400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баяндама: "Үш тұғырлы тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш тілде оқытудың басты мақсаты-білімді,жан-жақты дамыған,тәрбиелі,бәсекеге қабілетті,заманауи тұлғаны өсіру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш тұғырлы тіл – заман талабы



Бүгінгі таңда көп тіл білу -заман талабы.Бірнеше тілді меңгеру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақ болашақта білім кеңістігінде еркін самғап,өз қабілетін танытуға зор мүмкіндік алады.Осыған орай қазіргі таңда балабақшалар мен мектептерде үш тілде оқыту қолға алынды.Үш тілде оқытудың басты мақсаты-білімді,жан-жақты дамыған,тәрбиелі,бәсекеге қабілетті,заманауи тұлғаны өсіру болып табылады.

Елбасымыздың «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.Бұлар:

-қазақ тілі-мемлекеттік тіл

-орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі

-ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деген болатын.

Қазіргі таңда үштілділікті дамытуға көптеген жағдай жасалған.Үштілділікті дамыту қарқыны күннен күнге үдеп отыр.Осы мақсатта үштілділік бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдарда да жақсы жолға қойылған.

Кез-келген ата-ана өз баласының сапалы білім алып,жақсы тәрбиеленіп өмір сүруіне ықпал жасайды.Ол үшін баласын мектепке дейінгі ұйымдарға беруге тырысады.Себебі балабақшада арнайы білімдері бар мамандандырылған тәрбиешілер мен педагогтар жұмыс жасайды.

Балабақшада тілдерді үйрету мақсатында «Қатынас» білім беру саласы жасақталған. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты тілдік құзіреттілікті меңгерген,ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндігі бар және ересектермен,құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.

Балабақшада бала құрбы-құрдастарымен бірігіп түрлі ойындар ойнайды.Бала ойын арқылы басқа тілдерді жеңіл қабылдайды,тілге деген қызығушылықтары артады.





Қорыта келгенде,ағылшын тілін ерте жастан оқыту – баланың тілді еркін меңгеруіне жақсы әсер етпек.Яғни ағылшын тілін балабақшадан бастап оқыту - бұл қазіргі заманның басты талабы.

Мен Елбасымыздың үштілділік саясатын қуана қолдаймын.Болашақ ұрпағымыз ана тілін жетік біліп,өзге тілді меңгеріп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

























































Үш тұғырлы тіл - заман талабы









Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

МКҚК №22 «Ақбұлақ» бөбекжай-

бақшасы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Джумагазыева Маржан Қалдыбаевна















2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі