400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "ҮШ ТІЛ-ҮШ МӘДЕНИЕТ"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Балабақша ұстаздарына қосымша материалдар ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ

«№4«ДЕЛЬФИНЧИК» БӨБЕКЖАЙ» МКҚК













Тақырып: «ҮШ ТІЛ- ҮШ МӘДЕНИЕТ»







Баяндамашы:

«№4«ДЕЛЬФИНЧИК» бөбекжай» МКҚК

жоғары деңгейлі

біліктілігі екінші санатты

қазақ тілі мұғалімі

Жанатбекова Дидар Жанатбекқызы













Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы

Н. Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.

Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, — деді.

Үштілділік- ұлттық және рухани бірліктің ерекшеліктерімен айқындалған. Бөбекжайдағы жас сәбилердің тәрбиесіне үш тілділікті барынша кірістіруді болашақ алдындағы міндетіміз деп есептейміз. Ғылымда бала тілді үйренуді қаншалықты ерте бастаса, соғұрлым тез меңгеретіндігі айқын көрсетілген. Қазіргі қоғамның негізгі мақсаты- тіл үйренуші тұлғаларына ойлау қабілеттерін біртіндеп үш тілдендіру, сөйлеуге үйрету және тіл мәдениетін жетілдіру.

Бөбекжай педагогтері Теміртау қаласы әкімдігі «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ орталығында ағылшын А2, А1 деңгейлік курсынан 100% , қазақ тілін үйрену курсынан 47% - курстардан өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бөбекжайдың өзге ұлт тәрбиешілері арасында “Қазақшаңыз қалай?” тақырыбыңда сайыс өткізілді.

Сондай-ақ бөбекжайдың 2017-2018 оқу жылына арналған жылдық міндеттеріміздің басым бағыты «Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамыту бойынша Қазақстанда жасайтын көп ұлтты халықтың мәдениетіне деген қызығушылығын қалыптастыруда балабақша мен жанұяның бірлескен жұмыстары» жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздік мерекесіне орай “Туған өлке төсінде” бөбекжай тәрбиеленушілері арасында үш тілде ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы жыл сайын өткізіліп тұрады.

Бөбекжайымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін дәріптеу негізінде қызметкерлердің ортасында «Қыз Жібек пен Төлеген» жыры желісі негізінде «Наурыз Аруы 2018 жыл» сайысы өткізіліп, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, міндетіне, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Өткізілетін тақырыпқа орай оқытудың техникалық құралдарын қолдану арқылы көптеген ойындар құрастырылған. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындар: «Кім тапқыр?», «Кел, сайысайық!», «Аудармашы» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша.

Қазақ тілі мұғалімдері бөбекжай тәрбиеленушілерінің ұйымдасқан оқу қызметі қазақ тілі сабағында үйренген тақырыпқа сай жаңа сөздерді ата-аналар бұрышына апта сайын жаңартып үш тілде ұсынып отырады.

Бөбекжайдың бекітілген жылдық жоспарына сай, қазақ тілі мұғалімдері өз тәжірибиелерін әріптестерімен бөлісіп келеді. Өткізілген үш тілдегі ұйымдасқан оқу қызметінің сабақ жоспары Республикалық Педагогикалық басылым беттеріне жарияланды: Хожамурадова Г.Т. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы №6-2017, №4-2018, Жанатбекова Д.Ж. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы №1-2018, №4-2018. Сонымен қоса ғаламтор ресурс беттеріне де жүйелі түрде өз жұмыс матераилдарымызды жіберіп, жариялап отырамыз.

Үйретілетін тілді түсіну тіл үйретушінің кең тараған сөздер мен сөз тіркестерін күнделікті сабақтарында жиі қолдануына байланысты болып табылады. Мысалы: «Сенің атың кім?», «Мынау не?», «Отыр», «Тұр», «Рахмет», сөздерін балалар күнделікті үш тілде естіп отырса, жадында жылдам сақталып ұмытпас еді. Балалар сабақта үйренген сөздер мен сөз тіркестерін күнделікті өмірде қолдана білулері қажет.

Қорыта келе түрлі жұмыстарды атқару арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тіл үйрену жұмыстары болашақта жақсы нәтижелер көрсететіңдігіне кәміл сенеміз.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі