Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама:Болашақ-білімділер қолында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ жастарға отансүйгіштікке тəрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА


Мақсаты: Болашақ жастарды Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Әдісі: «Болашақ – жастар қолында» туралы алғы сөз, пікір – сайыс, әнұран.

Көрнекілігі: Плакатпен безендіру, ілінген шарлар.

Түрі: Ашық тәрбие сабағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті.


Барысы:


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, ұлағатты ұстаздар мен құрметті оқушылар! Бүгін біз «Болашақ – білімді жастар қолында» деген тақырыпта тәрбие сабақ өткізгелі отырмыз. Сабағымызды ашық деп жариялаймын. Енді сөз кезегін жүргізушілерге беремін.


1-жүргізуші: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.


2-жүргізуші: Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, - деп бекерден – бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.


1-жүргізуші: Бізде жастайынан жалындап шыққан мақтан тұтар аға - әпкелеріміз жетерлік. Мысалға алар болсақ, жасындай жарқылдап өткен Шоқан Уәлиханов бүкіл Еуропа назар аударып отырған Қашқар қақпасының ар жағын әлемге паш еткен еді.

Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк әпкелеріміз де жас емес пе еді?! 15 минут ішінде халық тағдыры шешілген мәжіліс шешімі қазақ КСР Компартия басшылығы өзгерген тұста да халық намысын ту етіп алаңға шыққан жастар еді.


2-жүргізуші: Әрине, тізбелей берсек жастар жастар жайлы келтірер мысалдар жеткілікті, бірақ бұл тек құр сөз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да біз өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді ойлануымыз қажет. Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында.

Ал балалар, сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Ортаға салайық.

1-оқушы: Мен болашақта мұғалім болғым келеді. Өйткені елдің болашағы, оның өркендеуі үшін ең алдымен білім қажет. Ал білімнің бастауы, тұтқасы иұғалім.


2-оқушы: Банкир болғым келеді. Өйткені дамыған бай мемлекет болу үшін қаржы бірінші мәселе болып табылады. Банклік қызметте жаңа өзгертулер енгізіп, тың ұсыныстар кіргізсем деймін.


3 – оқушы: Дәрігер болсам деймін. Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі үшін дені сау азаматтар жұмыс істеу керек. Елдің болашағы сондықтан дәрігерлердің қолында. Елім үшін еңбек етер білікті дәрігер болғым келеді.


4 – оқушы: Ал мен болсам әнші болғым келеді. Қазақтың ұлттық әндерін дүниежүзіне таратып, Қазақстанды бүкіл елге паш етсем. Қай ел болмасын мәдениетінің асқақтығымен танылады. Сондықтан қазақ дәстүрін ән әуезі арқылы бүкіл дүниеге таратсам деп армандаймын.

Ән:

1 – жүргізуші: Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.


2-жүргізуші: Жас қырандар балапан,

Жанып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін.


5 – оқушы: Мен болашақта әскери қызметкер болғым келеді. Олар елдің қорғаны. Іргесі берік елден қашанда жау тайсалған. Бабаларымдай жерімізді сырт көзден қорғар қайсар азамат болам деймін.


6 – оқушы: Мен суретші болғым келеді. Әдемі бояулармен елімнің тарихын, салт – дәстүрін, мәдениетін бейнелеп, әлемге танытсам деймін.

Би:

2-жүргізуші:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға.

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін, - дегендей енді пікір сайысымызды бастайық.

1 – сұрақ: Қазақстанды 2030 жылы қалай елестетесің?

2 – сұрақ: Қазақстанды гүлдендірудегі өз үлесің.


1-жүргізуші: Біздің жастарымыздың болашаққа деген сенімі зор. Енді жастардың осы жөнінде жазған шығармаларын тыңдап көрелік.


Оқушы шығармалары тыңдалады.

2-жүргізуші:

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттен таза жүректер.

Қасиетті тілектер

Мен жастарға сенгемін.


1-жүргізуші:

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін.


Мұғалім: Менің жастарға айтарым, мемлекет және өздеріңнің ата – аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар. Жұмыс істеуді үйренейік. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел – болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12