400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

(баяндама"Физика сабағын өткізудегі педагогикалық теория мен тәжірибеге дейін")

Материал туралы қысқаша түсінік
Модуьдік оқту технологиясын физика пәніне қолданудың тиімді жақтарын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МДШО Қаратал орта мектебі

Рақымбекқызы Назигүл

Физика пәні мұғалімі


Физика сабағын өткізудегі педагогикалық теория мен тәжірибеге дейін

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
       ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

  • Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау

  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру

  • Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру

  • Оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды (электрондық оқулық, слайд, интерактивті тақтамен, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойылады.

Білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,өзіндік ой талғамы бар,қабылетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау саналарын жетілдіріп,өз алған білімдерін іс жүзімен ұштастыра алуға жол ашу.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытыудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материялдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты төрт бөліктен тұрады. Олар:

1 Мақсаттылық компониентті-модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «Түйіні » болып саналады.

2 Мазмұндық компаненті-гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін-термидерден,ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы.мәтіндерді қазақ,орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдармен медиаобьектілерімен толықтырылған;

3 Оперциялық компаниеті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

4 Нәтижелік бақылау компаниеті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық оқулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар .

Тест соңында оқыушылар өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көрсете алады және бағасын да көреді.Білім беруде «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді.Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендірілген.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, есеп шығару үлгілерімен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығында да өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-диспелей экраныныда көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі,көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап,игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр,осы сәтте ең керекті деген материялды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясына іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабылетін қалыптыстырады, модульдерде берілген алгоритім оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін береді мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып белсенділігі арта бастайды электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потнециялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Физиканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп лабороторясының көмегінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірбиелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен слайд немесе сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдана отырып көруге болады.

Әрбір мұғалымның негізгі мақсаты- сабақ сапасын көтеру,оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру,олардың ізденуін,таным қалыптастыру.осы мақсатта физика пәнін әр түрлі әдістермен жүргізуге болады.қазіргі сабақтың лекция,баспасөз конференциясы,семинар,санақ,жарыс сабақ,ойын сабағы т.б. сабақ түрлерін кеңінен пайдалануға болады.

Модуьдік оқту технологиясы

«технология» ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады.

Технология сөзі-өнер,шығармашылық,ілім-деген мағынаны білдіреді.

Бұл оқту технологиясын физика пәнінің әр бөліміне ,әр тарауына қолдануға болады.

Мұғалім қызыметі төмендегіше құрылады:

1.балаларды оқу мақсатымен таныстыру.

2.сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.

3.Мұғалымның оқу материалын қысқаша байандау(тірек сехма,сызба,кесте,техникалық құралдар т.б)

4.өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызыметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызымет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

5.Жалпы тақырыпқа ,тарауға «өсу»бағыты мен 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып үйрену.

6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

7.Тақырып бойынша қалыпты «релелік»сынақ (немесе тест,бақылау жұмысы) жүргізу.

Модульдік оқту технологиясы үш құрлымды бөліктен тұрады:

1.Кіріспеден

2.Сөйлесу бөлімінен.

3.Қортынды бөлімнен.

Технологияның бұл нұсқасы модулдік сипатта(Модуль дегеніміз-қандайда бір жүйенің,ұғымның анықталатын,біршама дербес бөлігі).(С.И.Ожегов).

Кірспе бөлімінде –мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша сызба,кесте,плакат,көрнекі құралдар және т.б.белгілік үлгілерде сүйене отырып түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде –танымдық процесс сыныпты 2-6адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Қортынды бөлімінде оқушылар жинақтаған білімдерін қорта келіп,шығармашылық тұрғыда оқушы зерттеу жұмысын өз бетімен орындауға дағдыланды,сөйтіп оқушы іздену арқылы белгілі бір жетістікке жетеді.Нәтижесінде ерекше қабілетті тұлғалар анықталады.

Әрбір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына,тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Ең тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.оқу модулінің ерекшелігі-жалпы сағат санына қарамастан ,кірспе бөліміне сабақтың 1-2 сағаты,қортынды бөліміне 2-3 сағаты бөлінеді.қалғат уақыт сөйлесу бөліміне кетеді.оқу модулінің сөйлесу бөліміне мұғалім үш деңгейлік тапсырма береді.

І деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағыттылуы керек.

II-III деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемілекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.

Қорта келе айтарым, «Жаман мұғалім білімді өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасап, оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады» деп бекер айтпаған. Ал жақсы мұғалім болу үшін басты ұстаным - әдебиет. « мұғалім-өзінің білімін көтеріп отрғанда ғана мұғалім, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігіде жойылады» деп Ушинский айтқандай, оқтудың жаңа технологиясын игеру үшін үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп отрған ұстаз, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен натижелерге қол жеткізері қақ.

Мен төменде модульдік оқту бойынша 8-сынып физика пәнінің V тарау Электр тоғы туралы тараудың жоспарын таныстырып кетейін

Физика пәні үшін әрқашанда сабақтың барлығы дерліктей өмірмен байланысып жатады.Әрдайым теориямен тәжірибені ұқштастырып қарау керек.Мен 8 сынып физикасы бойынша электр тогы және электр тізбегі тарауын түсіндіру барысындағы өз тәжірибелерімді бөлісейін.

Орта мектеп оқушыларына «Ток» деген нәрсе бейтаныс емес,бірақ ол адамға сырлы болып сезіледі.Оқушылардың токты бастап үйренген кезінде-ақ олардың токтан түршігу және сырлы деп қарайтын сезімнен арылту үшін,бір жағынан, «электр тізбек тақтасының» суретін тараудың алдына қойып «электр және магнит» деген сабақты түсіндіріп,.енді бір жағынан,қосымша текст қолданылады,оның мақсаты оқушылардың төңірегіндегі электр дүниесін бақылауға назар аудару.сонымен бірге оқушылар оңай түсінетін «барлық күрделі нәрсе түгел ең қарапайымдылықтан құралады» деген принсипке сай,оларға тек бір ең қарапайым,негіз деген «токтен» бастап үйреніп,оның заңдылығын игерсек, «ток» бізге оншалықты сырлы әрі оншалықты қорқынышты болмайтындығын оларға сездіріп,сол арқылы оқушыларға токты меңгеруге болатындығын ұғындыру,сондай-ақ токтың сырына ізденіс жасау әуесін онан ары арттыру.

Бұл тараудың мазмұны «электр тогы және электр тізбегі», «тізбектеп жалғау және параллель жалғау», «электр тогының күшті-әлсіздігі», «тізбектеп және параллель жалғанған тізбектегі токтың заңдылығына ізденіс жасау», «Семьядағы электр тізбегінен» құралады.бұл мазмұндар электр ілімінің ұғымдары мен заңдылықтарын үйренудің негізі,ол тұрмыста қолданылатындықтан,білім мен шеберлікті сөйлеу мен бірге,барыс және әдісті үйренуді баса дәрптеу керек.мысалы, «тізбектей және параллель жалғанған тізбектегі токты заңдылығына ізденіс жасауды» жобалаудың мақсаты:білімнің қортындысын барынша дәріптеп оқушылардың барысты басынан өткізуге немқұрайлы қараудан сақтану;оқушыларды ерікті түрде білім қабылдаудан міндетті түрде білім алуға ойыстыру.мұнда ғылыми ізденіс жасаудың әрқайсы негізгі факторларын оқушыларға ашып көрсету,оқушыларды ғылыми қызыметкерлердің ғылыми ізденс жасауына ұқсайтын барысты басынан өткеріп,ғылыми ізденс жасаудың ғылыми идеямен рухты түсінуіне мүмкіндік жасау,оқулықты тұрмыстық қолдануға барынша байланыстыру,оқушыларға бұл білімдер олардың тұрмысымен тығыз байланысатын,әрі өте қажетті болатынын ұғындыру, «тұрмыстан физикаға бет алуды» нағыз орындау.көбірек кірісіп істеуді дәрптеу,практика жасау орайын арттыру,мысалы,қазіргі оқулықтағыдай алдымен үйкеліс арқылы электр тогын қалыптастырудағы заряд,электр өлшемі,баянды ток секілді ұғымдарды ортаға қоймау,қайта қолданылмалы тұрғыдан тізбек тұйықталғанда ғана,тізбекте электр тогы болатындығын дәріптеу.

«электр тогы және электр тізбегіндегі» негізгі ұғыммен оларды электр тізбегіндегі негізгі заңдылығы осы тараудың ұйтқысы,оқушылар тізбектеп және параллель жалғанған электр тізбегін зерттеу және бірспара негізгі өлшеу жұргізу арқылы олардың ғылыми ізденс жасаудың барысын басынан өткізіп, ғылыми зерттеулердің әдістерін алғашқы адымда ұғындыру.электр тогы мен электр тізбегі ұгымның негізінде,үйдегі электр тізбегін үйрену арқылы оқушыларға электр тогы мен электр тізбегі білімін қолдануды ұғындырумен бір уақытта,олар токтен қауіпсіз пайдалану тәрбиесіне де ие болады.

Модуль құрылымымен таныстыру


Модуль

құрылымы

Сабақ

Реті

Сабақ мазмұны

Уақыты

Кіріспе бөлімі

1

1.Модульге кіру

2. Дәріс беру

Тірек конспектімен,

дәптермен жұмыс

10 мин

20 мин

15 мин

Сөйлесу бөлімі

2

3

4

Рольдік ойын

карточкамен жұмыс

сынақ тест

45 мин

45 мин

45 мин

Қорытынды

5


Зертханалық жұмыс


45 мин



Мен «Электр қыздырғыш құралдар.қыздыру шамдары және балқымалы сақтандырғыштар»атты сабағымды 8 сыныпта өткізу арқылы оқушыларға токтарды жалғауды және жалпы тарауды түсіндіре алдым.Осы ток және электр тогы тарауын өту барысында оқушылыр теориясы арқылы тарауды түсінсе, практика арқылы жалпы тарауды қортындылап физика пәні мен тұрмыстық техниканың тығыз байланысын түсінді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі