400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама Тіл кемістігінің тұтықпа түрі және оны түзетудің жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
материял тұтықпасы балалармен жүргізілетін жұмыс үшін қажет. Тұтықпаның қай түрі екенін анықтай отырып сол бойынша логопадпен түзету жұмысы жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түркістан облысының білім басқармасының

"Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты" КММ –нің логопеді

Мырзакулова Асель Курманбаевна





Тіл кемістігінің тұтықпа түрі және оны түзетудің жолдары.

Тұтықпа – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.

DrawObject1


DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject2 DrawObject4 DrawObject3

DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9



DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject16 DrawObject17 DrawObject18 DrawObject19


DrawObject23



ХІХ ғасырдың аяғында психиатр И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетінін анықтап, оны «Бала ауруы» деп атаған.

Тұтығу кейде аяқ астынан пайда болады, кейде білінбей жүріп, бірте-бірте күшейе береді. Ол ішкі және сыртқы тітіркену мен жүйке ауруларының сипатына байланысты кезекпен бірде бәсеңдеп, бірде кешейеді.

Тұтығу үш дәрежеге бөлінеді:

1. Жеңіл дәрежеде-тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана тұтығады.

2. Орташа дәрежеде-бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады,бөтен адамдар арасында тұтықпа күшейеді.

3. Ауыр дәрежеде-бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл – қозғалыстар жасайды.

Тұтықпаның ауыр дәрежесінде қимыл – қозғалыстар әртүрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шайқалту, саусақ қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру.

Тұтығуға тән белгілердің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығудың психологиялық белгілеріне баланың өз кемістігіне назар аударуы жатады.



DrawObject24

DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25


DrawObject30 DrawObject29 DrawObject28





Тұтықпамен күрес кешенді әсер ету мынадай бағыттардан тұрады:

  1. Медициналық ем беру арқылы әсер ету-ол баланың жүйке-жүйесінің қызметін қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Жұмыс нәтижесін айқындай түсуге көмектеседі.

  2. Психотерапиялық әсер ету – барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуына көңіл бөлу, белгілеп жазып алу.

  3. Логопедиялық әсер ету-бұл ұзақ бойына, 8-9ай жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар кешені. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап,күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.

  4. Логопедиялық ритмді ырғақ-сөзді анық, қимыл-қозғалыс әуенін тыңдау,айту арқылы реттеу, дамыту,сөйлеу кемшілігін түзеу. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге,ырғақты сезінуге тәрбиелейді,қозғалыс координациясын дамытады.

  5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортаның әсер етуі-бұл тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мұғалімдер мен ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп,одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтардың әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуге қолдау жасап, түбінде толық тұтығудан біржолата құтылып, дұрыс сөйлей алатынына көзін жеткізу керек.

Тұтығуды жоюда ата-ана мен мұғалім, тәрбиешілерге арналған кеңес.

1. Тұтықпасы бар балалар мына сөйлеу ережесін және есте сақтауы қажет:

-Айтылар ойды жинақтап алып, еркін, жай,ырғақты, тұтас сөйлеу қажет.

-Терең тыныс алып, демді шығарған кезде ғана сөйлеу керек.

-Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге сенімді қалыпта,тіке қарап сөйлеу керек.

-Әрдайым асықпай сөйлеу қажет.

-Сөйлеуі сәтсіз шықса – тоқтап, сенімділік пайда болғанша жәй сөйлеу керек.

2. Тұтықпа пайда болған кезде алғашқы ай «үндемеу тәртібімен» өтеді. Бұл уақытта баланы көп сөйлетуге болмайды. Сөйлеуді шектеу алдымен тұтығудың патологиялық рефлексін жою үшін, яғни нерв жүйесінің тынығуына, демалуына мүмкіндік беру қажет.

3. Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11сағат, ал күндіз 2сағат ұйықтауы керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады.

4. Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелетуге болмайды. Баланың көзінше, оның кемшілігін айтуға болмайды.

5. Үйде бала үшін тыныш жағдай жасау керек. Ұзақ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып қонақ күтуге болмайды.

6. Тұтығуы жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге алып кеткен жөн. Осы уақытта өзінен кіші, мінез – құлқы ұқсас балалармен ойнағаны жөн.

7. Ең маңыздысы тұтықпаны жою өз қолында екеніне сендіру қажет. Осы жағдайларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға қол жетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі