Баяндама:
«Ұлттық бірыңғай
тестілеудің жаңа форматы»
2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер
үшін қорытынды аттесттаттау бойынша өзгерістер
енгізілуде.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасы
күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
республикалық телеарнада тікелей эфирде Ұлттық бірыңғай тестілеудің
жаңа форматы жөнінде түсінік берді.
11 қараша күні ҚР БжҒ министрі
Е.Сағадиев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары
басшыларының қатысуымен онлайн режимінде селекторлық отырыс
өткізіп, қатысушылардың ұсыныстарын
тыңдады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде
өтетіндігі туралы түсінік бергіміз келеді.
1.
Қорытынды аттестаттау –
бұл мемлекеттік бітіру
емтиханы.
2.
ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу
емтиханы.
1. 11 сынып оқушысын
қорытынды
аттестаттау бітіруші емтихан
нысанында мектепте бес
пәннен, оның ішінде 4
міндетті (ана
тілі, екінші
тіл, алгебра және анализ
бастамалары, Қазақстан
тарихы) және оқыту
бейіні (қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
ескеріле отырып 1 таңдау
бойынша пәннен өтеді.
Барлық емтихандар, оның ішінде
тестілеу де білім алушының өзі оқитын
мектебінде өтеді.
Емтихандардың тізбесі және
нысаны:
1)
Ана тілі және
әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында
жазбаша емтихан. Эссеге
3 астрономиялық сағат
беріледі.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты
таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы
қажет.
Барлық жұмыстарға бірыңғай
бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ
бастамалары пәнінен жазбаша
емтиханға 5 астрономиялық сағат
беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан
тұрады.
Тапсырмалар математикалық
фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін
анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу
дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге
бағытталған.
3) Қазақстан
тарихынан ауызша
емтихан (билет
бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады.
Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен
теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма
(карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану
арқылы тапсырмалар т.б.).
4)
Орыс тілінде оқытатын
мектептерде қазақ
тілінен және қазақ тілінде
оқытатын мектептерде орыс тілінен
тестілеу (берілген уақыт 80 минут,
барлығы 40 сұраққа 40 балл);
Бұл пәндердің тапсырмаларының
саны мен нысаны төмендегідей болады.
Лексикалық-грамматикалық
блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс
жауабын таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін,
200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бір
пәннен (физика, химия,
биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел
тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін
таңдайды)
тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80
минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс
жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс
жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде
өтеді
Емтиханға берілген бағалаумен
келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге
дейін аудандық, қалалық білім
бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған
комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың нақты
мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау
туралы» бұйрығымен айқындалады (2017
жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен
9 маусым аралығында өтеді.
Қорытынды аттестаттаудың
барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін
жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді
білім басқармалары
ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды
бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын
тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша
жүргізеді.
Алтын белгі үміткерлері
білімдерін дәлелдеу мақсатында мектепте қорытынды аттестаттау
тапсырады.
Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ
тапсырады.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап
парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында
сақталады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу
(ҰБТ)
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және
мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде
қалады.
2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ
(20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және
талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і
бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар
ескеріледі.
1 блок:
Математикалық
сауаттылық - Ұсынылған бес тапсырманың
бір дұрыс жауабын таңдай отырып (Функционалды сауаттылық, логика,
сандық салыстыруға тапсырмалар).
Оқу сауаттылығы
- Ұсынылған бес тапсырманың бір
дұрыс жауабын таңдай отырып (Оқу, мәтінді түсіну, мәтін мазмұнына
рефлексия, талдау жасай білу, салыстыру және
т.б.).
Қазақстан тарихы
- Ұсынылған бес тапсырманың бір
дұрыс жауабын таңдай отырып (Пәнді білу).
2 блок:
Бейіндік пәндер (әрбір
мамандық бойынша екі пән) – 1 бейінді пән: 20 сұрақ
ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ
ұсынылған көп тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай
отырып.
2 бейінді пән: 20 сұрақ
ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып, 10 сұрақ
ұсынылған көп тапсырманың бірнеше дұрыс жауабын таңдай
отырып.
ЖОО-ның барлық 175
мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді
пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс
(Мысалы, математика +
физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау
мүмкіндігі бар).
Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз –
10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге
асырылады.
ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында
өткізіледі.
ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде
аралығы.
2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар
айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Шекті балл – 50.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы
білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық
олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған
жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға
беріледі (Мысалы, егер бітіруші және
«Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне
беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын
Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне
арнайы гранттар бөлінеді.
Талапкерлерді кешенді
тестілеу (ТКТ)
Колледж бітірушілері үшін ТКТ форматы
өзгертілді.
ТКТ-ның жаңа форматы бойынша
колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер
және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні
бойынша оқитын болса (Мысалы, педагогикалық
мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне
арналған). Мамандық бейінін өзгертетін
бітіруші тестілеуді ҰБТ форматы бойынша
тапсырады.
Тестілеу
уақыты - 100
минут.
Тестілеуге қатысуға өтініш
қабылдау - 10 наурыз - 1 шілде
аралығы.
ТКТ базалық жоғары оқу орнында орналасқан 42
ҰБТ-ны өткізу пункттерінде өткізіледі.
ТКТ-ны өткізу
мерзімі – 17 шілде мен 23 шілде
аралығы.
Шекті
балл –
35.
ҰБТ-ның жаңа
форматы
ҚР Білім
және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды
аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа
формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде
емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және
«Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік
гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ
тапсырады.
Бұл
өзгерістер оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің ҰБТ-ны ЖОО-ға
түсу емтиханы деп қана қабылдайтындары үшін енгізілді. Сондай-ақ
бұған түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген
ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадыны жаттықтырғанымен, оқушылардың
сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі
болды.
Қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыз болмаған.
Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл ҰБТ
қорытындылары бойынша еліміздегі орта білімнің сапасы туралы
тұжырым жасауға болмайтынын білдіреді.
ЖОО-на түсуге ниетті оқушылар
үшін
Мектептерде қорытынды аттестация 5 пән
бойынша өтеді: 1. Ана тілі және әдебиеті
(эссе жазу). 2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде – орыс
тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде – қазақ тілінен
(тест түрінде). 3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан). 4. Алгебра
және анализ бастамалары (жазбаша) 5. Таңдалған пән бойынша (физика,
химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет,
информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тест
тапсырылады.
Жазбаша
және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары
мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары
арқылы тексеріліп, бағалайды.
Барлық емтихан оқу орнында –
мектептерде өтеді. Аттестацияның қорытынды мерзімі
министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау
туралы» (2017 жылдың 30 сәуіріне
дейін) бұйрығы арқылы белгіленеді – шамамен 2017 жылдың 29 мамыры
мен 9 маусым аралығы. Түлектердің мектеп бітіру кештері 2017 жылдың
15 маусымына дейін өткізілмек.
Аттестацияның қорытындылары туралы барлық
материалдарды Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына
жеткізеді. Білім басқармалары, өз кезегінде, құжаттарды мектептерге
дейін жеткізеді.
ҰБТ жаңа
форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті
пән (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (қорыта білу,
салыстыра білу, т.б. «Қазақстан тарихы») бойынша 20 тапсырма және 2
бейінді пәннен («Математика» + «Физика», «Математика» +
«География», «Биология» + «Химия», «Биология» + «География», «Шет
тілі» + «Тарих», оқыту тілі (қазақ немесе орыс) және әдебиет +
«Тарих», «География» + «Шет тілі», «Химия» + «Физика», «Тарих» +
«Адам.Қоғам.Заң», шығармашылық экзамен) – 30
тапсырма.
Сауаттылық бойынша
тапсырма оқу арқылы талапкердің
жалпылау, салыстыру, тұжырымдау және т.б. дағдыларын тексеруге
бағытталған. Сауаттылықты тексеруге арналған тапсырмалардың ҰБТ-ге
енгізілу себебі – студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс
істеп, оларды сараптауға, сол көздерден алынған ақпараттарды
салыстыруға және тұжырымдауға тура келеді. Демек, бұл дағдылар
мектеп түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет
болады.
Бейінді пәндер бойынша
тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек
жалғыз дұрыс жауабы бар 20
сұрақтан,
сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше
дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан
құралады. Бейінді пәндер бойынша
тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу
арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық
көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер
жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл
болады.
Жалпы 120 сұрақ қойылады.
Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 30 минутты құрайды. ЖОО-на түсу
үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде
қалдырылды. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша
берілген дұрыс жауаптар есебінен). Тестілеуге қатысуға ниет
білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10
мамырға дейін қабылданады. ҰБТ
өткізілу мерзімі – 20 маусымнан 1
шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы
негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың
тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. ҰБТ барысында
сыналатын барлық пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері желтоқсан
айында Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Білім және ғылым
министрлігінің сайттарында жарияланады.
«Алтын
белгі» иегерлері, жалпы білімдік пәндер бойынша республикалық және
халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың
жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады.
Алайда, тапсырған ест нәтижелері аталған жетістіктері жоқ
талапкерлердің көрсеткіштерімен бірдей болған жағдайда, гранттарды
бөлу кезінде олар басымдыққа ие болады. Жалпы білімдік пәндер
бойынша 5 халықаралық олимпиадаларының жүлдегерлері мен
жеңімпаздарына ранайы гранттар бөлінеді.
ЖОО-на түсетін Техникалық және кәсіби білім
орындарын бітірушілерге
Білімдерін ЖОО-да жалғастыру үшін
техникалық және кәсіби білім орындарын
бітірушілер тапсыратын ТКТ (талапкерлерді
кешенді тестілеу) талаптары де
өзгерді. Бұған дейін колледж түлектері
тестті мектеп білімі негізінде тапсырса, ТКТ-дің жаңа форматында
колледждерде алынған білім ескеріледі. Кешенді тестілеу барысында
талапкерлер 60 сұраққа жауап береді:
20 тасырма
– жалпы бейінді
пән бойынша (бұл тапсырмалар
арқылы базалық пән ойынша алынған академиялық білім деңгейі
тексеріледі) және 40 тапсырма – бейінді
пәндер бойынша (бұл тапсырмалар
тереңдетілген академиялық білім дегейін, сондай-ақ, практикалық
дағды мен ептіліктерін анықтауға бағытталған).
60 тапсырманы орындауға 100
минут уақыт бөлінеді.
Жалпы бейінді
пән – белгілі бір мамандықтар
тобына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар
үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері»,
заңгерлік мамандықтар үшін – «Мемлекет және заң негіздері», ауыл
шаруашылығы мамандықтары үшін – «Биология», т.
с.с.
Бейінді
пән – нақты мамандықты игеруге
қажетті пән. Мысал үшін, болашақ математика мұғалимі үшін бейінді
пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін –
«Қылмыстық құқық», мал дәрігерлері үшін – «Жануарлардың анатомиясы
және физиологиясы» т.с.с.