400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Ұлт тарихы-ұрпақ мақтанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: Ұлт тарихы-ұрпақ мақтанышы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп - гимназия



Баяндама

Тақырыбы: «Ұлт тарихы – ұрпақ мақтанышы»

Ұлттық рух-Мәңгілік ел болудың өзегі

Тарих – тамыр, Тарих – өмір мектебі. Ұлт тарихы – ұрпағымыздың мақтанышы. Өзіміздің өткен тарихымызды білмесек, одан сабақ алмасақ, болашағымызды дұрыс бағдарлау мүмкін емес. Тарих пәнінің де мектептегі негізгі міндеті – ұлттық рух пен намысты шыңдайтын, ұлттық құндылықты жас ұрпақтың бойына сіңірту.

Мектеп қабырғасында саналы ұрпақ қалыптастыру үшін, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойына сіңіру үшін кешенді түрде жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені меңгертіп, оларды әлеуметтік қарым-қатынастарға, әлеуметтік өзгерістерге белсенді қатыса алатындай дамыту біздің негізгі борышымыз.

Қазақтың құны ұлттық тарихында бүкіл әлемге аты танымал болған ғұлама ғалымдардың, дана ойшылдар мен ақыл-парасат иелерінің, шипагерліктің хас шеберлерінің ерен еңбектері мен ілімдері, әртүрлі ғылымдардың қалыптасуына негіз болған. Сонымен қатар шешендік өнер иелері, әділдікті әдет-ғұрыпқа айналдырған билеріміз, атақты хандарымыз, атын естігенде жау шапқыншыларының тізесін қалтыратқан ержүрек батырларымыз бен жауынгерлеріміздің ел болашағы үшін жасаған ерліктері ел есінде мәңгі сақтап қалуы тиіс. Тарихи жады жанданған сайын, жас ұрпақ игілігі үшін қайта жаңғырған сайын елдің ұлттық рухы күшейіп, жас ұрпақтың мақтанышына айнала бермек.

Ұлтымыздың салт-дәстүрлерінің өзі тұнып тұрған тәрбие. Қайсы болмасын, салт-дәстүрді алып қарасақ, олардың түпкі мазмұны тәрбиелік мақсаты, елдің ауызбіршілігін, ынтымақтастықты, жас ұрпақтың дұрыс қалыптасуын көздейді. Әр қоғамда өмір сүріп жатқан ұрпақ ұлттық мәдениеттің тасымалдаушысы болып табылады. Ата-бабаларымыздан мирас болып сақталып келген әлеуметтік асыл тәжірибені келер ұрпаққа тасымалдап жеткізу үшін ұлттық тарихымыздың, ұлттық мәдениетімізді жадымызда сақтауымыз керек. Себебі тарихын жоғалтқан ел тарих сахнасынан ысырылып, жойылып кетеді.

Жас ұрпақтың ұлттық рухын күшейтуде ұлттық тарихтың маңызы зор. Тарихи тұлғалардың өмір өнегелері мен қалдырған өсиеттері, ел аузында сақталып қалған тәрбиелік мәні жоғарыдағы ғибратты әңгімелер оқушылардың жүрегіне жол табатын, рухани әлеміне адамгершілік нұрын құятын бірден-бір тиімді тәсіл. Ұлттың тарихи жадысы әдеби және тарихи сөз деректер арқылы жаңғырады. Ұлтымыздың бай тарихи мұрасы қазіргі жас ұрпақтың санасына сіңімді, көңіліне қонымды түрде жеткізілуі, сапалы да саналы ұрпақ қалыптастырудың негізі.

Бізге дейін жеткізіліп отырған ұлттық тарихымыздың тарғыл тасын әрі қарай болашаққа домалатып, қаз қалпында жеткізу – ұлы міндет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі