«№3 жалпы білім беру орта
мектебі»КММ
Онлайн семинар
тақырыбы:
«Тиімді рефлексия – сапалы
білімнің кепілі»
Дайындаған:
қазақ тілі мен
әдебиеті
пәні
мұғалімі
Ж.Ж.Шаригатова
«Тиімді рефлексия – сапалы
білім кепілі»
Абай Құнанбаев 15 қара
сөзінде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса
айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ,
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?,»,- деп
адамның өзінен-өзінің есеп алуының маңыздылығын айтып өткен. Осы
Абай атамыз айтып отырған есеп алуды мұғалімдердің әрбір
іс-әрекетіне, әр сабағына, әр жұмысына жасаған рефлексиясымен де
түсіндіруге болады.
«Рефлексия» сөзі латын тілінде «reflexio» -
артқа қарайлау деген мағына білдіреді. Шет тілдер сөздігінде
«рефлексия» - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру
деген сөз. Бұл адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының
теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің
өзіндік талдауы және оның
нәтижесі.
Мен 5-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен сабақ беріп келемін. Күнделікті сабағыма, оқушылардың әрбір
тапсырмаға жауабына рефлексия жүргізу мен үшін өте маңызды және өз
нәтижесін беріп келеді. Өйткені, мен оқушының жауабын талдай
отырып, оның жауабының дұрыс еместігін емес, оны толықтыру қажет
екендігін айтамын. Осы арқылы оқушы ынталанып, алдағы уақытта өз
ойын толық жеткізуге тырысады. Өзін дамытып, келесі жолы
қателеспеуге тырысады. Сондай-ақ, мен күнделікті сабаққа кері
байланыс жасай отырып, оқушымның қандай деңгейде екенін біле
отырып, оның сатылай дамуы үшін жағдай жасаймын. Өзімнің кәсіби
шеберлігімді дамытамын. Мысалы, жаңа сабақ өтілгеннен кейінгі
«Білдім, білгім келеді, түсіндім» кері байланысын алу арқылы мен
келесі сабаққа жоспар құрып, алдыма мақсат қойып кетемін.
Сондай-ақ, бүгінгі сабақтағы өзімнің кемшілігімді, тақырыпты
жеткізудегі жетпей қалған тұстарын біліп, келесі жолы бұдан да
мұқият болуға, жаңа сабақты меңгерту барысында кеңінен мәлімет
беруге тырысатын боламын.
Өтілген сабақ бойынша рефлексия жасау үшін
төмендегідей әдістерді қолданып жүрмін. «Бас бармақ» , «Жетістігім,
кедергілер болашақта», «Бес саусақ», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір
тілек», «Білім ағашы», ББҮ,
т.б.
«Бас бармақ» әдісі оқушылардың әрбір
тапсырманы түсінгеннен кейінгі алынатын эмоциялық рефлексия. Мұнда
оқушылар тапсырманы орындаумен қатар, өздеріне ұнаған-ұнамағандығын
білідіріп отырады. Ал «Жетістігім, кедергілер, болашақта» әдісі
мұғалімнің сабағын талдау кезінде жүзеге асады. Мұнда бүгінгі
сабақтың ең ұтымды тұстары мен кедергілерін санамалай отырып,
болашақта ескеретін мәселелер туралы сөз етіледі. Сонымен қатар,
сабақ соңында «Бес минуттық эссе» мен «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісін қолдану оқушылардың пікірін қалыптастыруға және өзгенің
іс-әрекетін бағалай алуға мүмкіндік береді. Эссе жазушы оқушы оймен
сабақтың бүкіл кезеңіне шолу жасай отырып, өзінің зерттеушілік
қабілетін дамытады. Жақсы мен жаманды ажырату тұрғысынан ойланады.
Мұғалімнің болсын, оқушының болсын іс-әрекетіне сын көзбен қарап,
өзіндік қорытынды шығаруға
үйренеді.
Тиімді кері байланыс
оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға
қаншалықты көмек беретінін түсіндіреді.
Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен
нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық
жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу
тәсілдерін қарастыруды
қамтиды.
А.А.Бизяева педагогикалық
рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне оның субъектісі
ретінде сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушы тұлғасын дамытудағы
оқыту тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас
ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен деп
түсіндіреді
Рефлексиялаушы мұғалім дегеніміз – ойлана
алатын, өз тәжірибесін талдай алатын, зерттей алатын педагог. Бұл,
Д.Дьюидің айтуы бойынша, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіруге
жалықпайтын қажеттілікке ие «өз мамандығының мәңгі
оқушысы».
Педагог өз бойында
рефлексиялық қабілеттерін дамыта білсе және әр атқарған ісін талдай
отырып, оны одан әрі жетілдіруге ұмтылатын болса, алдына қойған
мақсаттарының нәтижесіне жете алатыны
сөзсіз.