Материалдар / Баяндама.Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама.Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі туралы т.сінік беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі



Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • студенттің өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру

арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • студенттің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше.

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде студенттерге физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер студенттерге физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр студентке жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс студенттің білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады.

Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану  және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттердің өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студент бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір студент таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

 «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану студенттің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

 




Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл      

3.“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл

4. «Физика және астрономия» журналы №4, 2007 жыл

5.«Физика» журналы №6, 2006 жыл 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!