Авторы:
Брахимова Рая Макеновна
ШҚО,
Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылы,
Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі КММ
даярлық топ мұғалімі
Ұлтаралық
келісім-бейбітшілік нышаны
Қазақстан
қашанда достықтың ұясы. Татулығы жарасқан
тәуелсіз елімізде жүздеген ұлт өкілдері
тұрады. Тегінде қазақ жері - пана іздеген
талай ұлт пен ұлысты бауырына басқан
киелі мекен. Ықылас пен достық дәстүрін
жалғастыратын, сан түрлі ұлт өкілдері
қазақ халқымен бір қолдың саласындай,
бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір
сүруде.
Қазақ осы
- айтатұғын елге сыр,
О,
ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы
- аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы
- ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы
- дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ
осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ
осы - карасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың
ба, жатырқауды білмейтін,
- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз
жырлағандай , ұлы қазақ даласында басқа ұлт
өкілдерінің бір
шаңырақтың астында татулықта,
сыйластықта өмір сүріп жатқаны әлемге
мәлім.
Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық
мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің
тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы
заманнан бағалап келген.«Бірлік бар
жерде — тірлік бар», «Береке басы —
бірлікте», «Ырыс алды — ынтымақ» деген
сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның
айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын
болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде
де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған.
Бірлігі жараспаған елдің берекесі
кетеді. Еліміздің болашақ ұрпағын халық
педагогикасы негіздеріне сүйене отырып
тәрбиелеу – оларды елін, жерін сүйетін
отаншылдық рухта тәрбиелеп, үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсете білетін
қасиеттерге баулу, ата-бабамыздың салт
дәстүрін бойына сіңіру, ұлттар достығын
нығайтуға үлес қосу – біздің міндетіміз.
Ұлы
Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар,
бірлікті болса ел болар» деген сөзі
бар. XXI ғасырдың ең басты заңы - татулық.
Татулық пенен тыныштық арқылы экономика
өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді,
бейбітшілік орнайды. «Келісім — экономика
мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің
заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр
ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз.
Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек»,
— деді Елбасы. Еліміз
бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке
айналып, жүз жылға татитын жиырма үш
жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп
өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен
елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас
асуларды бағындыра білді. 25 жыл ішінде
Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 -
дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір
шаңырақтың астында еркін де ерікті,
тату - тәтті өмір сүруде! Қазақстанды,
қазақты достықтың киелі шаңырағына
теңесек, түрлі этностар оның алтын
арайлы уықтары іспеттес.
Тату
елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана
береке болады деп,
Ұлы мақсатқа,
«Мәңгілік елге» сапар шеккен Елбасы
идеяларының өміршең болуына біз –
ұстаздар да - жауаптымыз. Сондықтан
барлығымыз бір, тірлігіміз нұр болып
болып қызмет етсек, асқақ асу да алынады.
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық
артықшылығы жоқ және бар
қазақстандықтардың заң
алдында терезесі – тең, керегесі – кең.
Біртұтас Қазақстан халқының бөлінбес
бір бөлшегі ретінде баршамызды
толғандыратын мәселе, ол –
әрқайсысымыздың Қазақстанның бір
азаматы ретінде ұлтаралық тұрақтылықты
нығайтып, халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсарту. Біздің бәріміздің мақсатымыз
бір: туған топырағымыздың, ортақ
Отанымыздың, қасиетті мекеніміздің
өркендеуі. Бұл – біздің ортақ табысымыз,
ортақ мақтанышымыз.
Қасиетті
қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке
бөлеген, ел тәуелсіздігінің ең жауапты
кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп
қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге
келгеніне 25 жыл болды.
«Бір
халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ
ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл –
барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір
тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен
қиындықтар мен жеңістер!
Міне,
қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап
тұратын табаны таудай үш таған.
Қазақстан
халықтарының Ассамблеясының туы
Мемлекеттік көк байрағымызбен қатар
Тәуелсіз Қазақстанның көгінде шарықтайды.
Біз Қазақстанның шынайы патриоттары
ретінде елімізде орын алып отырған
аталмыш мерекені ерекше бағалап мақтан
тұтамыз.