Материалдар / Баяндама "Толеранттылық - ұлттық құндылық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Толеранттылық - ұлттық құндылық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы жүзден астам ұлттың басын бір ту астына біріктіріп, ауызбіршіліктің, ұлтаралық татулықтың озық үлгісін көрсетіп отыр. Әлемнің жан - жақты дамыған, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен елімізге керегі де елдің тыныштығы. Толеранттылық қазақ халқының бойында бар асыл қасиеттердің бірі. Басқа ұлттарды алаламай, керісінше, салт - дәстүрімен, әдет - ғұрпымен танысу адамды рухани тұрғыда байта түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2017
4063
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Толеранттылық – ұлттық құндылық.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті ...
Абай Құнанбаев
Уақыт, қоғамдағы өзгерістер жаңа ұғымдардар мен түсініктердің пайда болуына себепші болады. Осындай ұғымдардың бірі - толеранттылық. Бұл терминнің қолданыста жүргеніне біршама уақыт болғанымен қоғамдық өмірімізде барлығымыз бірдей толық және дұрыс түсінуіміз үшін жұмыстар жасалынып келеді.
Ал, енді осы ұғымның қандай мағына беретіні туралы тоқталайық. Толерант сөзі әу баста, ежелгі Римде пайда болған деген деректер бар. Елімізде қолданысқа XХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап енген. Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, шыдамдылық, тағаттылық, ұстамдылықдеген мағынаны білдіреді.) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.
Жыл сайын, 16 қарашада әлемнің көптеген елдері Халықаралық толеранттылық немесе төзімділік күнін атап өтеді. Бұл 1996 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген.
Қазақ халқының төзімділігінде шек жоқ екендігін жоққа шығаруға болмайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: Толеранттылық - ұран емес, ол біздің өмір сүру салтымыз! деуінің өзінде үлкен мән бар. Толеранттылық яғни төзімділік, тағаттылық, ұстамдылық қасиет халқымыздың қанымен тарап, жанына дарыған деп айтуға болады. Тарихқа жүгінер болсақ, Қазақ халқы елін жерін қорғауда жаудың діні басқа деп емес, шапқыншылығына қарсы тойтарыс берген. Бұл халқымыздың Жаратушы алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтынын көрсететін нақты дәлел.
Соңғы жылдары қоғамда жиі қолданып, тілімізге жиі оралатын толеранттылық ұғымының негізінде мәдениет жатыр. Яғни, дінаралық байланыстарды түсіністікпен қабылдап, өзге діннің ұстанымдарына, әдет – ғұрыптарына, құлшылық ету тәсілдеріне төзімділікпен, ұстамдылықпен қарау – тек қана мәдени түсінігі жоғары халықтың қолынан келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы жарасып, бірлігін сақтап отырғандығының негізгі себебі де осында. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының, сонымен қатар, Қазақстанды мекендеген өзге этностардың да мәдениеті мен өнерін терең ұғына білуміз қажеттігін жиі айтып келеді. Себебі, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, тілін, шығармашылық жетістігін білуге ұмтылсақ, рухани байлығымыз арта түсетіні айдан анық.
Толеранттылық – бұл қайырымдылық.
Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.
Толеранттылық – бұл құрметтей білу.
Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту
Толеранттылық – бұл шыдамдылық.
Толеранттылық – бұл достық
Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол.
Қорыта келгенде, ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген. Сонау күндері елінен еріксіз және ерікті түрде қуылғандарды нәсіліне қарамай, бір үзім нанын бөліп беріп, бір жастықты жастанған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. Тәуелсіздіктің 26 жылдық тарихында Қазақстан халқы достық пен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және дінаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің барлық баяндамаларында ең бастысы – ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік, ұлтаралық келісім екенін баса айтуы тегіннен тегін емес. Себебі, бірлік бар жерде, береке болады. Еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бірлігі мәңгілік болсын!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!