400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Ұлт тірегі - білімді ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның болашағы бүгінгі жастардың қолында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кылышбаева Роза Пернебековна

Жамбыл облысы Жуалы ауданы

№20 Жамбыл атындағы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі


Ұлт тірегі – білімді ұрпақ


Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену – бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға ұмтылуы тиіс. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «...мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының шама-шарқымен салыстыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек.

Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара қасиеттерін танып -білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын ұстаз түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді. Сондықтан, ұрпақ болашағы – ұстазға байланыстылығын түсінеді.

Мұғалім алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшілігі бар мыңдаған шәкірт өтеді. «Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын», - деп А.Байтұрсынов айтқандай бала –

біздің болашағымыз. Жаңа әлем болашағын даярлайтын мұғалім атағына өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын, жоғары моральдық қасиеттері бар мұғалім ғана лайықты бола алады. Мұғалім қазіргі өте алғыр балалардың бойындағы дарындылықты таба алады және тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп , маздатып дұрыс бағыт-бағдар беріп, талабын қанағаттандыруды асқан шеберлікпен жүзеге асыра білуі қажет. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.

Мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейеді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Бүгінгі таңда еліміз бен әлемде болып жатқан экономикалық – әлеуметтік дамулар білім беру саласына өзіндік ықпалын тигізуде. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасын бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттілігіне баса назар аударылған. Келешек ұрпаққа білім берудің міндеттері мен мәні, мазмұны мен түрлері жан- жақты қайта жаңартылып, инновациалық білім негізінде жаңа сапаға жету міндеті көзделуде. Білім мазмұнын анықтауда, толықтыруда, оқу - әдістемелік тұрғыда жаңалауда педагогикалық жолмен дидактикалық міндеттерді белгілеуге тірек болады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық іс – тәжірибеде шәкірттердің жалпы білімдік біліктілігі және дағдысымен қатар креативтіліктің де қалыптасуына назар аударуды қажет етеді.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас

ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре

отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл

ұстаз қажет. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман бола алатын, мақсат қойып және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылатын тұлға. Ең алдымен, мұғалім – адамгершілігі өте жоғары адам.

Заман талабына сай қазіргі педагог педагогикалық, психологиялық ғылымның озат идеялары мен ғылыми теорияларын өз іс- тәжірибесінде сыннан өткізіп, талдап, оны тәжірибелік тұрғыда қолданып, әр күн

сайын толықтырып отырумен де ерекшеленеді. Біртұтас педагогикалық үрдістегі креативтілікті дамыту, біріншіден , педагогикалық идеяларды жүзеге асырудан басталады. Озат тәжірибелерді зерттеп, жинақтаудың кез келген түрінде жетістікке жету тікелей педагогтың ғылыми теория- лық білімдарлығы мен шығармашылығына байланысты. Сонымен қатар оқушылардың мектеп бағдарламасындағы материалдардың негізгі бөлімдердің толық көлемде игеріп, әрбір тақырыпты, өзгелерге түсіндіре білу, өз ойын жеткізе білу, яғни сөйлеу мәдениетінің жоғары болуының маңызы зор.

Атақты Аристотель сөйленер сөздің үш элементтен құралатынына – яғни шешеннің өзі, ол тілге тиек етер негізгі нысан және тыңдаушылар екеніне ерекше мән берді. Бүгінгі таңда шешен ретінде – мұғалім, тыңдаушы ретінде – оқушы, ал тілге тиек етер нысан – пәндік бағдарлама, оқулық мазмұны болмақ. Шынында да оқытудың сан алуан құралдары ішінде оқулықтың орны ерекше. Оны мектептегі білім- тәрбие беру қыз- метінің бірегей педагогикалық, әрі оқыту, әрі оқу құралы деп түсінеміз.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі алған білімінің көптігімен емес, сол білімді практикада қолдана алуымен маңызды. Мұғалімнің басты

мақсаты – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің өркениеті негізделген білім саясатының стратеиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

С.Пейперттің пікірінше: «... оқытудың көп бөлігі қазіргі оқыту технологиясы немесе білім саласына компьютерді пайдалану арқылы берілгенмен мұның барлығы дәстүрлі оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырту әдістерінің бірігуін көрсетеді». Қандай да болмасын әдіс - тәсіл қолданған мұғалім үздіксіз іздену үстінде болса, сол мұғалімнің жаңашылдыққа деген талпынысы.

Ғұлама ғалым әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», – деп ең алдымен, балаға тәрбие берілуі керектігін алға тартады. Демек, тәрбие мен оқыту- біртұтас үрдіс. Олай болса, жаңашыл ұстаздың басты міндеті – оқушыларды тәрбиелей отырып, сапалы білім беру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
2090
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі