400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Баяндама "Ұстаздық - ұлы құрмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабы әлі де ұстаздарға деген құрметтің ұлы екендігін білдіреді. Ұстаздар қауымына арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы №1гимназиясы

Байланыс тел: 87079773808. эл.пошта: karlygash80b@mail.ru

Бактыбаева К.Р.

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

Бүгінгі заманның мұғалімі - бесаспап жан, қамқор "ата-ана", шығармашыл тұлға, ізденімпаз маман. Ол - заман талабы. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіз» - деген екен қазақтың біртуар азаматы Қаныш Сәтбаев. Әр жақсы іске шын көңілмен, таза ниетпен кіріссең, жемісін берері анық. Әр ұстаздың оқушысы - өзінің айнасы деп ойлаймын. Өйткені ұстаздық - ұлы қызмет! Бүгінгі шығармашыл мұғалім ел болашағының дамуына үлес қосып, оқушысының жоғары жетістікке жетуіне тікелей ықпал етуде. Әл-Фараби бабамыз: " Адамға, ең алдымен, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі",-деген екен. Біліммен егіз тәрбиенің бастау бұлағы ата-ана арқылы сіңсе, бұл ретте ұстазының да ролі зор екені сөзсіз. Оқушы бойына білімнің нәрі мен адамдықтың асыл қасиеттерін сіңіруден шаршамайтын ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз екені даусыз. Жас өрендерге тәрбие мен білім беруде үнемі ізденіп, жүрегіне жол таба білу үшін адамгершілік қағидаларын жадынан шығармайтын ұстаздардың еңбегі ерен екені анық. Әр баланың қасиетін тани біліп, бойындағы қабілетін ұштайтын ұстаз әр оқушының ата-анасындай қамқор болуда.

Ұстаз - шебер әдіскер, нағыз психолог жан. Олар - оқушылары өз пәнінің қыр-сырын меңгеруі үшін, алған білімін өмірде кәдесіне жарата алуы үшін күні-тынбай ізденуден шаршамайтын, ішіндегісін тап басып біліп, бауырына қысудан жалықпайтын адам. Бұл - біздің тізбектелген, тұрақты ісіміз. Содан қанаттанамыз, күш-қуат аламыз. Өйткені уақыт көшіне ілесу – әр адамның мәртебелі міндеті. Әр оқушысына сүйіспеншілікпен қарап, олардың қабілет-қарымын, мінездерін де ескеріп отырады. Одан шаршаған емес. Әр оқушысының бойынан жылт екен жақсылықты бағалап, жоғарыға жетелейді, талабын ұштайды.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп, француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаз мен үшін – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын біздің бойымызға дарытушы деп білемін. Ұстаз мен үшін – жарқын болашаққа барар жолын айқындап беруші ең аяулы жан. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін бірден аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей, білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз - киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?

Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу - адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу - бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.

Ұстаздарымыздың бар бақыты өзі тәрбиелеп,өзі білім беріп отырған оқушыларында екені рас. Кез-келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады.Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет.Өзгенің бақытын аялаумен,өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса жауапты. Біз ұлыларды ұстаз санаймыз. Оларды өмірге сирек келетін тума талант дейміз. Ендеше алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа арнаған тума талант нағыз ұстаздардың да ұлылар қатарына қосудың еш артықтығы жоқ. Бұлай деуімнің тағы бір себебі бар. Сол ұлылардың өзі ұстаздардың алдынан өтетіндігі, мектепке тарыдай болып келіп, таудай болып шығатындығы. Бұған текті жандардың:  «Мені оқытқан еді, ұстазым болатын» деп именіп иілетін, ізет көрсетіп, құрметттейтінін қосыңызшы. Иә, «инемен құдық қазғандай, «мұндай дәрежеге жетудің бір ғана жолы бар. Ол – білім-білікті ерінбейтін еңбекке ұштастыру, ол – ұрпақ тағдырына адалдық таныту. Олардың бойына біліммен  қатар отаншылдық  рухты дарыту, тәлім-тәрбиенің қайнар бұлағынан дәйім сусындауы, имандылық, мейірім, адамгершілік, адалдық шуағын себу, ізгілікке жетелеу – осының бәрін оқытудың озық үлгілерімен жалғастыру. Бұл жүзден жүйріктердің, сегіз қырлы бір сырлылардың қолынан келеді десек, өзгелер  соған  талпынса, ұстаз ұлағатты, мұғалім шапағатты болмақ.

Бүгінге мұғалімге артылар сенім, үкілеген міндет, жүктелген парызы өте жоғары. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Құрметті ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда сіздердің беделдерінің үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Сіздер және сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз біздің жаңа мыңжылдықтағы бақытты қадамдарыңызға гүл бітіретін жетістіктердің қозғаушы күші болады деп үміттенемін. Болашаққа білммен қатар қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын» деген еді. Бұл қай-қайсымызға сабақ болар сөз.

Бұл мәселені шешудің кілті - ұс­таздардың қолында. Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ұстаз білім беруші ғана емес, ол- адамдықтың, мәдениеттіліктің, адалдықтың үлгісі. Ұстаз мәртебесі қашан да биік. Өйткені, ұстаз жүрегі теңізден де терең, тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады. Мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқу үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай, ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейтінін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Болашақта шәкірттерімнің Мәңгілік елдің тізгінін ұстайтын нағыз азамат болуына өз үлесімді қоссам, нағыз ұстаз бақытына жеттім деп ойлар едім.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі