жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. Заманауи аспаздық өнердегі инновациялық бағыттар
Заманауи аспаздық өнердегі инновациялық бағыттар.
Әлімжан Нұргүл Бауыржанқызы, өндірістік оқыту шебері.
«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК.
"Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі"
Профессор Н.Нұрахметов.
Бұл мақалада теориялық, өндірістік оқыту сабақтарында қолданылатын заманауи аспаздық өнердегі инновациялық бағыттардың көптеген түріне анықтама берілді. WorldSkills чемпионатына қажетті негізгі инновациялық бағыт Арт-визаж түрінің қолданылуы қаралды.
Оқытушылардың мақсаты – сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру. Білім ордасындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа сабақтың түрлерін дамыту. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс тәсілдерінің бәрінде еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре, тиімді, үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану оқытушының басты шеберлігінің белгісі.
Білім негізі сабақ барысында. Оқытушының әрбір сабағы бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыруды және басқаруды жетілдіру қажет. Ол үшін сабақтың әрбір минуты тиімді және білімділік, дамыту, тәрбиелік мақсаттары айқын болуы қажет.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияның жобасын үшке бөлуге болады. Олар: тәрбиелеу; оқыту; қарым-қатынас.
Ал, тәжірбиеде оқыту жүйесінің пәндік бағытта оқыту технологиясы мен тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы кездеседі.
Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік. Оқу процесінде модульді жүйені пайдалану қазіргі таңда білім алушыларға ұсынылып жтқан көлемді материалдарды қысқартуға және жеделтуге жол ашады[1].
Жалпы теориялық, зертханалық және практикалық, өндірістік оқыту сабақтарын қызықты да, ұтымды өткізу үшін жаңа технологияларды пайдаланған жөн деп санаймын. Оқыту барысында күнтізбелік жоспарды жасауға және білім алушылардың өз қабілеттеріне байланысты теория мен практиканы ұштастыруға модульдік оқыту технологиясының берер оң әсері байқалуда.
Арқалық политехникалық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша модульдік оқыту жүйесі бойынша түлектер оқуды аяқтап, маман иесі болды. Бұл технологияның бір ерекшелігі білімді жатқа меңгерту емес, білім алушының өз бетінше орындауға ұмтылуына, өндірістік сабақтарда есту, көру қабілеттерін арттыруына, практикалық бағытта тәжірбиелерін қарқынды меңгеруге көмектеседі.
Аспаз біліктілігі бойынша, белгілі модульді меңгеру нәтижесінде білім алушылар тағам дайындауда келесі инновациялық бағыттарды меңгеруі тиіс:
Фудпeйринг – жалпы дәмдік компоненттерге ие әртүрлі өнімдерді біріктіретін ғылым, тағамды кәсіби безендіру өнері;
Aрт-визaж – тағамды кәсіби безендіру өнері;
Кaрвинг – көкөніс пен жемістерден суреттерді көркемдеп кесу, үстелді әсемдеу үшін олардан сәнді бұйымдар жасау өнері;
Фьюжн – түрлі аспаздық дәстүрлердің элементтерін біріктіретін және дәмдік үйлесімдікті сақтайтын асхана;
Sousvide (су-вид) - вакуумда пісіру, «вакуум астында» - ет немесе көкөністерді ауасы сорылған пластик қапқа салып, салыстырмалы түрде төмен және нақты бақылаудағы температурада, әдетте су буында баяу пісіру әдісі;
Бaрбeкю – тамақ өнімдерін, көбінесе етті (стейктер, шұжықтар), қатты қызу көздерінде (көмір, газ немесе отын) алдын ала қыздырылған және майланған темір шыбықтарда пісіру тәсілі;
Пaкоджeт (мұздымиксeр) – қатты мұздатылған тағам өнімдерін пюреге айналдыру процесі;
КЭЧ тeхнологиясы (Кук энд Чилл - (ағылш.) сook&chill - дайындау және салқындату) — өнімді жылумен өңдеу және жылдам салқындатудың кешенді технологиясы;
Дeглaззерлеу – негізгі тұздықты алу үшін табадағы қарайған тамақ қалдықтарын сұйықтықпен еріту техникасы;
Aль дeнтe – «тіске басар» - қандай да бір өнімді оның жылумен өңдеуінен кейін пайдалануға дайындық деңгейінің бір түрін сипаттайтын аспаздық түсінік;
Фламбирлеу (Отпен шарпу) – табиғи от жағдайында тағамды дайындау.
Модульді меңгеру кезінде, білім алушылар: тағамдарды дайындау және әдемі деп безендіру, жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану, заманауи жабдықтардың түрлерін қолдану, тамақ өнімдерінен әшекей дайындау үшін қажетті құралдар туралы ереже болуы керек[2].
Зертханалық және практикалық сабақтарға басымдық беретін білім беру технологиясын таңдағанда, мен бұрын аталған технологиялардың барлығын дерлік сынап көрдім, бірақ білім алушыларға бағытталған оқытуды таңдадым.
Осы инновациялық бағыттарды меңгеру кезінде, әрбір жеке білім алушы:
- білім алушылардың оқу үдерісіндегі дербестігі, бұл көбінесе курстың мақсаттары мен міндеттерін студенттердің өздері анықтауда, олар үшін қолайлы әдістерді таңдауда көрінеді;
- білім алушылардың бар біліміне, оның тәжірибесіне сүйену;
- студенттердің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін және олардың өмір жолын ескеру, «өзім» деген ұғымға ұмтылуды ынталандыру;
- білім алушылардың эмоционалдық жағдайын, сондай-ақ олардың моральдық-этикалық және адамгершілік құндылықтарын ескеру;
- осы немесе басқа оқыту стратегияларына тән білім дағдыларын мақсатты түрде қалыптастыру;
- оқу процесінде өндірістік оқыту шеберінің рөлін қайта бөлу: шебердің жетекші рөлін шектеу, оған ассистент, кеңесші функцияларын беру.
Қазіргі уақытта болашақ маманның жеке қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгінгі таңда оқытушы, әсіресе зертханалық және практикалық сабақтарда, көбінесе әріптес, серіктес рөлін атқарады.
Аталған аспаздық инновациялық бағыттың бір түрі Арт-визажды WorldSkills чемпионатына дайындық барысында қолданыс үстіндеміз. Себебі білім алушы тағамды дәмді етіп қана дайындамай, соған сәйкес тағамды кәсіби безендіре де білуі қажет.
Чемпионатта тағамды қаншалықты кәсіби безендірілгеніне байланысты лайықты бағасы қойылады.
Арт-вижаз – тағамды кәсіби безендіру өнері.
Тағам арт-визажы немесе аспаздық визаж – тағамды кәсіби безендіру өнері.
Арт-визаж әртүрлі карвингті білдіреді, aспаздық визaж өнер деп аталады, себебі аспазшы еңбегі тек білімді ғана емес, сонымен бірге суретшінің талантын, эстетикалық дәмді, қиялды талап етеді. Аспазшы жұмысының нәтижесі ұлы көркемдік қабілеттердің әсерлерін бейнелейді, адамның игілігі мен сұлулығының бірлігін білдіреді, тамақтандыру кәсіпорындары қонақтарының эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.
Біздің елімізде қазіргі таңда арт-вижаз өнері қарқынды дамып келеді. Жарқын, тағам дизайнына байланысты есте қаларлық, дәмі тіл үйіретін үлгілер туындауда. Өткен жылдарға қарағанда заманауи аспаздық өнері тағамды безендіруде түрлі сызықтар мен түстерді, ассиметрияны, кең және қызықты тақырыптарды қосып, қазақ ұлттық тағамдарының дәстүрлі ерекшелігін жоғалтпастан батыл заманауи идеяларды енгізіп жатыр.
Аспаздық өнеріндегі арт-визaж жыл сайын көп қырлы, үлкен қарқынмен дамып, бас аспаздар одан да кәсібиленуде. Аспаздық өнердегі арт-визаж дербес бағытқа айналуда.
Білім алушылармен өндірістік сабақ барысында арт вижаздың ең тиімді 6 тәсілін қолданамын. Олар:
Тағам порциясынан үлкен диаметрлі, бір түсті тәрелкені пайдалану, әрі сол тәрелкенің шетін бос қалдыру.
Тағамға пішін беру. Оны көкөніс, пияз қауырсыны және т.б. түрлі «жапырақтар» арқылы бекіту.
Тағамды әшекейлеудің ең әйгілі тәсілі – дрессинг деп аталады, оны тәрелкенің бос жеріне тұздық құю немесе тамызу арқылы жасайды.
Безендірудің тағы бір бірегей тәсілі - карвинг (бейнелі кесілген көкөністер немесе жемістермен безендіру) – ол кез-келген тағамды шедеврлерге айналдыра алады.
Шоколад өрнектері арқылы десертті безендіру – пергаментке еріген шоколадты белгілі бір ӛрнек немесе пішін түрінде құйып, қатқаннан кейін онымен десертті безендіреді.
Дайын тағамды тәрелкеге салып, жасыл шӛппен және жапырақтармен безендіреді, бұны гарнир ретінде де қолдануға болады.
Заманауи бұл тәсілді қолдану барысында, оқытушы рөлі екінші орынға түседі. Себебі, білім алушы тағамды безендіру және әшекейлеу мақсатында өзінің ой-қиялына ерік беруі қажет.
Білім алушы тағамды безендіру қағидаларын әрқашан ұстанады:
1. Дұрыс үйлесім. Тағам мен толтыратын әшекейлер бір-бірімен
үйлесуі керек. Сонымен қатар, белгілі бір өнімдердің жалпы қабылданған үйлесімін ұстану жеткілікті. Мысалы, балық пен теңіз өнімдерінен жасалған тағамды саңырауқұлақтар түріндегі картоп, шар түріндегі ет, лимон раушан немесе көбелек түрінде, жартылай дөңгелек немесе дӛңгелек етіп кесіліп беріледі.
2. Қарапайымдылық. Кейбір тағамдар табиғи көрінісінде әлдеқайда жақсы көрінеді. Егер негізгі тағам әдемі боялған және керемет кӛрінсе, тағамның қалған бөлігін әртүрлі түстермен толтырып, олардың кері әсерін тигізбеу керек.
3. Жеке элементтердің орналасуы. Тағам дизайнын әзірлеуге дейін декордың барлық элементтерін мұқият қарастыру қажет. Еске сала кетейік, дизайндағы кез келген тағамға безендірусізге қарағанда көбірек көңіл аударады.
4. Дәлдік, нақтылық, жинақылық. Азық-түліктерден әшеке даярлауда декоративті кесінділердің нақты, дәл, тегіс болуын қадағалау қажет. Себебі сіз әр түрлі кесектерді өткір жиектер мен өткір пышақтарымен
пайдалануы керек. Декорациялар жинақы болған кезде тартымды болады.
5. Дәм мен түс үйлесімі. Түс тағамның дәмін жасаудың немесе
бөлектеудің құралы болып табылады. Ол эстетикалық рөл атқарады және өнімнің жақсы сапасы мен тағамның жарамдылығы туралы тәжірибелік белгі береді. Тағамға арналған бояуды біріктіру көзді ғана емес, сонымен бірге тәбетті де ашуы керек. Әр аспазда суретшілік өнер болуы керек[3].
Қорытындылай келе, заманауи білім беру үрдісінде білім беру жүйесіндегі өзгермейтін жағдайларға бейімделу және инновациялық әсер ете білу оқытушы үшін өте маңызды болып табылады. Оқытушы қызметіне бейімделу – білім беру саласындағы замануи өзгерістерге қызметтің қалыптасқан жүйесіне негізделген қызметке сәйкестікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
Әрқашан білім алушылармен жұмыс барысында теориялық, өндірістік оқыту сабақтарында замануи аспаздық өнердегі инновациялық бағыттарды қамтып, жетілдіру.
Осылайша, оқытушылардың инновациялық технологияларды қолдану біздің шығармашылық қызметімізді белсендіреді, өзіміздің дауымымызға жағдай жасайды, кәсіби құзыреттілігімізді арттырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Баешова Ф.С. Білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары. - //Техникалық және кәсіптік білім, №4(27)/ 2016.
Ұлттық асхана технологиясы: Оқу құралы / Ибрaгимовa М.Ж., Мұрaтхaнқызы A., Уйкaсовa З.С., Әділхaнов С.С.
Полат Е.С. Новые педагогические технологии - М.: - 1997.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген