашылық жоба берілген. Осы жобаны пайдалана отырып оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету маңызды.
Слайд 9
Жоба – оқушылардың өз білімдерін практика жүзінде қолдануға, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін өз бетімен атқаратын қорытынды жұмысы.
Жобаны орындау барысында оқушылар инновациялық шығармашылық қызметтің алгоритмін меңгереді, ақпаратты өздігінен іздеу, талдауды үйренеді, біліміндегі кемшілікті толықтырады, шығармашылық міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтайды.
Слайд 10
Алғашқыда оқушылардың өзіндігінен іздену тәжірибесі аз кезде, олар мұғалімнің тікелей жетекшілігімен, оның ұсыныстарын орындайды. Бұл орындаушылық жоба болады. Бұл жағдайда мұғалім өзінің айтқанын орындатпай, бірлесіп талқылау арқылы жұмыс істеу нұсқаларын ұсынады.
Конструктивтік деңгейде оқушылар тақырыпты мұғаліммен талқылаған соң, әрі қарай жобаны өздері орындайды.
Егер оқушылар жобаның идеясын өздері ұсынып, жоспарын құрса, өздері жүзеге асырса, онда бұл шығармашылық жоба болады.
Слайд 11
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Оның мақсаты:
1. Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару;
3. Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.
Слайд 12
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды, алған білімдерін жинақтап қорытуға және өзінің орындаған жұмысын қолдана білуге үйренеді, логикалық ойлауы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Слайд 13
Өзім танып білгеннің бәрі маған не үшін керек, ол білімді қайда және қалай пайдалануға болатынын мен білемін — шығармашылық жобаның негізгі мәні осында.
Шығармашылық жоба жеке және топтық түрде де орындалуы мүмкін. Топтық шығармашылық жобада кейбір бөлімдер жеке орындалады, сол сияқты жеке жобада топтық жұмыстың элементтері қолданылады. Топтық жұмыс ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа үйретеді. Сонымен бірге әр оқушының қабілетіне қарай әр түрлі қиындықтағы тапсырмалар беріледі.
Слайд 14
Шығармашылық жобаны орындау барысында мұғалім ескеруі тиіс:
• оқушылардың осы іс-әрекетке даярлық деңгейі;
• оқушылардың мәселеге қызығуы;
• шығармашылық жобаны орындауда оқушылардың жаңа білім меңгеруі;
• Шығармашылық жобаның практикалық маңыздылығы;
• Шығармашылық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі;
• алған білім, іскерлік, дағдыларын пайдалану мүмкіндігі;
• міндеттердің оқушылардың мүмкіндігіне сәйкестігі;
• қажетті материалдық-техникалық құралдардың болуы;
• экологиялық және экономикалық талаптарға сәйкес келуі;
• мектептің білімдік ресурстарын пайдалану.
Слайд 15
Оқушыға ойда-жоқта келіп «сен мына шығармашылық жобамен айналыс» десек, оқушының оған деген қызығушылығы да, талпынысы да төмен немесе мүлдем жоқ болады. Сондықтан да тақырыпты өздері таңдауға жұмылдыру қажет. Тақырыпты таңдағанда «Мені не қызықтырады?»- деген сұраққа жауап беру керек. Тек мұғалім оқушыға шығармашылық жобаны орындай алатынын және жақсы идеялардың барлығы да шығармашылық кезінде қажет болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала шығармашылық жобаны орындауға талпынады.
Слайд 16
Шығармашылық жобаны орындау барысында кездесетін қателіктер:
• педагогтар оқушыларға таңдау мүмкіндігін бермей, жобаның тақырыбын өздері ұсынуы;
• оқушыларға сұрақ қоймай, идеяны өздері айтады;
• өтілген оқу материалын бекітуге шығармашылық тапсырмалар ұсынады;
• жобаны реферат, баяндама түрінде ұсынады.
Слайд 17
Шығармашылық жобаны таңдағанда қойылатын талаптар:
1) Таңдалған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болу керек.
2) Ол қандай материалдан орындалатыны, ондай материалды таба алатындығың және оны қолдана қолдана алатындығыңды ойластыу қажет.
3) Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білуің қажет.
4) Таңдаған заттың сенің шығармашылығынды көрсете ала ма? Алға қойған мақсат – міндетіңді орындай аласын ба? Осының барлығын ойластыру керек.
Слайд 18

Слайд 19
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі:
І. Ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.
- Жобаны негіздеу;
- Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
ІІ. Техникалык кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .
Слайд 20
ІІІ. Қорытындылау кезеңі, жүйелеу.
- Дайын бұйымды бағалау;
- Шикізат шығынын есептеу;
- Шығармашьшық жобаны
қорғау.
IV. Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі
талаптар.
- Өзіндік қызығушылығы;
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,
- Оқу кабинетінін материалдық техиикалық базасына сай болуы;
- Өзіндік кәсіптік айқындалуы;
- Өз мүмкіндігін ескеру;
- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.
Слайд 21
V. Жобаны жарнамалау.
- Өнім белгісі;
- Өндірістің аты;
- Бұйымның аты, қолдану;
- Жарнамалау.
VI. Шығармашылық жобаны қорғау
- Жобаның күнделігі
- Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қорытындылайды.
Осы бөлімдер арқылы оқушы не жасау, қалай жасау керек, материалдық шығыны қанша болады, қандай өзгерістер енгізу керек деген сұрақтарға оңай болжамдар жасай алады.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстарына көп көңіл бөлу керек, сонда оқушылар күрделі керемет жұмыстарды алып шығады. Шығармашылық жұмыс процесінде оқушылар орындалған жұмыстан толық және терең қанағаттанушылыққа ие болады, олардың шығармашылық жұмыс барысында эскизден бастап, дайын бұйымға дейін орындалу ретін дәл елестете алуы қажет. Үлгіге байланысты бірнеше тәсілдерді құрастыруға көмектесу керек. Шығармашылық жобамен жұмыс барысында практикалық міндеттер өзіндік үнемі ізденіске итермелейді, әр техникасын өз бетінше үйрену, алдына мақсат қоюға және өз күшімен орындауға үйренеді.
Слайд 22-23-24
Өзімнің ұстаздық қызметімде оқушыларды шығармашылық жобамен жұмыс істеуге баулып отырамын. Бірқатар оқушыларым облыстық, аудандық шығармашылық жоба байқауларына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсам, Түйешиева Жұлдыз – І облыстық байқауда «Бас жүлдені» иеленді, Нұрманбет Сандуғаш - облыстық шығармашылық жоба байқауының аудандық кезеңінде ІІ орын иеленді, Орынбасар Зарина - облыстық шығармашылық жоба байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленді.
Слайд 25
Енді сіздерді шәкіртім Орынбасар Заринаның «Бисермен айқас кесте “Ана мейірімі”» тақырыбндағы шығармашылық жобасын қорғау кезеңінде ұсынылған материалдарымен таныстырып кетейін:
1. Шығармашылық жоба күнделігі (Слайдтан көрсету Слайд 26-33)
2. Оқушының портфолиосы (Слайдтан көрсету Слайд 34 -40).
Оқушылар шығармашылық жобамен айналыса отырып болашақта өз ойын барлық жерде еркін айтып, жаңа жетістіктерден көрінетін оқушыларға айналары сөзсіз. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!
Слайд 41

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген