жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама"Асық-қазақ халқының ойындарының бірі"
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Тәрбиелік шара:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Тәрбиеші: Бақтығалиева М.Е
2020ж
Меңгеруші:________Ф.Ф.Акимгалиева Әдіскер: _______Г.А.Таменова
Мақсаты:Балаларды құстардың тіршілігімен, олардың түрлерімен таныстыру.Күзде олардың жылы жаққа кететіні, ал көктемде қайта оралатыны туралы білім беру.Оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін құстармен олардың тіршілігімен танысамыз.Олардың қандай түрлерін танимыз, қане кім айтады?
(торғай, көгершін, қарға, бүркіт).
Балалар дұрыс айтасыңдар бізге хат келген екен, соны ашып көрейік.Бұл хатта бізге құстардың түрлері туралы айтыпты.
Бұл торғай.Ол кішкентай құс.Ол тарғыл түсті болады.Бұл торғайдың суықторғай деген түрі қыстап қалатын құстар қатарына жатады.
Ал, мынау көгершін.Ол бейбітшілік символы.Бірлік пен достық құсы деген атты иеленген.Оның өзге құстардан ерекшелігі олар жұптасып өмір сүреді және адамдардың қолына тез үйренеді.
Ал, балалар құстар туралы ақпарат алдық, енді оларға қамқор болу үшін не жасауымыз керек деген сұраққа жауап беріңдерші?
Оларды қорғауымыз керек;
Оларға ұя жасау керек;
Тамақ беруіміз керек;
Зиянкестерден сақтауымыз керек;
Қорытындылау: Балалар біз бүгін құстардың тіршілігімен таныстық, енді құстарға қамқор болу мақсатында оларды тамақтандырайық.
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Баяндама:
Тақырыбы: «Асық –қазақ халқының ойындарының бірі»
Тәрбиеші: Бақтығалиева М.Е
2020ж
Бекітемін: Тексерілді:
Меңгеруші:________Ф.Ф.Акимгалиева Әдіскер: _______Г.А.Таменова
Мақсаты:Асық ойыны арқылы өсіп келе жатқан баланың дене күшін арттыру,
қолын қатайту, денесін шындау. Көзінің қырағылығын жетілдіру, зеректілігін, тапқырлығын, ынталылығын арттыру, баланың ұйымдастырушылық дағдысын қалыптастырып шыңдау. Ұлттық ойының тәрбиелік мәні арқылы баланың дене бітімінің әсем, сымбатты болып бітуіне ықпал жасау.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы»,- деп ел келешегіне үміт артады.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың өнеге-өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Осындай тәрбиенің бірі әрі бірегейі болып табылатын құндылықтарымыздың бірі – ұлттық ойын түрлері.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал өсіруге негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген: тоғызқұмалақ, ләнгі, асық т.б. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.
Асық – төрт түлік малдың ішінде қой – ешкінің тілерсегінде, асық жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйкі, бүк, ішік деп, ал атуға арналған асық сақа деп аталады. Асық ойыны мектепалды жастағы балаларға ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Асық ойыны балаларды мергендікке, ептілікке, баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді.
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, бала жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы ғана емес, сонымен қатар ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, саусақтары, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Кем екі баладан бастап қанша бала ойнаса да, үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен құрдас бір-біріне бәсекелесіп ойнаса да әбден болады.
Жүгіреді, секіреді, көздейді, тигізеді, жеңеді, жеңіледі, ұтады, ұтылады. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Ұлттық ойын.
Ұлттық тәрбие. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Асық ойынының еңбектенген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері бар. Асық ойнау, біріншіден денені шынықтырады, екіншіден адамға барлық дене құрылысының дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
Асық ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Сондай-ақ баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа, достық қарым қатынасқа тәрбиелейді.
Тарихын, жүріс тәсілдерін меңгереді;
Ойлау қабілетін арттырады;
Ойынды ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырады;
Өз ойындарына талдау жасайды.
Халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту;
Ұлттық, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру;
Ойын ережесін сақтай білуге үйрету;
Ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт-бағдар беру.
Асықтың түрлері
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асық.
Шүкейт – жас малдың асығы.
Қойлық – қойдың асығы.
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа – құлжаның асығы.
Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай – сиырдың асығы.
Жабай – ірі асық.
Қолқар –арқардың асығы.
Асықтың атаулары:
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы, яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағынан жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай –асықтың омпаға қарсы жағынан тік түсуі.
Көн киіз – асықтың «тақта» ойыны барысында қолданылатын жұқа әрі икемді, асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты елу де елу, сексен де сексен, жүз де жүз см көлемінде болады.
Көн киізді дөңгелек шеңбер түрінде қолдануға болады. Ондай жағдайда көн
киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.
Асық ойыны – тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында бала қарсыласының қандай ойыншы екендігін дұрыс анықтауға ерекше мән береді, оның күш-қабілетін тура бағалау ережесіне ереді. Ойыншы бәсекесі мол қарым-қатынастың тәртібіне жүгінеді. Әр ойынның өз тәртібі, тәсілі, тәжірибесін білген бала тезірек қалыптасады, жан-жақты жетіледі. Асық ойыны – баланың қабілет-қасиетін ширататын жүйелі іс-әрекеттің көрінісі. Осындай белсенділікке қазақтың балалары ерте араласқан. Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа-әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр-түсі әр түрлі болып шыға келеді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі-үш жасында-ақ еркін ажыратады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімділігін арттырады.
Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан-ақ қалыптасқан. Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық. Асық ойындары – қимыл-қозғалысқа құрылған ойындар. Асық ойындарының әліппесі саналатын «Төрт асық» ойыны балалардың жас кезінде, енді-енді қимыл-қозғалысы көбейіп келе жатқанда ойналады. Әсіресе ыстық кезде бала аздау қимылдасын деген ниетте дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін арттырады.
«Төрт асық» деген ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт-бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді.
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Спорттық ойын:
« Ынтымақты балдырғанбыз,
бірлігіміз жарасқан»
Тәрбиеші: Бақтығалиева М.Е
2020ж
Бекітемін: Тексерілді:
Меңгеруші:________Ф.Ф.Акимгалиева Әдіскер: _______Г.А.Таменова
Мақсаты: Жас ұрпақты халқына қалаулы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.Ептілікке, шапшандылыққа баулу.
Жүргізуші: Балалар сіздерді спорт алаңына жинаймыз. Бәріңізге спорт және денсаулық мерекесін сыйлаймыз. Шақырамыз бәріңізді, келіңіздер, қызық думан көріңіздер.
Марш сазымен балалар спорт залға кіріп, бір қатарға тізіліп тұрады.
Балалар: Дене шынықтыру керек бәрімізге,
Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру‑сырқауды жолатпайды тәнімізге.
1. «Кім жылдам»‑ эстафетасы
Балалар жарты шеңбер доға астынан өту жарысына қатысып, өз ептіліктерін шапшаңдықтарын танытады.
2.«Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
3. «Жүйрік ат»‑ эстафетасы
Балалар допты тақымға қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
4. «Шебер» эстафетасы
Команда капитандары ойынды бастауға берілген белгі бойынша шеңберге жүгіріп жетіп, шеңбер ішіндегі допты алып, өз командасының ойыншысына жеткізеді. Ол ойыншы допты қайтып шеңбер ішіне апарып қояды. Қай команда тез аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Тәрбиелік шара:
«Мен ғарышкер боламын»
Тәрбиеші: Бақтығалиева М.Е
2020ж
Бекітемін: Тексерілді:
Меңгеруші:________Ф.Ф.Акимгалиева Әдіскер: _______Г.А.Таменова
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Жылулық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос.
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?
Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.
-Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).
Жұлдыз: -менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.
Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.
1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.
1.Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанға қараймын,
Ғарышкер боламын. (Алихан)
2.Мақтанышы даламның,
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Жерден ұшады. (Ғ.Мөлдір)
5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
«Тоқтар Әубәкіров»
Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың
Ғарышкері атандың.
-Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
-Балалар, кәне бойымызды жазып ән шырқап алайық.
Сергіту сәтіне ән: «Мен ғарышкер боламын»
Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: Балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.
Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.
Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?
Тәрбиеші: Қорытындылау..
-Балалар бүгінгі күн қалай аталады? Ғарышкер
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?Жер
-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?Ит
Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі «Мен ғарышкер боламын» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.Жақсы қатыстыңдар.
«Жаңақала ауылдық округінің
«Балбөбек» бөбекжайы» МҚМК
Тәрбиелік шара:
«Дәрумендер досымыз»
Тәрбиеші: Бақтығалиева М.Е
2020ж
Бекітемін: Тексерілді:
Меңгеруші:________Ф.Ф.Акимгалиева Әдіскер: _______Г.А.Таменова
Мақсаты: Балалар дәрмендер туралы түсінік беру. Жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. Алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, тәсілдерін үйрету жалғастыру.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз дәрумендер танысатын боламыз. Дәрумендер біздің ағзамыз үшін өте пайдалы ..
Балалар көкіністер мен жеміс-жидетер дәруменге өте бай. Алма, алмұрт, шие де С дәрумендері кездеседі және темір кездеседі. Темір адам ағзасына өте қажет зат. Сәбіз өте пайдалы сәбіз көп жеген адамның көзі өте жақсы көреді екен.
Көкіністе мен жеміс жидектерді көп пайдаланған адам арушаң болмайды. Себебі оларды неше түрлі дәрумендер кездеседі.
Ғажайып сәт.
Қонаққа Медбике келеді.
-Сәлеметсіздерме балалар.
Балалар : Сәлеметсізбе!
Медбике :Балаларға дәрумендер туралы әңгімелейді. Балалар көкіністер мен жеміс-жидетер дәруменге өте бай. Алма, алмұрт, шие де С дәрумендері кездеседі және темір кездеседі. Темір адам ағзасына өте қажет зат. Сәбіз өте пайдалы сәбіз көп жеген адамның көзі өте жақсы көреді екен.
Көкіністе мен жеміс жидектерді көп пайдаланған адам арушаң болмайды. Себебі оларды неше түрлі дәрумендер кездеседі.
Ойын: «Жемістерді құрастыр»
Шарты: балаларға қиылған көкіністермен жемістер берледі. Балалар қиындыларды құрастырулары қажет.
Ойын: «Дәміне қарай ажырат»
Шарты: Балалар жемістер мен көкіністерді дәміне қарай ажырату қажет.
Сергіту сәті:
Шиемін, мен шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін
«Шырындар»-дәрумендерге бай, адам ағзасына өте пайдалы. Балаларға және үлкендерге де мүмкіндгінше шырынды күнделікті ішуге болады. Шырындар мен сусындар- дәрумендерге толы. Адам ағзасына пайдалы.Жеміс-жидектерді,дәрумендерді жеместен бұрын жақсылап жуумыз керек.
Балалар дәрумендер, көкіністер мен жеміс жидектер, олардағы адамдар ағзасына пайдасы туралы түсініктер алады.
Балалар ойын шарты бойынша орындайды, жеміс-жидектерді атау қажет.
Тәрбиеші : Балалар бүгін біз дәрмендер мен жеміс-жидектермен таныстық.
Жарайсыңдар бүгінгі «Дәрумен досымыз» атты шарамыз аяқталды. Рахмет көп-көп.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген