Материалдар / Баяндама, Ыбырай Алтынсарин
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама, Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ы. Алтынсарин атамыздың біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, мақсатын оқушыларға түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2020
334
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің еңбектері

Т.А.Ә. Туребаева Оразгуль Мангыстауовна
Жұмыс орны: Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 орта мектеп
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

Денесі оның Тобылдың жағасында,
Мүсіні тұр Қостанай қаласында
Ыбырай бұлағының мӛлдір суы
Шүпілдейді білімнің шарасында.
Ыбырай Алтынсариннің ӛмір жолы,еңбек еткен ортасы, әлеуметтік
істері ӛзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай, Шоқан мен Абайдың туған халқын
мәдениетті халықтар қатарынан кӛргісі келетін арманын ӛз қолымен іс
жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу
құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог.
Екіншіден, ӛзінің шығармаларын қос тілде бірдей жазды. Үшіншіден,
соқтықпалы соқпақты, дүбірлі кезеңдерде Ыбырай ӛз халқымен бірге
болып, оның барлық ауыртпалығын бӛлісті.
Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы мен
ӛмір жолы инновациялық идеялар мен іс-әрекеттерден тұрады. Ыбырай
шығармашылығына арналған зерттеулерге жүгінер болсақ, ол ӛзінің қолға
алған барлық істерінде тұңғыш, негізін қалаушы, кӛшбасшы ретінде
кӛрінеді. Мысалы, Ыбырай қазақтың әдебиет тарихында алғашқы балалар
жазушысы болды.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,-

деп басталатын әйгілі ӛлең шумақтары жасӛспірімдерді сауат ашып, білім
алуға, материалдық емес, рухани байлықты азық етуге шақырады:
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстың байлығы
Күннен-күнге кӛп болар,деп,- ӛнер-білім құдіретін ӛлеңмен ӛрнектеген Ыбырай-ақынның ӛсиет
ӛлеңдерінің тілі кӛркем, ойы мейлінше терең.
Ыбырай-қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, кӛркем
сӛз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын,
кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды. Жастарды
еңбексүйгіштікке,
ізгілікке,
тапқырлық
пен
әрекетшілдікке,
ізденімпаздылыққа тәрбиелейді.
Жалпы, Ыбырай әңгімелерінің қазақтардың экономикалық санасына
ықпалы да едәуір байқалады. Қазіргі таңдағы әрекетшіл адам болу
парадигмасымен үндестік те бар. Бала тәрбиесінде Ыбырай
Алтынсариннің тәлімгерлік мұраттарына тереңдеп үңіліп, оның оймаржандарын іс-әрекетке пайдаланудың берері мол.
"Қазақ хрестоматиясы" оқулығының "сӛз басында" Ы.Алтынсарин туған
елінің "азбаған, талап, тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына
сыя алмайтын ой - пікірі еркін халық" екенін айта келіп, "оның келешегі
үшін сана-сезім жағынан, жалпы білім мен пайдалы ӛнерді үйрету керек
болып отыр"деген. Бұл ойын жүзеге асыру үшін жетекші құрал ретінде
қызмет атқарған оқулығында бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін
әңгімелер енгізген.
Әдебиетші,
ғылым,
әдіскер
Ә.Қоңырбаевтың
айтуынша:
"Ы.Алтынсариннің хрестоматиясындағы ӛлеңдер мен әңгімелері,
аудармалары жас буынға эскетикалық тәрбие ғана емес, үлкен жүйелі
білім мен және қоғамдық ұғым берді. Жастарды адамгершілекке,
ағартушылық идеясына, қоғамдық міндетке баулыды" деген.
Ы.Алтынсарин шығармаларының қайсысын алсақ та мектепте дейінгі
және бастауыш сыныптарда жаттатып қана қоймай, кез - келген әдістәсілдерімен шығарманы бала бойына ашық, түсінікті еткізу мұғалім
шеберлігі. Сӛйтіп, оқыту тәжірибесінде алғашқы Ы.Алтынсариннің
мектептерінен дамыған әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы да мүлде ескірген
деуге болмайды. Бүгінгі оқудың басты шарты - оқылатын мазмұнды
оқушының танымдық әрекеті арқылы меңгеруін қамтамасыз ету,
тиімділігіне қарай қолдана отырып, балалардың қызығушылығын арттыру,
еркін ойлауға, ой - сезімін кӛркем тілмен жеткізе білуге тәбиелеу.
Қазақ балаларына білім беріп, халқын оқыған, мәдениетті ел қатарына
жеткізуді армандаған, осы мақсатқа бар ӛмірін арнаған ұлы ұстаз, жазушы
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ӛте зор. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін,
оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше
күресіп ӛткен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны
сӛзсіз.

Ы.Алтынсарин әңгімелері біздің ӛмірімізде ең керекті, әсіресе бүгінгі
тәуелсіздік алған тұста халқымыздың адал еңбек етіп, ӛмір жеңісіне қол
жеткізу үшін қажет. Халықтың рухани ӛміріне зор әсерін тигізген үздік
туындысы "Қазақ хрестоматиясына" ақынның ӛлеңдері мен әңгімелері
кірген. Әңгімелерінің негізгі тақырыптары еңбекті сүю, қадірлеу.
Ұстаздың әңгімелерін оқи отыра, білім алушылар оның ұлағатты ойын,
үлгі етер ӛнегесін бойларына азық етеді. Әңгімелесу, пікірлесу, әдеби
шағын пікір-таластар ӛткізу арқылы білім алушылардың бойына жақсы
ізгіліктерді қалыптастыруға болады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық
шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды."Мен қазақ
балаларын
ұқыптылыққа,
тазалыққа,
отырықшыл
тұрмыстың
артықшылығына үйретудің ӛзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс
деп білемін" дейді. Ӛз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу
идеясын кӛтеріп, оны шешудің жолдарын іздейді. Шығармаларының
идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және
оларды ғылым-білімге үйрету еді.
Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын
сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала
зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті.
"Ананың сүюі" деген ӛлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа
бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін
жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын балаларға
ұғындыру мақсаты кӛзделген. Сол сияқты"Аурудан-аяған күштірек" деген
әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың
шыдамдылық, тӛзімділік,имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері
сипатталады. "Бір уыс мақта" деген әңгімесі балаларды ұқыптылыққа
тәрбиелесе, "Жеміс ағаштары"әңгімесі бала тәрбиесінде дұрыс бағыпқағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екендігін ашып кӛрсетеді. Аталған
әңгімелердің оқытушылар мен білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор.
"Баланы жастан"дегендей, жас кезінен түзу тәрбие беру оның болашақ
ӛмірі үшін керек.
Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы
үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде
ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын кӛрсетіп, еңбекті қадірлеуге
және сүюге тәрбиелеу мақсатын кӛздейді.Ұлы ұстаздың қандай
шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгіӛнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп
ӛмір танытарлық ой тастайды. Ӛнерге ұмтылу, Отанын, елін
сүю,талаптылық, жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат,
қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы
мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.
Ы.Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды роль
атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя
білді. Оқу тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді.

Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, білім алушылардың қабілетіне
қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады.
Бүкіл қазақ халқының жарық жұлдызы болған Ы.Алтынсарин мұралары ӛшпейтін мұра. Сол мұрадан сусындаған ұрпағымыз білімді де ойлы,
зерделі де тәрбиелі болып шығатынына сенімдіміз.
"Ақын бол, болма ӛз еркің, азамат болу міндетің" демекші, ұстаз міндеті
әр баланың ӛмірде ӛз орнын тауып, үлкен азамат болуына үлесін қосу.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз
қауымына артылатын жүк оңай емес. Жақсы оқушы, жақсы азамат
тәрбиелеу - уақыт талабы.
"Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға
бастырар талап сыйлайды"десек,еселі табысымыз туған елге арналады.
Баяндамамды Ы.Алтынсариннің мына нақыл сӛздерімен аяқтағым
келеді:"Ӛз Отанымызға қолымыздан келгенше пайда тигізу-әрбір
азаматтың парызы,борышы."

Қосымшалар
Тәрбие бағу-қағудан басталады

Шығармалары
Оқушыларды неге тәрбиелейді?
1. «Әке мен бала» әңгімесі
«Аз жұмысты қиынсынсаң, кӛп жұмыска тап боларсьң, азға қанағат
етпесең, кептен қарыз қаларсьң», дейді.
2. «Асыл шӛп» әңгімесі
- Ол шӛп сенің қолыңа түшей ме ден қорқамын, аты - «сабыр» деген, деді. Сабырлылық, шыдамдылық, тӛзімділік, ұстамды болуға үндейді.
3. «Бақша ағаштары» әңгімесі
Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңдейді. Тәрбиелі болуға,
адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
4. «Байулы» әңгімесі
«Батаменен ер кӛгереді», «Баталы ұл арымас» деген халық қағидаларының
ӛміршеңдігін әңгімеге аркау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі
болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.
5. «Алтын шекілдеуік» әңгімесі
«Не нәрсенін де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар»
6. «Тәкаппарлық» әңгімесі

7. Кішіпейілдіктен опық жемейсін, тәкаппарлық ұятқа қалдырады.
8. «Мейірімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек»
Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, тӛзімділік сияқты
жақсы қасиеггерге баулиды. Бала әке-шеше алдында ӛзін мәңгі қарыздар
сезінуі керек . Махаббат - зор сезім.
9. «Талаптың пайдасы»
«Кім талап етсе, сол мақсатына жетеді. Талапты ерге нұр жауар». Ӛнерге,
оны сүюге, талапты болуға, ӛз бойындағы дарынды тәрбиелеуге
шақырады.
10.«Бір уыс мақта» әңгімесі
Үнемшілдікке, қолда барды қадірлей білуге шақырады. Ұқыптылықка
тәрбиелейді.
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Арқалық қаласындағы
Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия.

Қостанай
қаласындағы
тұңғыш педагог,
ұстаздың
ескерткіші.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!