400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама.Ақпараттық -коммуникативтік технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім жүйесін дамытуда қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы,Целиноград ауданы ,Қосшы ауылы,

Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің

Математика пәнінің мұғалімі: Наурызбаева Күлбаран

Баяндама

Тақырыбы

АКТ-технологияларын пайдаланып ,сабақтың қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу.

Мақсаты:Ақпараттық –коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім жүйесін дамытуға қолдана білу ,қысқа мерзімді жоспарды әзірлеуде мақсаттың айқындығына назар аударту.





ХХІ ғасырдың оқушылары алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуі басты назарда болып табылады. Осы дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімдер жұмыстарына уақыт бөле білулері керек, тек бұл ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы –қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруына мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратындай тиімді сабақ өткізулері керек. Ол үшін ең алдымен мектеп ұстаздарының шеберліктерін шыңдау жолында иновациялық шығармашылық жұмыстар жүргізуге дағдыландыру керек екені анық. Сондай дағдыны оқушының бойынан көру үшін және оқушы жетістігін ары қарай өрістету үшін, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да білімге жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді .Себебі күннен -күнге жаңалыққа, ақпаратқа толы заманда, өскелең ұрпаққа білім берудің басқаша әдіс-тәсілдері қажеттілік етті.

Қазіргі таңда бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі - жаңартылған бағдарлама бойынша жоспар құруынан басталады. Бағдарламаның өзіұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама аясында төмендегі сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс

• Балалар қалай оқиды?

• Нені оқыту керек?

• Оқушылар не қалайды?

• 7 модульді ықпалдастыру не береді?

Оқу ортасын ұйымдастыра және олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете білу қажет.

Қысқа мерзімді жоспар SMART мақсатты нақты қоя білуден басталады.

Мақсат - нақтылық , өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет. Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек. Қандай мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында мақсаттың нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша ойлануы керек:

  • Оқушы осы сабақта нені білуі қажет?

  • Оқушы не істейді?

  • Яғни, жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде оқушылардан сіз не күтесіз.

  • Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша қандай тапсырмалар бересіз?

  • Берілген тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай ма?

  • Нәтижесінде оқушы не білді,алған ілгерлеу болды ма?

Қандай тапсырма болса да оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс.Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың ,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы тиіс:

Бірінші кезекте сіз бағыт берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіргенде нұсқау бересіз.Оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға тырысасыз.

Екіншіден бақылаушы, бағалаушысыз . Бақылаушы болғанда оқушының оқуы туралы дерек жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүргізесіз.

Үшіншіден мұғалім қолдаушы болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы орындаған сайын қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.

Сабақтың соңында мұғалім өзіне рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.Осындай құрылыммен құрылған сабақтарды жүйелі өткізу үшін дамыған елдермен тереземіз тең болу үшін ,дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік техноло­гиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірде-бір мүм­кіндік. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық- ком­муникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін студент жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады.
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурс­тарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.
Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақ­стан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының ма­ңызды басым бағыттарының бірі болып танылды.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін жоғарғы оқу орындарында мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отан­шылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлт­тық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақ­станның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пәнінің маңызы, әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып- білудегі рөлімен анықталады.
Оқыту міндеттері: әлемнің Ақпараттық-ком­муникативтік технологиялар жаратылыс­тану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолда­ну. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді орын­­дауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар, факультативтік сабақтарын өткізу ұсынылады.
Сабақтан тыс жұмыстар:
– зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;
– олимпиадалар, конкурстар, тақырыптық кеш­­тер;
– таңдау боыйынша элективтік курстар;
– онлайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқау­лары;
– Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде.
Ақпараттық-коммуникативтік технология­лар, олар: киберқауіпсіздік, бұлтты және мо­биль­ді технологиялар, Smart технологиялар, E-технологиялар.
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі: Киберқауіпсіздік индустриясы. Киберқауіпсіздік және Интернетті басқару. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғанудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіп­сіздік саласындағы стандарттар мен специфи­кациялар. Қазақстан Республикасының ақпа­раттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші
құқық­тық қатынастар заңнамасы. Электрондық цифрлық қолтаңба. Шифрлау. Бұлтты және мобильді технологиялар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидалары. Виртуалдау технологиясы. Бұлт­ты Web-қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдер мен тұжырымдамалары. Мобильді сервистер. Мобильді технологиялар стан­­дарттары. Smart технологиялар. Үлкен деректер. Блок чейн технологиясы. Жасанды интеллект. Smart-сервистерді пайдалану. АКТ-дағы жасыл технология. Телеконференциялар. Телемедицина. E-технологиялар. Электронды бизнес. Электронды оқыту. Электронды үкімет.
Электрондық бизнес: Электрондық бизнестің негізгі модельдері. Электрондық бизнестің ақ­параттық инфрақұрылымы. Электрондық биз­нестегі құқықтық реттеу.
Электрондық оқыту: архитектурасы, құрамы және платформалары. Электрондық оқулықтар.
Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. Дамыған елдерде элек­трондық үкіметті іске асырудың форматтары. Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялы АКТ. Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық жасақтама. Медицина, энергетика және т. б. кәсіби салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Ин­дустриялық Ақпараттық-коммуникативтік тех­но­логиялардың қауіпсіздігі.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компью­терлік сауаттылығы ақпараттық-коммуни­ка­тивтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-комму­никациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі